Менің енженер досым
 
-Осы қазір қазақта ақын бар ма?-деп сұрайды менен инженер досым.
-Ақын көп қой,-деймін тоқмейілсіп.
-Онда маған бір-екеуін көрсетші,-дейді ол тергеуін қоймай. Сөреден Есенғалиды алып берем. Әрі қарап, бері қарап мынау мәтимәтика сияқты бірдеңе ғой,- дейді. Мен кінәлі адамша кәзіргілер осылай жазады ғой. Мынаны көр,- деймін Ұлықбектің кітәбін шығарып. Әрі-бері парақтап,
-Мынау аударма ма, жоқ өзі жазған ба?-дейді. Оның қытымырлығына ыза болып,
-Біреу жазып берді деймісің! Өзі жазған да,-деймін қитығып.
-Мұны қалай оқисыңдар. Ілгерідегі ақындар бұдан жеңіл оқылушы еді,-дейді дәп бір әдебиетті қадағалап жүрген адамша. Қарап тұрсаң Мұқағали, Қасымда бәрі ап-анық. Түсінікті. Көңілге сөзі қона кетеді. Бұлар да ақынбыз,-дейді ә!-деп қояды әйдік бір сыншыға ұқсап.
-Елдің бәрі Мұқағали деймісің. Олар ұлы ақындар.
-Енді мыналарың да осалмын деп тұрмаған сияқты ғой. Алмаған сыйлықты алыпты. Дұрыстап жазса қайтеді. Мықты деген замандастар “таяқ жеп” жатқан соң сөзге ұшырамайын деп үндемей өз кітәбім туралы жақ ашпауға тырысамын. Досым мені сынауға көшеді.
-Сенің ана бір кітәбіңнан кейін жазғаның бар ма?-деп енді маған кіріседі.
-Жоқ,-деймін қарсы сөйлеуге дайындалып.-Сен сынап тастап едің ғой. Әріп қатесі көп деп. Бірақ ойыңды айтпай бұғып қалғансың,-деймін. Ол үндемейді. Тісі батпай біраз отырып, -тарихи тақырыпқа жазсаңшы, сонда бәлкім қолың жүріп кетер,-деп жаны аши қарайды.
-Мен қолы жүрдек көп оқылатын прозашы екенімді білесің ғой. Ондай білмейтін жақта нем бар, маған осы заман да жетеді жазсам,-деп барып тоқтаймын. Оның айтқан сөзін ауыр қабылдағанымды сезіп, көзінің қиығымен қарап қойып, мені біршама тықсырып тастағанына қыбы қанады.
-Ужин болды ғой. Тамақ ішпейміз бе?-дейді дәп бір мен оның үйінде отырғандай. Көптен көріспеген екі дос тағы ұстасып қалып, тағы да араздасып кете ме деп есік көзінде екеумізді бағып тұрған әйелім.
-Тамақ дайын!-деп тық ете қалады.
Мен алға түсіп қол жуатып бөлмеген бет аламын. Екінші болуды ұнатпайтын енженер досым еріксіз менің соңымнан еріп әңгімені басқа жаққа бұруға мәжбүр болады. Оның жұмысына келгенде түк бітірмей коммерциямен айналысып жүрген тірлігіне көңілім толмай мен де іреуге кірісемін. Бұл тақырыпқа келгенде ол үндемей қалады. Енженерді тастап қара базардың саудасына қалғанына жиырма жыл. Оның ақшасы көп, екі-үш көлігі бар, жарты гектар жерде 4-5 үй орналасқан мекен жайына көшіп, әңгімені оған әкелгенше бірталай зорығып, қиналып қаламыз. Екі жаққа жалтақтап, дастарқан басында ұстасып қалар ма екен деп әйел отырады қыпылдап. Одан да аман-есен өтеміз. Кешкі тамақтан соң шылым шегіп, өткен-кеткен әңгімеге көшеміз. Бұл кез досым екеуміздің ең бейбіт, көңілді, қызықты кезіміз. Біз осылай көп жылда бір жолығатынбыз. Жолығып қонақ болуға емес, бір-бірімізбен көреместей болып кетуден қорқатын едік. Сөйтсе де арада бірнеше жыл салып келіп тұрғанда, көптен көрмеген досым келді деп кәдімгідей марқайып -ақ қалатынбыз. Енді үйге келіп тұрған досты ренжітпей шығарып салу деген тағы бар ғой. Өзі арақ та ішпейді. Ішті екен оның сөзіне де, мінезіне де шыдау мүмкін емес. Не үндемей отырып алу керек. Не тіресіп, ерегесіп, өз әдісімен ірісініп, сызданып, қақайып бағу керек. Оны түсіну қиын еді. Ол да мені түсіну қиын деп ойлайды. Бірақ мен оған қарағанда қарапайым-ақ адаммын десем де мұның кеуде керген қылығына кім шыдасын. Кім шыдасын деп алып, бірер күнге шыдауға тура келетін. Өйткені ол дос қой!
08.01.2021

Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here