Алтын Иманбаева

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Алтын Иманбаева
Статус этой учётной записи - Принято

Әнші Ләззат Сүйіндікова

Нәзік те сырлы үнімен мыңдаған тыңдаушының жүрегіне жол тауып, асқақ әндерді шырқата салған халқымыздың сүйікті әншісі Ләззат Сүйіндікованың есімі бала кезімізден Қазақ радиосының әуе толқынынан етене таныс. Олай дейтініміз, біз Ләззат апамыздың әнін тыңдап қолымызға домбыра ұстадық, сол кісіше ән салуға машықтандық. Қазақ қыздарының ішінен қолына домбыра ұстап, дәстүрлі ән орындаушылық шеберлігін қалыптастырған, ұлттық өнерімізге […]

Көшбасшысы өнердің

  Қазақ өнерінің қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық әртісі Құрманбек Жандарбеков жайлы ой толғағанда өнер иесінің табиғи дарындылығы мен өлшеусіз еңбегіне таңғаласыз. Жарқ-жұрқ еткен мінезімен, жарасты тұлғасымен, қыранның саңқылындай ашық та таза үнімен, әсерлене шырқаған әнімен, ұйымдастырушылық шеберлігімен көзге түскен Құрекең өз әріптестерінің ішінде жан-жақтылығымен ерекшеленді.             Құрманбек Жандарбеков 1905 жылы Шымкент уезінің […]

Өнер бағының бұлбұлы Күләш Байсейітова /1912 — 1957/

Қазақ өнерінің жұлдыздай жарқырап, нұр сәулесін шашқан, сыңғырлаған әсем де қоңырау үні жүздеген  тыңдаушының жүрегіне жол тапқан біртуар дарын иесі, халқымыздың мақтанышы, Кеңестер Одағының және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты –  Күләш Байсейітова. /1912 — 1957/ Жүйрікке жүйрік ұқсар ма, дарынды дарын қайталар ма?  Біз үшін Күләш қазақ өнерінің іргетасын қалап, табиғи дарынымен классикалық […]

Өнер қонған дарын иесі

Аққу ұшып, қаз қонған жер әсемі Жетісу өңірінде туып, киелі өнерді жанынан серік еткен қайталанбас тұлға, сегіз қырлы бір сырлы өнердің хас шебері- Қазақстанның халық әртісі Қанабек Байсейітов  қазақтың опера өнерінің іргетасын қалап, әлемдік дәрежеге көтерген майталмандарымыздың бірі. (1905 — 1979 жж.)              Қанабек Талдықорған өңіріндегі Қаратал ауданына қарасты «Айдарлы» елдімекенінде дүниеге келген. Бір атадан […]

Жүрек қалауы

            Киелі өнер жолын қалап, ана әлдиімен әншіліктің қасиетін түсінген бүгінгі кейіпкеріміз өмірінің отыз жылдан астам уақытын ұлттық мәдениетіміздің  өркендеуіне өзіндік үлес қосқан Қазақ радиосының ардагері Мұхамедқұл Смағұлов.           Мұхамедқұл Смағұлұлы Алматы облысы Жамбыл ауданныа қарасты Жаманты аулының түлегі. Ол Смағұл ақсақал мен Шәуе ананың сүт кенжесі, жеті баланың бірі. Алаңсыз балалық шақ жайлы оның […]

Алыстап кеткен нұр бейне

        Алыстап кеткен нұр бейне           Бұдан көп жыл бұрын Орда өңірінде атақты күйшілер Құрманғазы, Дина мен Сейтектің елінде сәби дүниеге келді. Ата-анасы ұлан-асыр той жасап қуанышқа бөленді.             Бала ес білгеннен білсем, көрсем, естісем деп жарық дүниедегі тіршілік сырын ұғуға асықты. Талаптанды, талпынды. Жарық сәулеге ұмтылды. Анасы  Хамиданың әлдиінен ән-әуеннің құпия сырын […]

Би падишасы

Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың                     өмір мен өнері жайлы естелік /1912-1997/ Би  өнерінің іргетасын қалап,  киелі де рухани дүниенің сырын ашып, талмас талап пен қажымас қайраттың үлгісін көрсеткен саңлақтарымыздың тарих қойнауында есімдері жаңғырып тұрары аян..             Қаз-қаз басқан ұлттық өнерімізді өркендетуге отызыншы жылдары еліміздің түкпір-түкпірінен табиғи дарындар келіп бас қосты. Олар күнделікті […]

Көне күмбір жаңғырығы

Ауқымды тарихы бар Қазақ радиосында небір жақсылар мен жайсаңжар еңбек етіп, қазақ әдебиеті мен тарихына,  өнері мен музыкасына  орасан зор үлес қосқаны  бүгінгі «Алтын қорымызда» жинақталған 111 мың фономатериалдардың ішіндегі  құнды хабарлардан айқын байқалады. Осыншама тер төгіп, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен  ардагерлердің ішінде өнерімен танылған  Нұрахмет Жорабекұлының есімі ерекше аталады.           Жер жәннаты Жетісу өңіріндегі […]

Сөз зергері. Заңғар жазушы Ғабит Мүсірепов жайлы

                                    Сөз зергері             Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, көркемсөз зергері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов жайлы сөз қозғамас бұрын  әңгімені әріден қозғауды  жөн көріп отырмын.           Тұнық бастауын «Қыз Жібек»  , «Ер Тарғын», «Ләйлі-Мәжнүн», «Қобыланды батыр», «Көрғұлы», «Сал-сал» ,«Зарқұм», «Шәкір-Шәкірат» сынды  інжу-маржан жырларды […]

Қазақтың тұңғыш ксилофоншы қызы Алма Айдынғалиева

          Ана әлдиімен бойға сіңген әсем ән мен күмбірлеген күй құдіреті адам баласының көңіл-күйін ретке  келтіріп, тыңдаса жан жадыратып, мұңайса мұңын тарқатар  әсерлілігімен ерекше.           Жайық   бойында дүниеге келіп, осы бір нәзік те кірпияз өнер жолына түскен қазақ қыздарының ішінен шыққан тұңғыш ксилофоншы  Алма Айдынғалиеваны біреу білсе біреу біле бермейді.           Өзіміз бала кезімізден әуе […]