Saimaganbetov@bk.ru

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Статус этой учётной записи - Принято

Ұлы дала төсіндегі Сыр елінің фольклоры.

Қазақта «Аманат» деген үлкен ұғым бар. Қасиетті дінімізде де аманаттың жолы ауыр екенін дәрменсіз пенденің қаперіне қайта–қайта салып отырады. Дәуірлерді көктей өтіп біздің заманымызға көлемін бұзғанмен дәйегін бұзбай жеткен осы бір қастерлі ұғым, үйі ағаш,ұраны Алаш болған өр қазақтың бітім–болмысының айшықты бедері іспетті. Қаншама ғасырдан бермен қарай қара сөздің құнын кемітпей,қара қылды қақ жарған би-шешендер, […]

Жиенбай – жыр бұлағы Кетедегі

Қызылқұм мен Қуаңның тоғысар тұсындағы, бұйра құмға ілігер қабақ  Бекет  құмының етегіндегі, есігі шығысқа қараған,керегесі он екі қанат,бүтін шапқан арысы шаңырақты биіктете көрсетіп,ақшаңқан туырлығы мен мұндалап тұратын, үйдің ішіндегі бау-шуы – көздің жауын алардай келісті,ісмер бәйбішенің қолынан шыққанын айшықтайтын дөдегелі  қазақы үйдің іші – Кете–Шөмекейдің игі жақсылары бас қосатын ордасы секілді еді. Елдің ішінде болып жататын әртүрлі дау-шарлар да осы жерден бітімін тауып жататын.