Керуен өмір өткенде

біреуді қудым жетппедім

Айтатын нала көп менде

Жүрегімдегі өкпе-мұң

Мен жеткен жер де сен болмай

Қол бұлғап өтті көктемім

Өзімді сөктім оңдырмай

Алдап соққанда ертегім

Біз жүрген жолдар тым алшақ,

Уақыт алды өктемін…

Келемін тағы құлаштап,

Тағы да білем жетпедім…

Хабарсыз қалдың кешелі,

Хабарды тостым жындыдай…

Бақытым бүгін бес елі,

Уақыт қойды жылжымай..

Сен келіп көңіл тасыды

Жоғалған затым табылып!

Несіне хабар бермедің,

Жүрегім отыр қамығып…

 

 

Мұң сыйладың жаныма

Бақыт сыйлар деп едім

Сен кешіктің тағы да

Жалғыз жүріп келемін

Дала да аяз, аппақ қар

Адалдыққа теңедім

Арман алыс, мол қиял

Ләззатыңа бөледің

Жалмаңдаған от бола

Өштің күлдей қоңырсып

Жүректегі шоқты ала

Кеуде тұсым кебірсіп

Сен шақырған бақтағы

Гүлдер қурап қалғандай

Есте жақсы жақтары

Қалғандары, жалған жай

 

 

Сен ұмыттың мен де ұмытам

Өмірдің болса заңы осы

Шыңға қарай тырысам сан

Жазылар жанның жарасы

Ай менен күндей алыспыз

Сонымен артық бағасы

Жүрекпен болдық таныс біз

Не қылып кеттің қарашы

Ол саған айтты өз сырын

Жасырған жайың болыпты

Ырқыма көнбей құрғырым

Ұнатып сені қалыпты

Амал не, қош бол, жол әне

Айқындап ал да бағытты

Есіңе алма, мен де алман

Сен жағып кеткен тамұқты


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here