«Айгөлектен» бата алғанмын…
Мен кішкентай едім…Айгөлектен қалайша бата алғанымды өзім де білмеймін.Білмес балалықтың арқасында да ма екен?!Бәлкім,Құдайдың құдіреті ме?!Мүмкін,тағдыр шығар…
Иә,мен шаңырағы айрандай ұйыған,бал-қаймағы тасыған,киелі топырақтың мекені-нағыз ауылдың қызымын.Есімім-Гүлнұр.Атам бір кездері келіні(менің анам) сияқты ақылды,сабырлы,өз ісіне жауапты,ортасында гүлдей жайнап жүрсін деген ұлы ниетпен есімімді Гүлнұр қойған екен.Әдетте,кейде ойланып қаламын.Біздің үйдің барлық адамдарының есімдері «нұр»сөзімен бітетіндіктен,менің де есімімді осылайша қойған болуы керек деп.Олай емес болып шықты.Қызық,иә?!
Кейде тағы да ойланып қаламын.Көкейімде бір ой жүреді: бәлкім менің есімім-Гүлнұр болғандықтан,жолым әрдайым ашық болатын шығар деп.Солай да шығар…
Күн шыжыған жаз еді.Есімде қандай ай екені қалмаған.Бірақ, жаз мезгілі екенін білемін.Сондай күндерде біз әдетте ауыл балалары болып,қуаласпақ,тығылыспақ,пака-пака,доппен волейбол ойыны,тіпті,кейде концертте қойып, «қыз сынын» да ойнаушы едік.Ауыл балалары үшін ең қызықты мезгіл жаз еді ғой.Бір тыным алып,жату бар ма?!Таңнан кеткеннен,кешке құлап-сүрініп,ойынның қызығына бақанымыз сонша,тіпті,кейде кештің қалай батқанын білмей қалып,анамыздан таяқтың көкесін жеуші едік.Біз ойнаған әрбір күн мен сәт өте қызықты болып өтуші еді. Кейде нағыз ауылдың қызымын деп мақтанамын.
Ауыл да кітапхана болатын.Біз оны «даланың кітапханасы»дейтінбіз.Кішкентай балалық бал сезімнің сонашлықты тәттілігі ме,солай деп атайтынбыз.Кітапханаға жазда да ағылушы едік.Әсіресе,өзге балаларды қайдам,өзім бара беретінмін.Арқама 1-2жастағы (толық жасы есімде жоқ)інімді арқалап алып,кете беретінмін.Күннің шыжып,ысығанына да қарамайтын едім.Сол кездерді қазір еске алсам,тағы да сол кезеңге оралғым келіп кетеді.Кітапханаға барып алып,түрлі ертегілер мен жаңадан келген кітаптардың барлығын оқитын едім. Алдаркөсенің қызықты хикаяларынан бастап,жаратылыстану ғылымындағы үлкен энциклопедияны да,тіпті,үстел үстінде жайылып,қаздай қатар тізіліп тұратын газет-журналдарды да қалдырмай қараушы едім.Сол кездегі мен үшін ең қызықтысы-«Айгөлек» балалар мен жасөспірімдер журналы болатын.Неге екені белгісіз,әйтеуір өзім Айгөлекті қызықтап алып,оқысам барлық жаңалық соның ішінде,әсіресе,қаланың балалары көп жазылатын,өзіміздің ауданымыздың балалары да жазылатын танымал журналдың бірі деп көретінмін.Аты да,ішіндегі заты да қызықты бұл журналдың басшысы-өзіміздің Жаңаарқа жерінің тумасы Қымбат Әбілдақызы екенін білетінмін.Адамға ең ыстығы-өз жері екен ғой.Туған жердің түтіні де ыстық деп бекер айтпаған ғой.Сол журналды кейде Қымбат Әбілдақызы мен Жаңаарқаның балаларының шығармаларын оқу үшін көретінмін.Іштей мақтан ететін едім де,Қымбат Әбілдақызының менің туған жерімнің тумасы деп.Журналдан Қымбат Әбілдақызын «апай»деп оқитын едім.Әсіресе,мынау Қазақстанның әр аймағынан жиналған балалардың жазған Қымбат ханымға алғыс хаттарынан да,түрлі шығармалары мен арнап шығарған өлеңдерінен де көріп,біліп жүретінмін.Маған бұндай сөз бұрын-соңды естіп,көрмеген сөз еді ғой.Біз жақта «апайә сөзі- «мұғалім» деп айтылатын еді.Қымбат апайға арналған ізгі тілектер мен арнау өлеңдер,тіпті,кейде ол кісіге арнап салынған балалардың суреттері де қызықтырақ болатын.Сөйтіп,не істедім?! Мен бұрын-соңды ешқандай газет-журналға жазылып не шығарма жіберіп көрмеген қыз едім.Қолтығыма қысып, «Айгөлекті» үйге ала кеттім.
