Келіс Рахымжан

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Жазушы. Бірнеше кітаптары шыққан. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инст. ғылыми қызметкері. Алматыда тұрады.
Статус этой учётной записи - Принято

Туған жерді сағынам

               Туған жер   Туған жерге барып қайтқым келеді. Поезбенен бір күншілік жер еді. Тар вагонда дала желін сағынып Отырған сәт еске түсе береді.   Осы жолмен қаншама рет бардым мен. Сапарлас боп сырлас та боп әркіммен. Туған жерге белгісіз күш тартқан соң Жиі келіп жүретұғын болдым мен.   […]

Отты ағын

                                        Отты ағын   Жабығып батқан күзгі түннің жетегінде өзінің ұзақ ұйқысына енді батып бара жатқан қала ортасындағы көп қабатты үлкен ақ үйдің бірінші подьезіндегі мүлгіген тыныштықты есік қоңырауының құлаққа жағымсыз естілетін ащы шырылы бұзды. Жауынды түнде даладан қараңғылық ішінде сүйретіліп келе жатқан алдынан оқыс шыға келсе қорқынышты бірдеңенің сұлбасындай көрінетін орта бойлы, қолында қолшатыры […]

Күтуші келіншек

Орта бойлы, үрпек шаш сары бала қатар-қатар салынған үйлердің арасымен қалың қарды омбылап жүріп келеді. Күн аяз. Басында – ағасының қоян малақайы, аяғында – қонышы қайырылған қара пима. Тері тонның жағасын көтеріп алған. Адымдаған сайын малақайы көзіне түсіп, тоңып қызара бастаған қолымен жоғары көтере береді. Алдынан басы қазандай сары төбет арпылдап шықты. Бала шегіншектеп қауып […]

Жомарт жүрек

             Жомарт жүрек Махаббаттан жүздері жарқыраған Дүниеде бар нағыз жарқын адам. Талай көлгір кетсе де көрмей өтіп Бұрылып кеп қасыма қал сұраған. Сенсің нағыз қарағым, алтын адам!   Сенсің нағыз адамның көрегені Жомарт жүрек сезімнің берегені. Сұлумыз деп суреттей сырға таққан Сенен алсын бойда жоқ өнегені.   Көздеріңнен айналдым жалт қараған Жоқтан аман, жүргейсің оттан аман. […]

Рухани мір ой еркіндігін сүйеді

Рухани өмір ой еркіндігін сүйеді   Қазіргі қазақ прозасы мазмұн жағынан жаңарып келеді. Бұрынғы кеңестік кезден қалған ойлау жүйесі, тар шеңбердегі социализм идеясы қаламгер ойына тұсау боп тұрған жоқ. Рухани жаңғыру ұмыт бола бастаған ұлттық ерекшеліктерді еске салады. Сол арқылы жаңалыққа қарай ұмтылуды көздейді. Көркем әдебиеттің жаңаруы ішкі мазмұннан басталады. Жазушы нені көксейді, қандай оқиғаны […]

Қош бол сәцәлизм

                                   Қош бол, сәцәлизм    Кеңестік қоғамда адамдар тең болды. Бай мен кедей, әйел мен еркек бірдей еді. Бұрын малға сатылып, оқи алмай, қызмет істемей жүрген қыздар бен әйелдер ерлерді білім беру, емдеу саласынан біртіндеп ығыстырып шығарды. Бейімбеттің заманында Раушан коммунист арбаға отырып уезге жиынға барса, қазір ұшақпен Астанаға келіп ақорданың жиынына қатысатындар шықты. […]

Сезік пен сенім

СЕЗІК ПЕН СЕНІМ            Аралхан талаптың арқасында жастай бастық болды. Өмірінің жиырма жылы мектепте өтті. Қызметі ылғи басшылық. Бір орнығып отырып алған соң, соған өзі әбден үйреніп кеткен. Жақсы ма, жаман ба әйтеу бастықпын деп кейде өңмендеп кететін өркөкіректігі де бар. Ешкімнің өзінің алдын орағанын қаламайды. Иіліп-бүгіліп бәрі қоғаша жапырылып тұрса дейтін пендешілдік ойлары […]

Әбіш ақын

                                                             Әбіш ақын          Алғы ағалардың жақсылығын көп көрдім. Өз қатарымды да тануға зер салдым. Ешкімнің құр атағына жығылмай ісіне, сөзіне, тындырған еңбегінің салмағына мән бердім. Кейде көп оқу адамды ерте қартайтады дейді. Сол рас. Мен 30 жасымда өзімді 60 тағы қарт адамдай сезінген кездерім болды. Бірақ мұның бәрі жастық шақтағы алдамшы ойлар. Адам баласының […]

Әуезұлы Мұхтардың хаты

            Әуезұлы Мұхтардың хаты   М.Әуезовтің 30-жылдарға дейін ұстанып келген көзқарасын түбегейлі өзгертуге мәжбүр еткен оқиға оның екі жылға жуық кеңестік жүйеге қарсы ескішіл бағыттағы саяси сенімсіз адам ретінде тергеуде болуы. Осы тұста кеңестік жүйенің кей жақтарын қабылдамаған белгілі қайраткерлерге қарсы елде белгілі тазалау шаралары жүргізілді. М.Әуезов бұл тергеуден екі жыл жүріп, шартты жазамен босап […]

Әбдінің үйленуі

ӘБДІНІҢ ҮЙЛЕНУІ            Ернінің үстінде түймедей қара меңі бар, басына қызыл орамал тартқан әйел мәшинесін сырылдатып іс тігіп отыр. Далада соққан желдің әсерінен жарық біресе сығырайып, біресе молайып шақырая түседі. Жарық өзгерген сайын, даладағы ысқырған боран үніне құлақ түріп, Ақлима терезеге қарайды.          – Әлгі Әбді қайда жүр, – деп үшінші оқитын кенже ұлынан […]