Сәкенге арнау
Шәкентаев Зағыпар.
Айтыңдаршы кімге обалым,
Қаным қайда төгілген.
«Ат» деген кім,атқан қайсың,
Қабірім қайда,көмілген?
Сәкен
Қабірің қайда,қабірің қайда,бауырым,
Қасіреттің бұдан естіген жоқпын ауырын.
Өрт шалған жердей өшіріп кеткен ізіңді,
Қатыгез неткен,қан құсқан сенің дәуірің.
Қабірің қайда,шарқ ұрып іздеп таппадым.
Сібірді шарлап,Тайганың төсін таптадым.
Қабіріңді көріп өлсем-ау деген үмітпен,
Білмеймін,қанша тірліктің таңы атқанын.
Білмеймін,қанша қасірет жасы төгілген,
Қабіріңді іздеп,қабырғасы елдің сөгілген.
Басыңа барып бір құран оқып қайтам деп,
Үмітін үзбей әкем де өтті өмірден.

Тұрғаның қайда,қайдасың баба,белгі бер,
Қазағың барда қа дұшпан сені өлді дер.
Сен өскен өлке,топырақ мынау киелі,
Табаның тисе,толқып бір жаным елжірер.

Ұрпағың барда белгісіз болып қалмайсың,
Бізбенен бірге тірліктің көшін жалғайсың.
Сұлулық пен сымбаттың сөзсіз символы,
Ақ сұңқар құсым,биікте мәңгі самғайсың.
Биіктік қана мәңгілік сенің тұрағың,
Ғасырдан ғасыр жалғанып жатыр жыр-әнін.
Жанына барып бір күнде менде тынамын,
Арманда кеткен,ақ сұңқар құсым,қыраным!


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here