Жолда келе жатып,журналдың ішін біраз ақтарып,өзіме риза болып,үйге де келдім.Сөйтіп,әлгі қызықты журналдың мұқабасына да ықзыығып,әсте, біздің ауылдың балалары үшін бұл бір уақыт алданатын ермек еді,ал,мен үшін тым бөлек әлемге ену еді.Ішінің де,сыртының да суреттері мен дизайнына қарап жатып,журналдың ең соңындағы «Айгөлектің» редакторының,бас хатшысының және Қымбат апайдың өз телефон номерін тауып алдым.Сол күннен бастап,алатын журналдың,газеттердің ең соңын қарау-мен үшін табылған ақыл болды ғой.Үйде ешкім жоқ еді.Мен және «Айгөлек» қана.Номерлерді қарап жатып,ойыма қызықты бір нәрсе жасау түсті.(Өзім сондай бір орында тұрмайтын,жүрген жерінен нәрсе тауып,өз күінмді өзім қызықты етіп жүретін қыз едім)Үйде әкемнің телефоны қалып қойғаны есіме түсіп,дереу барып,Қымбат апайға хабарласу ойыма келді.Ең қызықтысын айтайын ба?! Қымбат ханымға хабарласқанда,не айтатынымды дп білмеймін.Әйтеуір,жүгіріп барып,телефонды тауып алып,хабарласу ғана ойымда тұрды.Телефонды жалма-жан алып,номерлерді тез бірте-бірте тере бастадым.Үйдің ішінде желі нашар ұстайтын.Жалпы,ауыл ішінде барлық үйлерде де солай еді.Қазіргі таңда ғой,ауылымызға жаңадан желі орнатып,сым тартып,байланыс орнатқалы 2 жылдың қарсаңы болып қалды.Желінің нашарлығына байланысты, дала да ғана біздің белгілеп алған жеріміз бар еді.Сол жерге тұрып,қоңырау шалдым. Ендігі қызық сол кезде басталды…
Қымбат апай телефоннан маған:
-Алло,бұл кім?!-дегенде төбем көкке жетіп,қуанғанымды сөзбен айтып жеткізе алмадым.
Мен де жалма-жан:
-Алло,Қымбат апай менің есімім-Гүлнұр болады.Сізідің «Айгөлек» журналды оқып жүремін,маған сіз ұнайсыз-дегенім бар ма,сасқалақтағаным сонша,не айтып,не қойғанымды өзім де білмей қалдым.Ол кісі де:
-Айналайын,құлыным! Жарайсың,өзің қай жақтың тумасысың?! Біздің журналға жазылғансың ба,шығармаларың жарияланып жүр ме?!-деді
Ол кісінің әдетте журналда жүретін шығармасында өлең болсын не тілегі болсын,әйтеуір «Ақжүректерім,құлындарым»-дейтіні есімде.Мені «Құлыным,айналайын» дегені одан сайын «Айгөлекке» деген махабабатым мен Қымбат апайға деген сүйіспеншілігімді арттыра түсті десем де болады.Сөйтіп мен де қоямын ба?!Лезде:
-Иә,мен сіздің «Айгөлегіңізді»оқимын.Сіздің өлеңдіріңізді де оқып жүремін. «Айгөлекті»жақсы көремін-дедім.
(Журналға толығымен жазылғым келетін.Ата-анам айтқан кезде,кейде ақша мәселесі де менің арманыма кедергі жасайтын.Апайға ұялғаннан не айтарымды білмей қалдым да,өтірік айтып жібердім.Сол үшін ұяламын)
Қымбат апай да менің сөздерімнен кейін:
-Құлыным,үлкен азаматша бол.Еліңнің елеулі,халқыңның қалаулы үлкен жазушысы бол. «Айгөлекке» жазыл. Жарайды ма,құлыншақ-деген еді.
Мен де рақмет айттым. Өзімнің жәй ғана тілегімді айтамын деп, Қымбат апайдан бата алғаным қызық естен кетпес балалық шақтың бал дәмі болып қала берді.
Алған батамды Қымбат апайдан ғана емес, «Айгөлектің де» маған берген батасы деп білдім.
Құдайдың ізгі құдіреті ғой,Қымбат апаймен одан кішкене кезімде анамның айтуы бойынша, поезда да кездесіппін.Анамның баяндауы бойынша,мен ол кнздн өте бұзық,ашуланшақ әрі тәтті қыз болыппын.Қымбат апайда анама сол кезде «Айгөлекке жаздыр» -депті.
Осылайша, өзім жақсы көретін ірі тұлғаның бірі-ҚымбатӘбілдақызымен кездесу де,сөйлесуде бұйырыпты.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here