Ы. Алтынсарин атындағы Білім академиясының ұйымдастыруымен педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шәркүл Таубаевамен кездесу өтті. Жиында педагогика ғылымдары академигінің ғылымдағы жолы туралы баяндалды. Білім академиясының ұжымы тарапынан түрлі сауалдар қойылып, ой-пікір алмасты. 

   Ғалым-педагог өзінің жүріп өткен еңбек жолында жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі мол тәжірибесін  мазмұнды және әсерлі әңгімеледі. Республиканың  тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамытуға және халықтың бай дәстүрін тұтастай  байланыстырған.

   Атап айтсақ, Шәркүл Таубаеваның негізгі зерттеу бағыттары – педагогикалық ғылымтану, педагогтің зерттеушілік мәдениеті, педагогиканың философиясы мен әдіснамасы, зерттеу әдістемесі, жоғары және орта мектеп дидактикасы, педагогикалық инноватика болған. 500-ден аса еңбегі бар. Соның ішінде  «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы», «Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері» оқулықтарының,  оқу құралдарының   авторы.Томсон Рейтер (Web of Science, Thomson Reuters),  Scopus журналдарында  6 мақаласы жарияланған. Оқулықтары мен оқу құралдары  8 авторлық куәлігінің иесі.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here