Зейнел-Ғаби Иманбаев

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Статус этой учётной записи - Принято

Кіреуке мерген

                                  Зейнел-Ғаби Иманбаев КІРЕУКЕ МЕРГЕН Кіреуке қосауызды төмен қарай бұрып, көздей бастады. Кішкентай мыс қарауыл бір сәт зорайып көрінді де, бұлдырап кетті. Қолы қалтырап, мылтықтың суық оқпаны шайқала берді. Қаракөлеңке үйде көкшіл кеудесін көрсетіп, қаншық қасқыр тұр. Көздері терең […]

Әкем көркем мінезді жан еді…

Әкем көркем мінезді жан еді… Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев жайлы Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев жайлы бір кезде тұңғышы Зейникамал Зейнел-Ғабиқызы естелік жазып еді. Жуырда ол кісі де жарық дүниемен қоштасты. Оқырман біле отырсын деген оймен мақаласын жариялап отырмын. Әкем көркем мінезді жан еді… Мен әкем мен шешемнің тұңғышы едім. Менен бұрын туған ұл бала аз күн тұрып […]

Жез топса

                Жез топсалар                                      Зейнел-Ғаби Иманбаев Жандостың қалтасы темір-терсекке толып жүреді.Өңірін басқан ауыр қалтадан гайкалар, кесінділер, шынжырдың үзінділері, шайбалар табылатын. Алақандары таттанып жусаң да кетпейтін болып алған. Бала ұйықтап жатқанда шешесі әлде неше рет темірлерді құртып, қалтасын босатып […]

ҚАБДЫРАШ  АҢШЫ

ҚАБДЫРАШ  АҢШЫ Жеті жасар Қабдыраш қара күшігін жетектеп, ауылдан шықты. Күн бүгін жылы. Жіпсік қар аяққа батпақша жабысады да жүрісті ауырлатады. Қабдыраштың иығында асып алған ойыншық мылтығы бар. Ол өзінің осы кейпін аңшы Сұраған атайға ұқсатып, іштей мәз болып келе жатыр. Жалбыр жүн қара күшік салпылдаған құлақтарын елең-елең еткізіп олай- былай із кесіп жүгіргендей болады. […]

Үкі мен шіл

Үкі мен шіл                                                  Авторы-Зейнел-Ғаби Иманбаев Шіл— ормандағы құстардың ең ұсағы. Жағал-тарғыл, қоңыр шұбар балапандарын ертіп, қалың шөптің арасында күн  ұзақ шыбын қуады. Балапандар жамыраса шиқылдап, көгалға сүңгіп, дамыл көрмейді. Бытырап бара жатса, мекиен шіл қоңыр айдарын күдірейтіп, құрылдаған дыбыс шығарады. «Байқа, қауіп бар» дегені. Орман кезген қу түлкінің тұмсығы сезбейтін иіс жоқ. Жауының жақындап […]

Ұйықтар алдында

                                       Ұйықтар алдында -Аякөз! Ұйықтайтын уақыт болды, қызым! — деп, әжесі айқайлап еді: -Әлі ойнай тұрайыншы, – деді кішкене қыз еркелеп. Дала қараңғы. Аспанда күміс жұлдыздар жылтырайды. Ауыл үстіне тыныштық орнапты. Әжесі жетектеп алды. -Қарашы, сиыр да, қой да, ешкі де тынығып жатыр. Секіріп, дамыл көрмейтін ақ лағыңды көрдің бе, енесінің жылы бауырына кіріп алыпты. […]

Таңғажайып оқиға

ТАҢҒАЖАЙЫП ОҚИҒА Жылқыбай ағай рахаттана күліп алды да, әңгімесін бастап кетті. -Тіпті таңғажайып оқиға болды. Шаңғымен бір түлкінің ізіне түсіп келе жаттым. Күн тып-тымық, үп еткен леп жоқ. Тоғай аппақ қырау жамылып тұр. Түлкі ізі бірде қарға жасырынып, бірде адам баспас шытырманға кіріп, шимай салып, әурелеп баққан еді. Дамылдап алайын деп, алаңқайға бөгелдім. Бір кезде […]

Өткелде

ӨТКЕЛДЕ Екі бала өзенді жағалап келе жатты. Арғы бетке өтіп, бүлдірген теріп қайтпақ. Таңқы қара Әбік -сабырлы болса, сорайған сары Жеңіс – сөзшең. -Біз Оралда тұрғанда, – деді Жеңіс, – ағынды өзеннің жағасындағы лагерьде болдық. Оқытушымыз бір жарым шақырымдық тауға өрлетті. Сонда мен бар баланың алды болып шықтым тау басына. Пионерлердің таңданғанын айтсайшы. «Альпинист, барып […]

Өсекші

Өсекші                                                  Зейнел-Ғаби Иманбаев Қалбалақтап ұшып жүрген сауысқан орман аралап келе жатқан аңшыны көрді де, танысы ор қоянға «аңшы келе жатыр, аңшы», – деп жар салды. Әккі қоян сауысқан шықылықтағанда- ақ тығыла қалды. Жер қара, қоян аппақ. Алғашқы қар еріп кеткен, ойдым-ойдым таусыншықтары қалған. Қоян тал түбіндегі тоқымдай қардың бетіне бұға қойды, аңшы аңғарар емес. […]

Орман тұрғыны

ОРМАН ТҰРҒЫНЫ Айсыз түн. Орманның іші. Үлкен қара дене мүйізі тармақ- тармақ болып, баяу қозғалып келеді. Бұл — орман тұрғыны тағы бұлан еді. Ол тоқтады да әлуетті мойнын жуан қайыңға үйкелеп ұзақ тұрды. Сөйтіп ілгері бір аттады… Ілгері бір аттауы-ақ мұң екен, сырғанай жөнелді. Атқып кетпек еді үлгере алмады. Ауыр денесі солқ етіп төмен қарай […]