Елді тонау, билікке жетіп қара басы үшін маңайын, әділдікті, білімдіні тырп еткізбеудің амалы бізде кеңестік кезден бар-тын. Сол еппен бұл саясат тәуелсіздік кезде де жалғасты. Есіңізде болар кеңес елінен қалған қанша байлық, елдің көп-көрім қоңтерлі тіршілігі шенділердің айласымен азғана жылда тып-типыл болғаны.
Қазекеңнің той десе делебесі қозатын, бәрін ұмытатын дарақылығын ерте білген шенділер 1992 жылдан бастап той-юбилей, 100-150 жылдық, тарих түгендеу, батырларға, қайраткерлерге ескерткіш белгі, музей деп миллиондаған ақшалар бөлді. Мұның 20-30 пайызы ғана той жабдығына кетіп қалғаны жергілікті аудандық, ауылдық жерден жырымдалды. Әлгі миллиондарды қымқырып дәндегендер араны ашылғаны сонша, енді той десе санын шапалақтап, ішкен асын жерге қоюды әдет қылды. Ауыл әкімінен бастап юбилей іздеп тұрды. Жүздеген қорлар ашылды. Біз мұны ойдан шығарып отырған жоқпыз. Білімділер оған шақырылған жоқ. Баяндама жасау үшін келтірілді. Қалған қонақтар, сый-сияпат, таныс іздеген сабаздар, атжарысқа жүйрік әкелгендер, палуандар, өлең жазған ақындар, айтыскерлер әр түрлі сый сияпаттар, әртістер ақшалай сыйлық, шапандар алды. Шапан кимесе де тойға барып, тоя ас ішкенін мақтан ғып жүргендерді де көрдік. Бірақ бұлар әлгі миллиондап бөлінген ақшаның жарытымсыз бөлшегі, қиындысы ғана. Сонымен той-тойлау өткенді ұмытпау үшін керекті ата салт, ұлттық дәстүр деп жүріп шекарадан асып, тоқтай алмай ең соңында тұйыққа тіреліп, той сайын жемқорлар кекіріп, арт ашылатын жағдайлар көбейгенде барып ес жидық.
1990 жылдары біз жас қаламгер едік. Ешқандай тойды, дуды қызықтап, оған баруға барымызды салып талпыныс қылмасақ да осы даңғаза әрекеттердің соңында әлдебір құйтырқы саясат тұрғанын елжанды жүрекпен ептеп сезетін ек. Бұл тойлар елдің еңсесін көтеруге қызмет етсін деп көп тілеуін біз де тіледік. Бірақ сол берері жоқ бос жиындар сынға ұшыраған кезінде әлгі әрекеттердің ең қасында далақтап біздің ақын-жазушы бауырлардың жүргені жанға бататын. Тіпті, сол юбилейдің көбі кейін жазғаны түкке аспай қалған кеңес жазушыларынан болғаны өте өкінішті жағдай.
Биылғы жылды тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп атаған екен. Әрине атап өтерлік уақыт. Бірақ оң мен солды танитын салиқалы шаралар өткізу орнына өткеннің даңғаза, шулы, елге берері жоқ құйтырқылар түсетін жолына тағы түсіп кетпесе екен біздің рухани өмірді басқарып жүрген шенділер мен шекпенді айлакер мырзалар.
<img class="j1lvzwm4" src="data:;base64,” width=”18″ height=”18″ />
 
 

Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here