Аса рақымды, ерекше мейірмді Алланың атымен бастаймын. Әлемдердің Раббысына сансыз мадақ, пайғамбарымызбен асхабына салауат пен сәлем босын!

Бодауберу

Әңгіме

Нұрхалық Абырақын

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.у) үйінде үмметін ойлап отырды, кенеттен есік қағылды, ол адам кейпінде келген Жебірейіл(а.с) періште еді, Алланың нұры жаусын деп сәлемдескен соң,  пайғамбарымыз келген қонағынан бұйымтай сұрады.

-Сен дұға ет, – деп бұйырды Жебірейіл(а.с).

-Не деп дұға етем? – деп таңдана сұрады Пайғамбарымыз.

-Есігіңнің сыртында Әзрейіл(а.с) періште тұр, сенің балаңның жанын алғалы келіп тұр, сен дұға жасасаң, менде барлық періштелерге дұға тілетіп, балаңды аман алып қаламыз, бірақ сенде таңдау бар, – деді Жебірейіл(а.с).

-Сонда не таңдау? – деді Пайғамбарымыз.

-Үмметің, не балаң? – деді.

-Ол қалай? – деп Пайғамбарымыз сұрағын жалғады.

Дәуіт(а.с)  пайғамбар заманында қауымына «сенбі күні балық ауламаңдар, оның сырын сендер білмейсіңдер» – деген ескертуді, судың бір жағындағы қауым тыңдамай, сенбі күні балықтарын жалғасты аулай берді. Ол күні шынымен көп балық ауға өздері-ақ келіп ұрынатын, ал басқа күні ондай емес еді.  Судың екінші жағы әмірге бірден бойсұнып, сенбі күні балық аулауды тоқтатты, күндер жылыстап, айлар аунады, жылда толды, тағы есерту жасалды, не ештеңе өзгерген жоқ.  

-Бопты, онада біз ауымызды сенбі күні жайып, жекесенбі күні ауды жинап алып отырсақ, біз сенбі күні балық ауламаған боламыз, – деп білгіш ғалымдары пәтуа берді.

Күнәға бейім қауым:

-Табылған ақыл, – деп сенбі күні торларын суға жайып, жексенбі күні балықтарын жинап алатын болды.

Аспандаға ай сол түнгі қызыметін аяқтап, тек суреті ғана қалған шақ, таңның алғашқы рауаны байқалды, дәрет суын алып, далаға шықты әмірге бойсұнған қауымның тақуа адамдары, артынша азан шақырды, судың қарсы бетіндегі жағалауда қаптап жүрген қалың тасбақаны көріп, таңғалды. Сенбі күні ертемен ау жаятын көршілері байқалмайды, тасбақалар олардың үйінен шығып, су жағасына ақырын  жылжып келеді.

-Астағұпыр Алла, – деп Алладан кешірім сұрады.

Егер сіз балаңыз Ибраһимды таңдасаңыз ол аман қалады, алайда сіздің үмметеріңіз дәл осы Дәуіт(а.с)  пайғамбардың күнаһар қауымындай істеген күнасына қарай жазаланып отырады.

 

Екі дүниенің сардары, басымыздың тәжі, көзіміздің нұры болған, сүйікті Пайғамбарымыз екі көзі жасқа толған күйде:

-Үмметім, үметім, мен үметімді таңдадым, – деп жылап жіберді,.

Далада Пайғамбарымыздың көзінің нұры,  өмірінің жалғасы, сүйкімді жалғыз ұлы Ибараһим(р.а) сахабалардың балларының арасына нұр шашып, асыр салып, ойнап жүр, пайғамбарымыз баласын шақырды, құшағына тартып, қатты қысып, балаға көз жасын көрсетпей егіле жылады, Жебрейіл(а.с) да егіліп жылап тұрды.

-Балам сен ұзақ сапарға барасың, жақсы киміңді кие ғой. Бала әкесіне жәутеңдеп қарап:

– Сенде барасың ба, әке? –  деді.

-Мен сенімен бірге бармаймын, артыңнан кейін барамын, – деп жауап берді.

-Онда мен барып кимімді киіп келейін, оның алдыңда қолымдағы мына ойыншықты иесіне қайтарып, достарыммен қоштасып келейін, – деп аса бір байыппен жауап берді. Пайғамбарымыз жүгіре кеткен баласының артынан қарап егіліп жылады. Жебрейіл періштемен бірге көктегі және жердегі барлық періштелер де жылады.

Үмметін ойлап, олардың тасқа, шошқаға, маймылға, түрлі хайуанға айналып кетпеуі үшін өз перзентін құрбанға шалған, аса мәртебелі ұлық Пайғамбарға судағы балықтардан бастап барлық тіршілк иесі салауат айтты, жер мен көк Оны зікір етті.

