Болашағымның бастауы-Birgemiz bilim жобасы
Менің есімім-Гүлнұр Нұрланқызы.Өзім-11-сынып оқушысымын.Туған жерім-Жаңаарқа ауданы, сері Сәкеннің аяулы есімімен аталатын киелі топырақ мекені.
Алдымызда үлкен Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы келе жатыр.Әр 11-сынып оқушысы бұл сынақ үшін алаңдайды ғой.Біреулері оған сақадай сай болып дайындалып,ал екіншілері мүлдем дайындалмауы да ғажап емес.
Мен өзімнің сынағымды қалай елестетемін?!Және неше балл алуым мүмкін?! Біріне қызық,ал,менің ата-анам және жақындарым үшін алаңдайтын сәт болар.
Жалпы,өзім «білімнің шегі жоқ»-деп білетін болғаннан кейін,алдағы сынаққа үлкен дайындық және артық біліммен барғанды жөн көремін. «Артық білім-кітапта» деген сөз бекер айтылмаса керек-ті,білімнің барлығын тек кітаптан табу керек деп шешкен болатынмын.Сол себепті,жаз бойы күн сайын шаршап-талмай әдеби жанрдағы кітаптарды көп оқыдым.Қайткенмен де,алдағы сынақ үшін және менің болашағым үшін таңдау пәнім-қазақ тілі мен әдебиеті пәні болғаннан кейін,кітаптың қандай түрін болмасын оқуды артық боламаса,кем көрмеймін.Дегемен де,қазіргі қоғам сындарлы дамыған және цифрлық-инновациялық қоғам емес пе?!Әлеуметтік желінің де адам өмірінде орын алып,адамдар арасында онлайн байланыс орнағалы қай уақыт…Әлеуметтік желіңді ашып қарасаң болғаны,әсіресе мынау ең танымалы-Instagram желісі,ішінде толған білімдарлар мен білім беретін орталықтар мен курстар бар екен ғой.
Мен үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалатын орталық немесе онлайн курс іздеу осы Instagram желісінен басталған болатын.Бір орталық тапқандай болдым.Ашып қарадым,жарнамаларын оқыдым,біраз қызығып іздендім.Сөйтсем,өзімнің Қарағандымның волонтер жастары болып ұйымдастырған үлкен жоба-Birgemiz bilim жобасы болып шықты.
Жобаға менің келуім де қызық болды.Сөйтіп,ресми парақшаларындағы арнайы сайтқа кіріп,қатысушы ретінде тіркелдім.Мен алда әлі талай қызық күндер бар екенін білмедім.Осы күн мен үшін ең бақытты күндердің бірі болды.Олардың арнайы Whats app топтарына қосылдым.Былайша айтқанда,топтың ішінде мен сияқты көптеген сынақ тапсырушы 11-сынып оқушылары бар екен.Барлығы Қарағандының жанындағы ауыл-ауыл,аудан болып жиналған оқушылары болып шықты.Менің өзімді де қуантқан сәт-осы еді.Ауылдың балалары болып,бір топта жиналып,білім алатынымызға іштей жобаға алғыс білдірген күнім әлі есімде.Және ең қызығын айтайын ба?!Ол жерде менің бір байқау мен конкурстарда бақ сынап,жарысып жүрген аудан балалары,тіпті,менімен бірге бір топта өнер көрсеткен қатысушыларды да кездестірдім.Әсіресе,Абайдың 175 жылдық мерейтойына және Әл-Фарабидің 1125 жылдығына арналған Жаңаарқа аудандық кезеңде өткен интеллектуалдық сайыста бірге бір топта өнер көрсеткен Ділназ есімді қызды қалай жобада кездестіргенім әлі есіде.Екеуіміз сол жерде танысып,жақсы құрбыларға айналып кеткен болатынбыз.Мен сол Ділназды жобадан кездестірген күні қатты қуандым.Мүлдем араласпай кеткен болатынбыз.Жобадағы топтан өзім тауып алып,әрі қарай сөйлесіп кеткенім,қазіргі күні ойласам,ол қызбен шын өмірімде кездескім келіп кетеді.
Біргеміз білімге әлі күнге шейін қалай келгенім есімде болса,шын достармен қалай араласып-құраласып кеткенім де есімде.Сол үшін Біргеміз білім жобасына білдіретін алғысым соншалықты,ағай-апайлардың бізге берген білімдері ғана емес, жаңа орта,жаңа достар тауып бергендері үшін тағы бір мәрте алғысымды айтқым келеді.
