Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті И.Ө. Сағындықов және Академия қызметкерлері Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы экспериментінің нәтижелері бойынша «Білім сапасын ғылыми негізде көтеру» жинағының тұсаукесер рәсіміне қатысты. Кездесу мақсаты – орта білім беру сапасын ғылыми негізде көтеруге бағытталған эксперимент нәтижесімен таныстыру, жинақтың тұсаукесер рәсімін өткізу. Кездесу модераторы – Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Қ. Жолаев.

  Кездесуге Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, академик, эксперименттің ғылыми жетекшісі А.Қ. Құсайынов, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі орта, арнайы және инклюзивті білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Т.Ж. Жакенов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор м.а. Н.С. Алғожаева және Түркістан облысы мектептерінің директорлары, мұғалімдері қатысты.

Кездесу барысында академик А.Қ. Құсайынов жүргізілген эксперимент нәтижелерімен, экспериментке қатысқан мектеп білім алушыларының білім сапаларының салыстырмалы көрсеткішімен таныстырды, барлық қатысушылар пікір алмасып, жүргізілген жұмысқа оң бағаларын берді.

  Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА вице-президенті И.Ө. Сағындықов ұйымдастырушыларды эксперименттің аяқталуымен құттықтады және өңірлердегі әдістемелік кабинеттердің жұмысын ұйымдастыру бойынша бірлескен жұмыстың перспективаларын ұсынды.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here