 Кішкентай Ибараһим(р.а) тезден достарына барып:

– Мен ұзақ сапарға баратын болдым, аман-сау тұрыңдар! Аллаға аманат! – деп ыстық-ыстық құшақтасты, кезек-кезек баллар оның жылы құшағына кіріп-шығып жатты, көңілдерінде ештеңе жоқ,  риясыз сәби жүректер барлығын аңқаулықпен тура қабылдап тұр, достарын сапарға шығарып, қоштасып қала берді. Сыртынан баласының соншама ақылды, мейірімділігіне қарап, бір жанын қоярға жер таппай қатты егілді Пайғамбар, Жебрейіл(а.с):

-Дұға жасаңызшы Алланың елшісі, сенің дұғаң қабыл, балаң аман қалсын, – деп егілді, үнсіз бас шайқаған Пайғамбарымыз одан бетер көзінің жасы етегіне төгілді….

Пайғамбарымыз Жебрейіл(а.с) досына қарап:

– Әзрейілге(а.с) айт, баламның жанын қинамай алсын, – деді.

Баласы Ибраһим(р.а) тезден бар шаруасын тындырып, әдемі кимдерін киіп, одан бетер сүйкімді, сүп-сұлу болып, нұр шаша әкесінің жанына келді, баласын алдына алып отырды.

-Әке, басым ауырып барады, – деп бала әкесінің төсіне басын қойды, пайғамбарымыз дем салып, Яссын оқыды, бала лезде ұзақ ұйқыға кетті…. Әлемнің парасатты құлы өзінің жалғыз ұлын үмметінің болашақ ертеңі үшін үлкен сапараға осылай шығарып салды.

*****

Адам ата(а.с)-ны жарату шешімін Ұлы жаратушы қыбылдағанда Періштелер тіксініп қалды.

– Алла Тағала, тағы да жер бетіне күнаһар бір қаумды жаратпақсыз ба, оларда алдыңғы қауым сияқты лаң салып, жер бетін бүлдірер, –  деп ойларындағы күдікті жасырмады.

– Олар алдыңғы қауымға мүлде ұқсамайды,  Мен адамдарға сендерден арттық мүмкіндіктер бердім, оны Өз Құдіретіммен жаратамын, адамға Өз рухымнан үрлеп жан саламын, Күллі періштенің білімінен үстем етемін, мәртебесін биік қыламын, олар ақылдасып іс істейді,  ұсақ күнаға кірсе, қайта кешірім сұрап жалбарынса дұғасын қабыл етіп, дәрежесін көтерем, солай адам жер бетіндегі Халфам болады.

-Олар қанша жыл өмір сүреді?

-Олар бар болғаны 100 жыл өмір сүреді.

-Онда олар өлетінін білсе, қалай өмір сүреді.

-Олардың екі қабағының ортасына нәпісті оранластырамын, ол ерік бермей кері тартып тұрады, адамдар ішіп-жейді, сосын да ырыздығын теріп жеу үшін жанталасады,  қарны тойсада көбісі дүние қуып, атақ, мәнсап, сән-салтанат іздейді, жан мен тән рахатын көздейді, қысқа ғұмырын бітпестей көреді, солай өлімді ұмытады. Тіпті олар өздерінің қас жауы шайтанның «мен жоқпын» деген сөзіне мықтап алданады. Ал ықыласты құлдарымның нәпсісі әбден жуасыған, олар оның сыртында.

Алланың әмірімен көкегі барлық періште жер бетіндегі Ұлы Алланың Халифасын көруге Қадір түні түсті, жер бетіндегі ұсақ құм түйіршігінен да саны көп періштелер  жерге симай, бірінің үстіне бірі құжынай жиналды, адамдар жер бетінде құлшылықта отыр, уағыз тыңдап, Құран оқып, терең ойда Алланы зікір етіп сәждеде жатыр, Адам атаға сәжде жасау сырларын ұқты,  адамнның өздерінен артық жаратылыс екенін шүбасыз мойындады. Қаланың ішіндегі нәжісте, қоқыста жатқан шошқаны, көшеде қаңғып жүрген иттерді, аңыраған есектерді, меңрейіп қарап тұрған сиырларды,  дәу-дәу көлікті жүргізіп бара жатқан арыстандарды, қасқырларды,  жеңіл машинада отырған түлкілерді, мысықтарды, маймылдарды, төсекте бірге жатқа адам мен итті де періштелер анық байқады, бірақ періштелердің біліміне шектеуі болғандықтан өздерінің көзіне солай көрініп отырған күнәда жүрген адамдар екенін білген жоқ…. сүйікті Пайғамбарымыз өз ұлын біз үшін қимағанда біздерде тура періштелер көрген хайуандар кейпіне әлде қашан айналып кетер едік, Алла Тағала періштелердің көзіне біздің рухымыздың шын бейнесін көрсетті….біздер бір біріміздің тек тәнімізді ған көріп жүрміз….

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here