Зейнел-Ғаби Иманбаев

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Статус этой учётной записи - Принято

Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаевтың өмірбаяны

  Зейнел-Ғаби Иманбаев /1924-1987/ 1924 жылы 2-қаңтар күнi Солтүстiк Қазақстан облысының Преснов ауданына қарасты (қазіргі Шалақын ауданы) Ортақкөл ауылында туған. 1941 жылы Баян орта мектебiн бiтiредi де денсаулығына байланысты әрi қарай оқуын жалғастыра алмайды. Оның арманы – Алматыға келіп ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түсу болатын, арманына жете алмады. Бірақ  жеті сыныптық білімімен өздiгiнен оқып, жазушылық […]

Әкетайым менің

        Зейнел-Ғаби Иманбаев                                        ӘКЕТАЙЫМ МЕНІҢ           Шағын қаланың кішкене вокзалында ұзақ аялдап қалдық. Сыры кеткен ағаш орындыққа шалқая керіліп, көз жұмып қоямын. Тізе қағыстыра отырған қарт кісі де есіней  береді. – Отағасы, ұйқыңыз қанбаған-ау, –  деп сөзге шақырдым. Ұнатпады білем, қайқы мұртын ширатып әкеп ерніне басып, мекіренді де қойды. – Барыс  […]

   ШЕБЕРБЕКТІҢ ШЕБЕР ҚОЛЫ

        Зейнел-Ғаби Иманбаев         ШЕБЕРБЕКТІҢ ШЕБЕР ҚОЛЫ   Жаңа жыл шыршасы дайын болғалы қашан. Балалар ән салып, би билеп қуанып жүр. – Аяз ата келіп қалды! Аяз ата келді! – деді бір бала аптығып. Сақалы аппақ қардай, бүкіл денесі аяз құрсанған, мұрны қып-қызыл  Аяз ата кірді. Балалар жаңа жылға оқудағы жақсы бағаларымен, өнегелі […]

КҮН ҚАЙДА ҚОНАҚТАЙДЫ?

        Зейнел-Ғаби Иманбаев Жазғы таң ерте  атса да күн әлі көтерілген жоқ. Аспан ашық. Айнала тым-тырыс. Әлемге нұрын шашар Күн сұлуды асыға, салтанатпен күтіп тұр. Көп ұзамай рахман нұрын төгіп Күн шыға бастады. Алақай, Күн шығып келеді, Күн! – деді бар дүние шаттанып. Күнді мақтап бұлбұлдар сайрады, бозторғайлар шырылдады. «Алтын Күн-ай, қуатыңмен бусандырдың-ау!» – […]

    ТАҢДАНАРЛЫҚ ОҚИҒА

                                       ТАҢДАНАРЛЫҚ ОҚИҒА  Зейнел-Ғаби Иманбаев Балалар, сендер балықшының жолында өтірік өле қалып, сан соқтырған түлкі жайлы ертегіні оқыдыңдар ма? – деді Жылқыбай нағашым. Оқыдық. Соған нанасыңдар ма? Нанамыз, – десті кішкентай Қуаныш пен Зейін. Ал сендер ше? – деп, ересектеу Марал мен Софияға қарап еді: Ертегі ғой, – деп күлді де қойды. Нағашым жылтыр […]

КІШКЕНЕ МАЛШЫ

         КІШКЕНЕ МАЛШЫ  Зейнел-Ғаби Иманбаев           Қази ағай үркеккөгін арбаға жегіп, кешқұрым жайылымға тартты. Кішкене баласы Серікті бірге ала кетті. Баланың қуанышы қойнына сыймады. Айналаға қызыға қарайды. Алда көк орман. Жол бойы түгел жайқалған бидай. Ауа қандай таза. Әке деймін, дала қандай әдемі! – деп Серік әкесінің жеңінен тартқылады. Иә, балам, туған далаң қашан да […]

ҚЫЗҒЫШТАР

                                                 ҚЫЗҒЫШТАР  Зейнел-Ғаби Иманбаев           Елжас тағы қырға бармақ еді. Әкесі жұмыс киімін киіп жатып: «Мен түнде жүрем,  суық  болады, тоңасың!» – деп ақыл  айтты. Сөйтті де  жап-жаңа тракторды оталғызып, жүріп кетті. Ол ұзарыңқыраған кезде баласы соңынан жүгірді. Осы өткенде оны бір рет амалсыздан мінгізіп әкеткен. Елжас жерді қалай жыртқанын көріп қайтқан. Бүгін де солай  […]

Қараш

          ҚАРАШ  Зейнел-Ғаби Иманбаев Жеті жасар Қараш  қара күшігін жетектеп ауылдан шықты. Күн бүгін жылы. Жіпсік қар аяққа жабысады. Асынып алған ойыншық мылтығы бар. Ол өзін аңшы  Сұраған  атайға ұқсатып, іштей мәз болып келеді. Жалбыр жүн қара күшік салпылдаған құлақтарын елеңдетіп, із кесіп жүгіргендей болады. Бұлар біраздан соң тоғайға кірді. Қара күшіктің бұдан әрі барғысы […]

АЛА КҮШІК

   Зейнел-Ғаби Иманбаев  Сурет сабағында балалардың бірі үйдің, біреуі ешкінің, енді біреуі мысықтың, қысқасы, әркім ұнатқан заттарының суреттерін салумен болды. Ал Қажытай өзінің ала күшігінің суретін салғысы келді. Әуелі үлкен дөңгелек сызып денесін, сонан соң жоғарғы  жағынан кішкене дөңгелек сызып басын, төрт таяқша тартып аяқтарын, ирек сызықпен құйрығын салды. – Бұл не? – деп сұрады […]

СЫРҒАЛЫ

   Зейнел-Ғаби Иманбаев Жылда көктемде біздің аулаға қос қараторғай ұшып келеді. Келген бетте биікте тұрған ұясына кіріп, қыста шымшықтар салған қауырсындар мен шөп-шаламды тазалай бастайды. – Бұлар былтырғы торғайлар ма, жоқ басқа ма? – деп сұрады балалар бірде. Мен сасқалақтап қалдым да: – Былтырғылар шығар, – дей салдым. Өзім де анық білмейтінмін. Сондықтан бір күні […]