1. Таусылмас сырым-Сарыарқа!!!
    Арман Керімбайұлы Әменов
    Иманақ баурайында
    Иманақ тауының басында арқар
    секіріп,бауырында елік,марал
    жүгірген заман болған деседі…
    Басында Иманақтың бір түп емен,
    Бір төбе шектеседі жүз төбемен.
    Бұлақ жатыр төменде бұратылып,
    Бұлт орнады төбемде күлтелеген.

Құлдыраңдап лағы қасына еріп,
Қарайғаннан барады қашып елік.
Қандай өмір,соншалық қатыгездік,
Сұлулыққа қаншалық «ғашық» едік…

Тік шықпайды түтіні бар ауылдың,
Әркімнің де өзінше бар-ау мұңы…
Аянышты дегенмен елік ғұмыр,
Бар тағдыры ұшында қарауылдың.

Мысық табан,суық қол,митың жүріс,
Бір кәдеге жарайды ит жылғысы.
Ши арасы суатқа таяу маңда,
Сығалайды ызғарлы шиті ұңғысы…

Дүние тұр,орнынша ақыл-есің,
Тағдыр сыйын тартады бәсіре ғып.
Зауал тисе сұлуға туған жердің,
Кететін секілді еді тасы да еріп.

Қара жерде,болса да басында ерік,
Тартылысы тағдырдың басым келіп.
Жүрегінің шошынып дүрсілінен,
Жалтаң қағып барады,қашып елік.
***
Ғасырдан ғасыр өтіп нешелеген.
Нешелеген туыпты шешен ерен.
Көшкен қазақ секілді түйесімен,
Кешелерден қара өлең көше берген.

Өз несібем бар сынды жеке менің,
Алыс-алыс күндерге жетеле мұң…
Қара шаңын қақтырған қара жолда,
Қара өлең боламаса не етер едім?

Шоғын үрлеп жүргенде ескі үміттің,
Тауын жығып алыппыз ескіліктің.
Небір-небір сұмдыққа жеткен баста,
Ескіліктің қадірін кеш біліпті.

Назы мықты,дегенмен назы мықты,
Ғасырларда беріпті қазылықты.
Қазақтың қасиетті сыр сандығы,
Сырлы өлең шежіресі жазылыпты.

Көркің бар бір ғажайып мөлдіреген,
Ей,Өлең жылжып аққан сен бір өлең.
Сұқтанып қайта-қайта мен боламын,
Төсің төніп тұрған өндір емен…
***
Сазына жырдың елтіген түнде,
Сыр айтқан сайын сары қыз.
Мамырдың желі желпіген гүлге,
Ұқсайды-ау,ұқсар жаныңыз.

Әуезін әрлеп,күбірлеп тыңда,
Былдырлап бұлақ бал тілмен.
Тереземді кеп дүбір қаққанда,
Төсімдегі Ар күлген.

Оқып ем өлең,сазарды бұлақ,
Сағынып кеттім мен сені.
Сен жайлы талай жазармын әлі-ақ,
Көтеріп бір сәт еңсемді.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here