Заман Төлеуов

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Статус этой учётной записи - Принято

ЕКІ ЖҮЗ ЖАНҰЯ ҰЛТТЫҚ БУРЖУАЗИЯНЫ ҚҰРА АЛАДЫ МА?

Бізде ғана мемлекеттік қызметке келген адамды бірден мақтай жөнелу деген бар. Бұл – нағыз жағымпаздық. Мысалға бір азамат қызметке тағайындалса (мүмкін өз еңбегімен немесе көкелерінің еңбегімен), жапа-тармағай сол адамды мақтай жөнеледі де, сенім танытқандай жағымпаздана кетеді. Менің ойымша, бұл – нағыз надандық. Ол адам қызметке тұрмаған кезде қаперіне де алмай жүреді, ал қызметке ие болып, […]

«АҢҚАУ НОҒАЙ»

Анау жылы әкем малдан қалған соң, оның ақ таяғын мен ұстап жайлауға шығып бара жатқанмын. Жолай ертеректе елі көшіп кетіп иен қалған Бастаушыда ақыран боп отырған әкемнің құрдасы, бірге өскен жолдасы Қасқырбай әкеме сәлем бере кеттім. Ол сөз арасында: – Мына, иттің баласы қу «ноғайдан» көресімді көрдім! Қия басқан ізімді аңдып, болмағанды болды деп, екі […]

КЕРМЕК

–         Аға, анаған қараңызшы. – деді Бекбосынды түртіп, қасындағы бала. Бірнеше жігіт он-он бес метр жерге қаңылтыр жүлгемен бетон қуалап жатқан-ды. Бұлар шыр көбелек айналып тұрған миксердегі бетонды көп қабатты болашақ коттедж табанына төгіп, берік ірге тасын құйю үстінде. Бекбосын қолындағы күрегін қайықтың қалағындай есіп тұрып, баланың меңзеген жағына мойын бұрды. Десанттардың көк жолақ жейдешесін […]

“Шетелде тұратын қызымды Қазақстанға қайтара алмай жүрмін”

Астанада өткен Стратегиялық бастамалар форумында тыңдар құлақ табылса талай тұщымды әңгіме айтылды-ақ. Әлихан Байменов, Ораз Жандосов, Саясат Нұрбек, Марғұлан Сейсембай секілді сауатты оқырманға таныстырып жатуды қажет етпейтін аузы дуалы азаматтар сөз алып, елдің бүгінгі беталысына баға берді. Қайдан келеміз? Қайда барамыз? Бағдарымыз дұрыс па, бұрыс па? Бұл елдің болашағы бар ма, жоқ па? Түтіні түзу […]

Орыс ұлтынан әйел алған белгілі қазақ азаматтары (фото)

Аралас некені халықтың 70-80 пайызы қолдамаса да, о заманда да, бұ заманда да өзге ұлттан жар алған азаматтар баршылық. Олардың басында ұлт зиялылары мен көсемдері, ақын-жазушылар мен бүгінгінің сал-серілері де бар. Stan.kz ақпараттық агенттігі назарларыңызға орыс қыздарын жар еткен белгілі қазақ азаматтарының тізімін ұсынады.Ахмет Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынов қазақ жерінде қоныстанған орманшы Иванның қызын ұнатып қалады. Онымен көңіл […]

Дос КӨШІМ, саясаткер:Қазақтың бәрі үйде, дастарханның басында отырғанда «нөмірі бірінші» саясаткер…

Осыншама қиыншылықпен келген жеңісті қазіргі билікке бере салғанымызға өкінемін  – Бала кезіңізде кім болсам деп армандадыңыз?– Бала кезімде саяхатшы болуды армандадым. Армандап қана қоймай, өзімді алыс сапарларға дайындадым да. Картамен, компоспен жұмыс істеуді үйрендім, «сіріңкенің жалғыз талымен от жағып», жұлдызбен жолды анықтаудың қыр-сырын игердім. Ең қызығы, бұл арманым біршама орындалған да сияқты. Мектепті бітіре салысымен, […]

ӘР ЕЛДІҢ ЗАҢЫ БАСҚА, ИТТЕРІ ҚАРА ҚАСҚА

Ежелгі грек даналықтары жайлы оқып отырып қайран қалдым: «Заңды ақылды адамдар ұсынады, ақымақтар оны талқылап, қабылдайды», «Жиі өзгеріс енгізіле берген заңнан қадір кетіп, оның заңдық қасиеті қалмайды», «Егер әлдекім заңға өзгеріс енгізем деп ниет білдірсе, ол мойнына тұзақ түйіп келуі тиіс. Ұсынысы қабылданса, аман қалғаны, ал қабылданбаса сол жерде қылғынып өлуі тиіс», «Заңды талқылау кезінде […]

Жыртқыштар

Қобланның қаны бұрқ етіп басына шапты. Ол ашуы ойнаса, жалма-жан тапаншасын суырып алатын әдеті бар-тын. Осы жолы да ұңғысынан ажал сығалаған сұсты қаруды салмақтай ұстап: – Сендерге адамның тілінде анық айтып тұрмын! