Notice: compact(): Undefined variable: context in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3390

Notice: compact(): Undefined variable: file in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3390

Notice: compact(): Undefined variable: post_mime_type in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3390

Notice: compact(): Undefined variable: ID in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3390

Notice: compact(): Undefined variable: filter in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3390

Әйкен Асанова
Әйкен Асанова туралы жазылған деректерді беруші Асан Жұмаділдин «Жаңаарқа» дерекнама кітабында «Алғабас колхозының Ақтаудағы бөлімшесінде туған»десе Ібрахым Ісләмұлы,Жомарт Қызбалаұлы және Мақсат Әнуарұлының «Ақтауым-атамекенім» деген кітабында «Ақтау аулында туған» деп көрсетілген.1964 жылы Ақтау өз алдына кеңшар болғаннан бастап туғандар Ақтау ауылында туды десе жөн болар еді.Бұл өңірде кезінде Өркендеу,Атасу,Сарыөзек,Алғабас,Жаңаталап,Күзембай және Ленин атындағы тағы да басқа колхоздардың мал фермалары болған,колхоздар іріленгенде Киров колхозының фермасын Қорған,ал Алғабастың фермасын Ақтау деп деп атаған,бұл мұрағаттық құжат бойынша,1966 жылы Ақтау кеңшарына берілгенге дейін солай болған. «Ақтауым-атамекенім» кітабындағы Әйкен апаның туған жері бұрмаланған,қазақ мұндайды «Қарына тартпағанның қары сынсын» дейтін болған.Осы кітапта Әйкен Ынтымақ орта мектебін бітірген дегеніне сүйенсек,бұл 1964,1965 жылдарға келеді. «Атыңнан айналдым Жаңаарқа» деген жинақты құрастырып,өмірбаяндық деректер мен түсініктер жазған Ібрахым (Жақан) Ісләмұлы мен Жомарт Қызбалаұлы Оспановтың «Болашақ» баспасынан шыққан кітабында «1947 жылы туған,Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдағы Ынтымақ орта мектебін бітірген»деп жазылған.
Ынтымақ аулында тұрмысқа шығып,өмірге алты бала әкеліп,апамыз қазірде «алтын құрсақты ана» атанып отыр.Зейнеткерлікке шыққанға дейін Жаңаарқа ауданының тұрмыс қажетін өтеу комбинатының Сәкен Сейфуллин атындағы кеңшарындағы филиалының меңгерушісі болып қызмет атқарған.Жоғарыда аталған кітаптың екеуінде де Әйкен апамыздың өлең-жырларына байланысты айтқан ойлары бір-бірінің көшірмесіндей болып былай баяндалған: Нәзік сезімнің,аналық ақ жүректің белгісіндей,жылы шуаққа,пәк пейілге толы кестелі өлең-жырлары мерзімді баспасөз беттерінде көптеп жарық көрген,оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген.Өлеңдері «Атыңнан айналдым Жаңаарқам», «Кеңгірдің кербез толқындар» жыр жинақтарына енген. Сәкен ауылынан шыққан «көп балалы ақын ана» деп аяқталған. Ауыл және ауыл көлеміндегі қоғамдық-мәдени іс-шаралардың ешқайсысынан тыс қалған емес.
Өз қолынан жазған өмір дерегіне сүйене отырып,мектеп ұжымының жинақтаған материалынан үзінді келтірсем: «Асанова Әйкен Жаңаарқа ауданындағы Ақтаудың Алғабас деген жерінде 1947 жылы дүниеге келген ұрпақ.Руы- Алтай Сайдалы-Олжа-Мәмбет.Аудандағы кешкі мектепті бітіріп,Сәкен ауылында тұрмыс қажетін өтеу үшін комбинаттың меңгерушісі қызметін атқарады.Әкесі Сағынтай көп жылдар Ақтау жерінде еңбек атқарған,сөзге шешен,суырып салма айтыскер,өлең шығаратын адам.Ал,Әйкеннің туған ағасы Марал Хасенов Қазақстанның Жазушылар одағының мүшесі,журналист.Сондықтан болар осындайотбасылық «әдебиет өлкесінде» өскен Әйкен апамыздың да ақ жүрегінен құйылған нәзік сезімді,жанға шуақты,пәк көңілге толы өлең-жырлары кезінде баспасөзде,аудандық,облыстық газеттерде жарық көріп,оқырмандар ықыласына бөленген топтама өлеңдері «Атыңнан айналайын,Жаңаарқам» жыр кітабына енді.Әйкен апа 2010 жылы Елбасы жарлығымен «Күміс алқа» медалімен марапатталған.Қазіргі уақытта он төрт немере сүйіп отыр.Ақын ананың жоғарыда аталып өткен жинаққа кірген өлеңдерін ұсынсам артық болмас.Ірі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің ауылына,жайлауына арнап жазылған «Иманақ» атты өлеңінен:
Иманақ
Иманағым,қасиетті тауым бар,
Мені басар барғанымда бауырыма
Сағынышым аялайды,толқимын,
Анда-санда келгенде мен ауылға.
Сағым болып жылдар алға көше ме
Сан сұрақты тағдыр өзі шеше ме
Мынау сүрлеу әкем аңнан келетін
Сырқы үйде анам жүрген кеше де.
Иманағым алтын ұя мекенім,
Қанаттаным,арманыма жетемін
Өзіңде өсіп,білім алған соң орда,
Басымды иіп,құрметтеп өтермін.
Содан бері сан түлекті ұшырып,
Бала шақты тұрсың еске түсіріп.
Өзің мен қостық өнер жолында
Ақын Сәкен домбырасын ұсынып.

Ардагерлерге арнау
Сұм соғыстың бастан кешкен дауылын,
Сұрапыл күн көріп келген ауырын
Бейбіт күнде асқар таудай құрметті
Ардақтаймыз ардагерлер қауымын
Бейбітшілік,нұр тіршілік,ғажап күн,
Жеңіс мәңгі орнағалы азатпын.
Намыс үшін кешегі қан майданда,
Күрескендер батырлығын қазақтың.
Үзілмейді үміттер мен арман-ай,
Өмірлерді өмірлермен жалғаған.
Ұрпақ үшін оққа төсеп кеудесін,
Осы әкелер-болашақты қорғаған.
Осы әкелер-от жалынды өткізген,
Бұғақталып жау тізесін бүктірген.
Қан майданда қазақ болған боздақтың,
Аманатын туған жерге жеткізген.
Осы әкелер ел сенімін ақтаған,
Жауды жеңіп,фашист туын таптаған.
Туған жердің топырағын бір шөкім,
Тұмар етіп,көкірегінде сақтаған.
Осы әкелер-қиындықты өткерген,
Сүрінбеген өмір сынды өткелден.
Майданда өлген ауылдастың баласын,
Жетімдігін сездірмеген,жеткерген.
Осы әкелер- бар бақытқа жолды ашқан,
Жер құлпырып,бейбіт өмір жалғасқан.
Ауылдағы қарт пен бала бейнетін,
Осы әкелер сыңар қолмен қолдасқан.
Бейбітшлік-жер әлемде бар арман,
Қиындықтан,жан қиюдан жаралған.
Осы-әкелер сағыныш боп еліне,
Жеңіс болып,Бақыт болып оралған!


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here