Біргеміз біліммен үлкен сынаққа дайындалып жатырмыз.Әр пәннен әр жерде әр ағай-апайлармен сабақтар өтеді.Жобаның ерекшелігі де сол,ондағы бір сабаққа қатыса алмай қалсаң,арнайы You Tube арналарынан көре аласың.Маған ұнайтын жері де осы.Кез-келген сабағымды сол жерден көріп,оқи аламын.
Бізде жоба аясында кішігірім волонтерлік жарыстар ұйымдастырылып тұрады.Тіпті,кейде жоба басшысы Дәурен ағаймен әдемі-әдемі көңілді кештер,тренингтер,сергіту кездесулер өтіп тұрады.Жобаның маған ұнайтын тұсы да сол.Тек қана сабақ оқи бермей,ағаймен ойындар ойнап тұру-әр оқушының көңілін көтереді.Солайша барлығымыз үлкен сынаққа қажымай-талмай,көңілді дайындаламыз.
Жобаның мүмкіндіктері өте көп.Атап айтатын болсам,жоба аясында тек қана Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындала бермей,волонтер болуға да,тіпті,супервайзер болуға және жеке қабілеттеріңді дамыту үшін де арнайы сабақтар да қарастырылған.Мысалы,ағылшын тілі және компьютерлік сауаттылықтан өз деңгейіңді көру,өзіңнің жеке тұлғалық қасиеттерің мен қабілеттеріңді дамыту.Мен жобаның компьютерлік сауаттылық бағыты бойынша супервайзері болған едім.Менің жеке көмекшім болдым.Қызық әрі көңілді емес пе,иә?! Маған берілген тапсырмалар да өте қызықты болды.Әр күн сайын жаңадан қосылған оқушылардың тізімдерін жасап отырдым,жеке көмекшіме де тапсырмалар беріп және бізге сол бағыт бойынша сабақ беретін Аяулым апаймен де байланысып отырдым.Сабақ өткізген кезде де,әр оқушыны бақылап,тексеріп отыру-менің міндетім болатын.Кейін бір себептермен,супервайзерлік жұмысымнан бас тартқан болатынмын.Жеке көмекшім Жігердің де маған ренжіп қалғаны… Апайдың мені жібергісі келмегені…Оның да тарихы өте қызық…
Ал,дәл қазір мен жобаның қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша олимпиадаға дайындалып жатырмын.Біздің сүйкімді де,пысық апайымыз Әсел ханыммен сабақ оқу-өзге сабақтарға қарағанда қызықтырақ секілді.Сабағымызда әр түрлі шығармаларды талдап,тіпті,жақында шығармалардан дебат сайысын өткізбекшіміз.Алдағы дебатымыз қызықты болатын секілді.Әсел мұғаліммен тек қана сабақ оқып,олимпиадаға дайындалмаймыз,шығармашылық бағытта да бірге жұмыс жасап жатырмыз.Оның да бізге берер пайдасы мол.Болашақта мұғалімнің айтуынша,жеке шығармашылық топ құрмақшымыз.Мен үшін ең қуантарлық жаңалық-шығармашылық топтың құрылуы еді.Кім біледі,бәлкім біздің де арамыздан мықты журналисттер мен қаламы қарымды жазушы,ақындар шығар.Менің де күтетін нәтижем сол еді.Өзімнің шығармашылығымды да осы шығармашылық топпен дамытқым келеді.Сол себепті,күн сайын мұғаліммен кері байланысқа шығып отырамын.
Болашақта жоба арқылы қоғамға пайдалы істер жасауды жөн көремін.Себебі,әр қазақстандық елі мен жері,қоғамы үшін алаңдауы,оған пайдалы істер жасауы тиіс.Бұл-біздің міндет.Жоба менің патриоттық сезімімді одан әрі оятты десем де болады.Өзім Дәурен ағайға қарап,бой түзеймін.Сол кісі сияқты мейірімді әрі белсенді адам болғым келеді.Сондықтан да,жобада тек оқи бермей,ағайдан да үлгі алуға болатынын аңғардым.
Жалпы, «Біргеміз білім» жобасы мен үшін-мүмкіндіктер алаңы деп білемін.Болашақта жобаның қатысушылары бірігіп,басқа да қоғамға пайдалы жобалар мен бағдарламалар құрамыз деген сенімдемін.
Болашақ-жастардың қолында.Қоғамның дамуы да,мемлекеттің гүлденуі мен өркендеп,қанат жаюы да-біздің қолымызда. «Мен сіздерге-жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын.Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» -деп Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та елдің үміт артар жастарына сенім білдіріп отыр.
Сол себептен де,«Біргеміз білім» жобасына да,ағай-апайларға да,Дәурен ағайға да үлкен алғысымды білдіре отырып,өзімнің «Біргеміз білімнің» оқушысы екенімді мақтан тұтамын!


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here