Ауруға қарсы аурудың бар екенін білесіз бе?!
Шешекпен жеңіл ауырған (былайша атйқанда, «жақсы шешек»)және сауығып кеткен адамның екінші рет бұл аурумен ауырмайтындығын немесе сирек ауыратындығын және аман қалатынын әртүрлі елдердің халқы атам заманнан бері-ақ біліп келе жатыр.
9 ғасырда Европаға Разес деген тегпен кеңінен мәлім болған,арабың ұлы ғалымы әрі жазушысы Эль Раза шешек аурының қызылша ауруынан бөлек ауру екенін ашып көрсеткен.Шешектің өлімге соқтыратын түрінен сақтандыруды негізге ала отырып,оны жеңіл түрімен ауырту үшін Разес ауру адамнан шешек пустулаларын алып,сау адамға екті,сөйтіп ол шешекке қарсы егудің атасы-ағылшынның белгілі ғалымы Эдуард Дженнерден 900 жылға озып кетті.Індетпен күресудің бұл тәсілі латын тілінде вариоляция (латынша «вариолла»-шешек деген сөз) деп аталды.Шешекке бұл атауды 11 ғасырда Константин Африканский берді.
Вариолиацияны әр ел әртүрлі жүргізді.Қытайда 590 жылы шешекке қарсы егуді шешек жарасының бетінде дымқыл немесе құрғақ қабыршықты алып,балалардың мұрнына тығып,ал Үндістан мен Арабияда шешек суымен (лимфа) адам денесінің терісін,аяқ немесе қолын ысқылайтын болған.Шешекке қарсы бұлай егу грек дәрігері Тимони,одан соң (1715) венециялық дәрігер Пулярини теріні ленцетпен кесіп,шешек суымен майлау әдісін қолданғанға дейін,яғни 1713 жылға дейін сақталып келген.Валиолияция Азиядан тарап,Көне Руське де белгілі болды.Шешек пустулалары балалардың денесіне байланып қойылып,шешек тез енуі үшін балды көп жеуді ұсынған.
1718 жылы Константинопольдегі ағылшын елшісінің әйелі Мэри Монтегю Түркияда қолданылып жүрген бұл әдісті естіп,Англияға келген соң,өз елінде қолданғна.Ол алдыменн,өз қызына,содан соң өзіне және басқа да балаларға да жасаған.Бұған қарап оны да Джарен салған жолмен жүрген адам деп атауға болады.
Міне,осылайша,шешек ауруына қарсы көне замандарда «ауруды аурумен» емдеу әдісі болған екен.Солай,барлық мемлекет,ел өз адамдарын үлкен індеттен аман алып қалған екен.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here