1. Дара тұлға
    Ұрпаққа үлгі атамыз: Нұркен Әлмағанбетов
    «Сен 17-20 жылдары саған бостандық алып берген біздің әкелерімізге таң қалған едің.Бүгін бізге сен таң қалмайсың.Біз бейбітшілік уақытта керемет істер істедік.Бізге бүкіл дүние таң қалды,бізді әңгіме қылды.Бізді жаңа дүниенің жас құрушылары деп санады.Біз дүние жүзінің жастарының алдыңғы қатарында болдық.Бүгін бұл жастар майданның орталық соғыс театрында гастроль беруде.Бұл жастар Отан соғысының көрнекті актерлеріне айналды.Сен сонда мақтан!Менің ұлдарым дүние жүзіндегі батырлардың батырлары деп!Біз мұны ақтаймыз.Сен сонда біз үшін жылама,берік,тәкаппар бол,кеудеңді жоғарыға сал»-деп кешегі өткен бабамыз Баубек Бұлқышев «Заман бізідкі» кітабында жазған екен.
    Ұлы Отан соғысы төрінде азаттықтың ақ таңын аңсап,жаумен күрескен,кеуделерін оққа тосып,қан майданның алапат өртінде «елім,жерім»-деп оққа ұшқан ұлы ата-бабаларымызға тағзым етемін!
    Иә,олар еліміздің жарқын болашағы үшін қан майданның өтінде жалынды жастық шақтарын қиып,аламан бәйгеге түскендей Отан үшін от кешкендер,жандарының үштен бір бөлігін қиған ұлы біздің аталарымызға мың алғыс!Бейбітшіліктің көк туын желбіретіп,тәуелсіздіктің иісін аңқытқан,еркіндіктің еркелігін алып берген аға-аталарымыздың жандары жәнатта болсын!
    1942 жылғы қанды соғыстың қызыл өртінде талай ата-ағаларымыз болды.Солардың ішінде,менің көрші атам Әлмағанбетов Нұркен де болған.1925жылы Жаңаарқа ауданын да туылған.О.Жұмабеков атындағы мектепті тәмамдаған.Атамның мектеп бітірген кездегі тұспа-тұс келген сойқын соғыс атамды да 1943 жылы өз қатарына ұлы айбынды жауынгер етіп алады.Нұркен атамыз қызыл өрттің ішінде 127 атқыштар дивизиясының зенитші ротасында пулемет бағдарлаушысы болады.Атамыздың ерлік істерін өз балаларынан сұрағанымда: «Әкемізді көзіміз көрмеді.Дегенмен де шешемізден,ауыл адамдарынан естуші едік.Сондай сабырлы кісі болған.Бірде әкеміз анамызға «мен Отан үшін,ертеңгі болашақ ұрпақ үшін жауға қарсы аттанамын.-деген екен.Сондағы көрдің бе?Әкеміздің өз жүрегін Отаны үшін жауға қарсы жұлып беруге дайын тұрғанын.Біз өз әкемізбен мақианып қана қоймай,ерлік істерін дәріптелгенін қалаймыз»-деген еді.Әңгімені естіндегі тұла бойым шымырлап,жүрегімнің қатты-қатты соққаны соншалықты,Отаны үшін от кешкен әрбір батыр аталарымыздың ерліктеріне бір сәтте тәнті болмасқа шарам болмады.асқа шарам болмады.
    Отанның алдында өзін күрескер айбынды жауынгер санағаны-ең патриоттық іс деп білемін.Сол себепті де атамыздың ерлік істерінің барлығын келесі ұрпаққа дәріптесек,ол кісілердің рухына тағзым еткеніміз деп білемін.
    Нұркен атам ерлігі үшін екі рет Қызыл Жұлдыз және I дәрежелі Отан соғысы орденімен бірнеше медальдармен наградталған.Соғыстан кейінгі әскери комиссариат,бөлім бастығы, аудандық партия комитетінде нұсқаушы,есеп секторының меңгерушісі болып қызмет атқарған.1969-70 жылдары Өспен савхозында,одан кейін өмірінің соңына дейін С.Сейфуллин атындағы савхоздың экономисті болып еңбек еткен. «Қазақ ССР-не еңбегі сіңген экономист» атағы беріліп,марапатталған.
    Нұркен атамыздың майданда жүріп,жазған хаттары да баршылық.Онда өзім атамыздың балаларынан сұрап алып,көзбен мүзіп,оықп шыққан әйгілі орыс жерлері мен азды-көпті көріне қоймайтын қара сия жазулар ғна көрінді.Туған елдің келешегін сақтаймыз деп аттанған ел ұлдарының тәуелсіздіктің бақыт құсын көргендегі армандары болмас,сірә-деп мен де бір мезет атамның хаттарына үңіліп отырып қалыппын.
    Мен азат елдің жарық таңының алтын нұрына шомылып,тәуелсіз елдің ұланы болып өсіп келе жатқаныма мақтанамын!

Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here