Asautai@mail.ru

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Актер, режиссер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Статус этой учётной записи - Принято

“ТЕРІСҚАҚПАЙ” қайда жаңғырды!

Кезінде әсем Алматымыздың сахнасының сәні болып, сырттан келген қонақтар сатира жанрында ерекше ізі бар, айқын бағыты бар "Терісқақпай" театрының қойылымдарын асыға күтіп, іздеп, сұрап жүріп баратын. Асқар Наймантаев бастап, Ұлан Нүсіпәлі, Қадырғали Көбентай, Дархан Дайырбек сында бүгінгі күні ел аузында айтқан әзіл-қалжыңдары жаттанды сөзге айналып, әлі сахна төрінде шыққан биігінен төмендемей жүрген майталман актерлардың елге танылған құтты шаңырағы «Терісқақпай» театры еді. Оншақты жыл көрермен көңілін аулаған театр 2010 жылдардан бастап көзге көрінбей кеті. Оны сағына еске алып, «қайда екен?» - дейтін жанкүйерлері де аз емес. Өмір ағысы әрқайсысын әр салаға, бірін басшы, бірін жетекші, енді бірін режиссер қылып ағызып кете берген. Театрдың тізгінін ұстап қалған Асқар Наймантаев жуырда оны қайта жандандырып, жастармен толықтырып, ел алдына шығара бастапты. Өткен күзден бері бұл театр Жезқазан, Сәтпаев қалаларында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында өнер көрсетіп, Алматының төрінде Қадырғали Көбентайдың кешіне де ат салысып үлгеріпті.

ЖҰЛДЫЗЫ ЖАНҒАН ҚЫЗ

Арайлым Берікқызы былтыр (2018 ж) ғана Ж. Елебеков атындағы колледжді тәмамдап, «Актер» мамандығын алып шыққан кішкентай ғана қыз еді. Өткен жылы «АB PRODUCTION» орталығында Қазақтанның еңбек сіңірген қайраткері, Асқар Наймантаев түсірген қысқаметражды фильмге кастинг арқылы басты рольге ие болып, ойдағыдай орындап шыққан. Сол бетінде Асқар Наймантаев ол қызды «Терісқақпай» театрына алып қалған. Осы бір жыл […]