МҰҚАҒАЛИ

Мұқағали ұлы дала дарасы,

Озық ақыл, асқар ақын баласы.

Ол жырласа құйындатып даланы,

Жырларының оған келер шамасы.

 

Асау мінез өлеңдері шабысты,

Есімімен бүкіл қазақ таныс-ты.

Ішкі сезім иірімін жыр қылса,

Ауызына қаратады Шығысты.

 

Туған жерін жырларымен тербейді,

Өлеңдері оның мәңгі өлмейді.

Қазақ елі Мұқағали шумағын,

Естімесе есі кетіп шөлдейді.

 

Шайыр биыл 90 жасқа келіпті,

Даналықтан дастан жазып беріпті.

Сөз маржанын жіпке тізіп елінің,

Мойынына алқа тағып беріпті.

 

Қарасазда қара өлеңді тудырып,

Тағдыр атты тасқа басын сан ұрып,

Арпалысқан дөңбектелген тағдырмен,

Енді міне өлмес күн боп тұр шығып.

 

Мұқағали – мың тірілген қазақты,

Жарықшақты мың тілінген азапты

Өлеңімен жұбатады жүрегін,

Жүрегіне өшпестей ғып от жақты.

 

 

 ***

Ақ көйлегім кірлемесін, арым боп,

Намысым мен төзімділік – бағым шоқ.

Ар-ожданым, сынбағайсың сынақта,

Жүре берсін асыл жарым жаным боп.

 

 

САҒАН ХАТ

Ұмыт болды сол сезім неден, сірә,

Кетті екен кімнен сол тозаң кінә.

Мен сені сыңарыма балаушы едім,

Түске айналған сезімге сен де шыда.

 

Бүгін бірақ кеткенбіз екі жаққа,

Сен бір іңкәр жан едің бала шақта,

Одан бері күз өтіп, көп қыс ауды,

Сұлу сезім шертілмеді біздің жақта.

 

Ұшқан құстай мен де ұшып кете бардым,

Сен де қалдың қол бұлғап жеке жаным.

Биік мұрат қоймаппыз алдымызға,

Өкінгенмен, бірақ та шара бар ма?

 

Ұйықтасам кірпігім күмістеніп,

Сағым қуып жүремін жоққа сеніп,

Мұң басса да, көңілді шаң баспасын,

Әурелеме мені, іңкәрім іздеп келіп.

 

ЕР ӘКЕ

Әке – шуақ бала үшін ежелден,

Қуанады озып келсең межеден.

Әке – дана, қамқор сана балаға,

Шабысыңды шарықтатар тежелген.

 

 Әке – ұлы, тау тұлғалы бір алып,

Көздерінде мейірімнен от жанып.

Ақыл нұрын санамызға құяды,

Құлыншағын шабысынан танып.

 

Әке – қалқа, ол барда кіл мықтысың,

Бөтен біреу батырмайды өз тісін.

Тығырыққа тірелгенде танисың,

Ер әкеңнің тау қопарар күшін.

 

БАЛАЛАРЫМА

Балаларым – бағымсың,

Арайланған таңымсың.

Төмендеген кездерде,

Биіктейтін тауымсың.

 

Сылдыраған бұлақсың,

 Былдыраған шұнақсың.

 Балаларым – базарым,

Жол ашатын шырақсың.

 

Сендер үшін мен бармын,

Жарықшақты жырамын.

Саясы бар көк талмын,

Қалқан болып тұрамын.

 

Ана деген атақты

Сыйлап “медаль” тақтыңдар,

Лайықты деп таптыңдар

Маған осы мадақты.

 

УАҚЫТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Уақыт, аяшы сен мені,

Үлгеріп қалайын бәріне.

Көтеріп алайын еңсені,

Тигізіп пайдамды еліме.

 

Жазайын жыр-шумақ шұбалтып,

Жазайын әңгіме ұбатып.

Тариxтың таразы төрінде,

Жатады саңлақтар сыр ашып.

 

Уақыт кімдерді аяған

Тоқтата алмайды бұл адам.

Уақыт уыста тұрмайды,

Таяған үстіне – таяған.

 

Уақыт бөлмейді: бай адам,

Сіңірі көрінген жай адам.

Бұл өлшем білмейді бөлуді

Жақсылық жұғынан жаралған.

САТҚЫН ДОСҚА

Досым деп едім, қасым ба еді,

Жақыным деп едім, көз жасым ба еді?!

Демеу боп жарыта алмады, жебеу боп,

Жүрегім, енді ешкімге тасынба енді…

 

Ойлады аңқау біреу деп,

Арамдық алған мекендеп.

Бала еді бұрын балалық шақта

Жүретін бірге секеңдеп.

 

Жаны таза десем, лайланыпты,

Көзі пайдақұмарлықпен байланыпты,

Ұмытыпты өткеннің өткелдерін

Болашаққа өзінше сайланыпты.

 

Адами құндылықты аттап өткен,

Тілмен талай өткелді тесіп өткен,

Алдадым деп ойлады жас балаша,

Шаңымда қалмасыншы менің тектен.

 

Мен үндемеймін, ішімде бәрі

Оның беті әдемі, жүрегінде зіл-зәрі.

Керемет болғанмен әні мен сәні

Дос демеймін мен оны ендігәрі.

 

АЛЛАНЫҢ ҚАЛАУЫ

Өткеннің жақсысы қалады,

Жаманы солады.

Адамдар асығып барады –

Ал, қайда барады?!

 

Жетістік бәрі артта қалады,

Қалады иманның сауабы.

Себебі Алланың қалауы,

Алланың қалауы.

 

Мақтанып болмасқа қаламыз

Себебі жеткені санамыз.

Байлық та, атақ та ол жақта

Болмайды иллаһи панамыз.

 

Қуантып қып-қысқа өмірде,

Қарайық кішкене көңілге.

Әр сөзге абай боп айтайық

Бұл жалған өтпелі өмірде.

РС-ға

Періште деп неге ойлайды,

Ақынды жырлары жалынды.

Қаламы төселген, қарымды.

Жамандық жолына қимайды.

Бірақ көрдім мен бір ақынды.

Жұртшылық жырына табынды.

Сенгендер ақын деп сан ұрды,

Көргендер жақыннан ақынды.

Өзім де таңдандым ісіне,

Сөзі әсем, азулы тісіне,

Бір солай сөйлейді, бір былай,

Пайдақор сенеді күшіне,

Сыйлайды өлеңін оқыған,

Жаға ұстап, танысаң жақыннан

Не пайда кітаптар санынан,

Жаны арам, тілі бал татыған.

АҚ ДАЛА

Қар жауып, ақ мамық төселді,

Жүрегім сары ойдан кеселді,

Шаң жұтқан ауланы бір сәтте,

Тазалап қар жауып бес елі.

 

Тұнжырап, ақ дала манаурап,

Меңіреу тартады алаулап,

Күн көзі қарайды ұрлана,

Жылы леп бойымды жаулап ап.

 

Балбырап бұтақтар майысып,

Иіліп аппақ тал сүйісіп.

Ойыма жылылық береді,

Қараша-желтоқсан түйісіп.

 

Бақытты отбасы

Болу үшін ең бақытты отбасы,

Көп болудың қажеті жоқ ақшасы,

Байлық емес, шын бақыттың өлшемі,

Бақыт – шыдам, шынайылық арқасы.

Сондықтан да сынаққа сал өзіңді,

Берік ұста темірдейін төзімді,

Бақыт құсы бастан ұшып кетпесін,

Сатқындықпен салқындатпа сезімді.

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here