Қар торғай бастанып жауып тұр, кіршіксіз ақ ұлпа, қалықтап балаша мәз болып, көктен түсіп келе жатыр, мамық түйіршіктің алды күстәнә табандардың астына мыжылды, соңғысы оны көре тура солай құлдауда….
Ұшқын қарызға алған мәшинәсімен, бір байдың қызының атындағы ерен базарға (супер мәркетқә) барып тоқтады, әйелі екеуі жыл бойы ауыздарынан жырып, түсте ас ішпей, кеште түлкі құрсақ жатып жинаған ақшаларына кәнігі байлар сияқты неше түрлі тағамдар және ащы су мен тәтті судың түр-түрін алды, көлігінің артқы жүк салғыш сандығы лық толы. Мұхиттың аржағында мусорда қалған ескі көлік көк түтінін атып зорға оталды.
Таң атқанша қуаныштан шыдамы таусылды, келер күнді сағынды, ұйқысы келер емес, бала кезі есіне түсті, егемендік алған сол жылдар шешесі қолынан жетектеп балабақшаға апарған, жұрт кедейліктің қамытын мықтап киген сол кездің өзінде, жаңа жылды асқан шат көңілмен тойлайтын, бүкіл қоғам желтөқсән айы туғаннан басқаша қуанып, көрпәтивтік бас қосу, туыстық дастархан, т.б. деп тойлауды бастап кетеді. Бұлардың бала бақшаның қақпасының сыртында әлем-жәлем шырша, оған ілінген сан мың түрлі сылдырмақ, шарлар күлміңдеп, жанында қолдан жасалған жалған тайпақ оыс шал, жас қазақ қызын қолтықтап ән салып тұратын. Қазақтың қызын орыстар қолтықтаса болады екен-ғой деп риясыз сәби көңіліне сол кезде қалыптасқан, бақшаның іші тіл жетпес сан мың әлем, күлекештенетін мың сан қуыршақ пен сайқы мазақ әйкелдерге толып, үлкен бөлменің қақ төрінде даладағыдан басқаша жасыл шырша жанып-өшіп көз қысып, құшағына шақыратыны әлі көзі алдында, бұлар бақыттан балқып, шыршаны айланып бірін-бірі тоқтаусыз қуалай беретін, қуып жеткендерді сүйістіретін, тәрбиешілері шапалақ соғып қолпаштап, ала бөртіп тұратын сондағы мерекелік көңіл-күй діліне мықтап сіңген. Ақ мұртты, қызыл сақалды орыс шалы мен қазақттың тірі қызы қоржындарына қол салып, орысша тақпақ айтқан балаға не ілінсе соны талғамай бере беретін, сонда Ұшқынның қолына бір жалған сәбіз тиіп еді, аузына салғанда пыласымас екен, артынша өзінің орысша тақпақты жақсы айта алмағанын ойлап, орыс шалды жек көрген жоқ. Міне содан қалыптасқан жаңа жыл әліге бұның үйінде тойланып келеді, одан үлкен мереке жоқ бұлар үшін, таңда атты, дастарханды толтыра жайып қонақтарын күтті, бір-бір ескі көлікті тізгіндеп келіншектерін қолтықтап, қызара бөрткен жас пен жасамыстар столдың төңірегіне қонжиды. Күлкілері басында әуелеп, қалжыңдары қан жүгіртіп, бір жетісіп қалды, өз ара тост айтып, стәкән соғыстырп, шат көңілмен шарықтап, шаңарақты өз әлдерінше жырға бөледі.
Ащы суға әбден бас қойды, мас болды. Түн, аспаннан сұмдық-сұмдық қара күштер түсіп жатты, жердегілері де олардың тобын толықтырып, адамдардың көздеріне көрінбей қәскүнемдігін бастап кетті… Аталарынан көргені бойынша қолдарын жайып, сағат тілі он екіні көрсеткенде тілек айтты, далаға шықты, қытайдың салюттарын аспандата атты, тарс-тұрс, от шәшуләр толассыз атылуда, алжыған әкесі «не боп кетті, немістер кеп қалды ма?», – деп орыс-неміс соғысына қатысқан жастық шағын еске алды. Түннің соңғы бөлегі түгелдей соғысқа ұласты, достары мен төбелесіп, тісі сынды, көзі көгеріп, өзімен-өзі сөйлесіп стол басында жалғыз өзі сұлап жатты, оның жиркенішті тәнін тастап, жаны үй төбесіндегі ләмпөшкәғә жабысты, өлі дене жатыр, сәби кезіндегі көз алдынан өткен барлық өмірі, осылай аяқталатын сияқты болатын, түсінде иті аяғына оралып, қолын жалап, қалған мусорын жегеніне сонша қуанып, шалқалап жатып, жөнсіз еркелеп, иесіне шексіз алғыс білдірді, кәдімгі өзінің бастығына мәймөңкелегеніндей, ал мысығы «сені де жаратқан Алла, мені де жаратқан Алла»,- деп үйдегі ең жылы жерде көзін ашып, иесін жақтырмай, ала көздеп керіледі.
«Кәтөлик болып жан тапсыра ма, әлде, мұсылман болып па»,- деп жан алғыш перште Ұшқынның үйіне жақындап келе жатты. Теледидәрдә қазақ жігіті орысша сол түнгі жаңалықты зарлап айтып жатты… қалада толассыз төбелестер болды, адам шығыны анықталу үстінде, сансыз үй өртенді, мың саң көлік апаты тіркелді, есепсіз қыз….. елдің бір жылда жиғаны көкке ұшты…..


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here