2020 жылдың 10.12.2020 күні ӘлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  Тарих, археология және этнология  факультеті  студенттерімен (ұйымдастырушылар Г.Қозғамбаева, А.Бейсегулова)  онлайн форматында Кыршехир Ахи Эврин университеті  Экономикалық және басқару білімдері факультетінің деканы,  Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі профессор  Нұр Четинмен білім беру жүйесі негізінде пікір алмасу өтті.

Кезінде бір тамырдан өсіп-өніп, кейіннен Сыр Ана сағасында енші алысқан бүгінгі түрік халқы мен қара шаңырақ – атажұртта қалған қазақ халқының  тарихы тереңде. Түркияның Тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік 1933 жылы   29 қазанда тәуелсіз Түркия Республикасының келешегі туралы ой қорытты. «Бүгін Кеңес Одағы – досымыз, одақтасымыз. Алайда ертең не боларын бүгін кесіп ешкім айта алмайды. Дүние жаңа тепе – теңдікке ұласуы мүмкін. Міне сол кезде Түркия не істеу керектігін білуі тиіс. Бұл досымыздың қол астында тілі, діні, тегі бір бауырларымыз бар. Оларға қол ұшын созуға дайын болуымыз керек! Әзір болу – сол күнді үнсіз күту емес. Дайындалған жөн. Халықтар бұған қалай әзірленеді. Рухани көпірлерді,  Тіл – бір көпір… Сенім бір  –  көпір… Тарих –  бір көпір. Тамыр тегімізге  оралып сан қилы оқиғалармен сөгілген тарихымызды түгендеуге тиістіміз!» деп айтқан. Тегі мен тілі бір, тілегі бір туысқандардың арасында қарым қатынасы, аралас – құраласы біраз жыл үзіліп қалса да, бірін – бірі ұмытқан жоқ. Арада қанша уақыт өтсе де, Ататүріктің сол заманда айтқан тарихымызды түгендеуге тиіспіз деген асқақ ойлары бүгінде жүзеге асуда.  Кеңес Одағы тараған соң, Қазақстан мен Түркия елдері кеңестік кезеңде үзіліп қалған  байланыстарды жалғастырды. Қазақ халқы түрік халқымен тарихы мен мәдениеті тамырлас болғандықтан, уақыттың өзі бұл саланы қайта жаңғыру қажеттігін көрсетіп берді. Екі мемлекет  арасындағы түрлі салалар бойынша жасалынып жатқан байланыстардың  ішінде  тарихи – мәдени қатынастарды қайта жаңғыртуға басты назар аударылды. «1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР-і Президентінің шақыруы бойынша Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапарымен келді. Осы сапар кезінде Н.Назарбаев пен Тұрғыт Озал Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының  арасында ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімде мәдениеттерінің, тілдерінің, рухани мұра мен дәстүрлердің ортақтығы біріктіретін екі ел халықтарының саяси сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялы, мәдени, гуманитарлы, хабарламалық және басқа салалардағы ұзақ мерзімді негіздегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге ұмтылды». «1996-1998 жылдары аралығында Қазақстан мен Түркия арасындакғы мәдени ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісім жасалды. Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату-Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор – екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары болып табылады. Ия, екі ел арасындағы байланыстарға сараптама жасасақ түбі бір түркі халықтарын байланыстыратын да табыстыратын да ортақ мәселелер көп, соның бірі ғылыми және білім беру жүйесіндегі байланыс пен ынтымақтық болып табылады.  Еуразия кеңіс­тігін ен жайлаған, әлемдік өркениеттің, жалпы адамзат тарихының дамуына зор үлес қосқан түркі әлемі үшін тағылымы мол, тағдырлы оқиға болды. Түркі халықтарының қара шаңырағы – қазақ халқының , елордсы Нұр-Сұлтан қаласында құрылған Түркі академиясы бүгінде күллі түркі әлемін зерттейтін арнайы орталыққа айналды. Сонымен қатар бүгінде түркі халықтардың оқу-ағарту жүйесін үйлестіретін  жұмыстар да атқарылуда. Сонымен қатар  екі ел арасындағы жоғарғы оқу орындарындағы жастарға білім беру жүйесіндегі ынтымақтастық пен келісім шарттар аясында мәселелер төңірегінде «Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстар (білім беру жүйесі) тақырыбында онлайн форматында кездесу болды.

Кездесу кіріспесінде профессор доктор Нұр Четин әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстандағы  білім беретін алдыңғы қатарлы оқу орны. Университет әлемдік стандарттарға сай  Орталық Азия кеңістігіндегі ең ірі, қуатты оқу орны болып табылады,  QS World University Rankings рейтінгі бойынша  165 орынды иеленіп, әлемдік ең мықты 200 университеттің қатарында. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бүгінде Түркияның көптеген жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі ел тарапынан профессор оқытушылардың жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – Түркиядағы жоғарғы оқу орнының белгілі ғалымы болып табылады. Осының бәрі де сіздерге халықаралық деңгейде оқып, зерттеулер жүргізуге лайықты жол ашады. Сонымен қатар жыл сайын студенттер, магистранттар және докторанттардың  тәжірибиеден өту шаралары да іске асырлған. Сонымен қатар Түркияның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен қос дипломды бағдарлама бойынша жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылған. Мәселен, магистратурада білім алушылар оқудың бір жылын Қазақстанда, бір жылын шет елдік университетте оқып, екі оқу орнынан да диплом алу мүмкіндігі жасалған. Осындай алдыңғы қатарлы университетте білім алып отырған сіздер бақыттысыздар деп айтты. Мемлекет тарапынан жастардың  білім алуына, олардың жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдайдың бәрі жасалғандығын айта келе Қазақстандағы білім беру жүйесі мен Түркиядағы білім беру жүйесінің сапасы мен ұтымды тұстарына тоқталып өтті. Студенттер өздерінің көкейінде жүрген магистратура, докторантура бойынша сұрақтарын қойып, Түркиядағы жоғарғы оқу орнындағы білім беру жүйесі және оның ерекшеліктері туралы мәселелер төңірегінде толымды мәліметтер алды. Нұр Чэтин ханым Түркиядағы білім беру жүйесіндегі өзгерістерге тоқталып өтті. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастығы жарасқан достастық қарым-қатынасы екі бауыр елдің Елбасыларының өзара ымыралы бауырлық қатынаста екенін айтып өтті.

 Іс-шара барысында Нұр Четин апайымыз жастық шақ жылдары, еңбек еткен жолын студенттерге әңгімелеп берді. Нұр Четин апайымыз: «Аллаһ мал-мүлікті қалағанға береді, білімді сұрағанға береді!» – деп студенттерге барынша білім алып дамуға, өздерін дамытуға жігерлендірді. Кездесу соңында студенттер алғысын білдіріп, жыр шумақтарын арнады.

Түркиямен кең көлемдегі мемлекетаралық қатынас орнату – Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірі. Екі мемлекетті жақындастыратын  ең басты  екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, геосаяси, экономикалық алғы шарттарының бірлікті бастауларында.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан тарихы

 кафедрасының доценті , т.ғ.к., Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызы

1 курс магистранты: Әбдіназар Айзада


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here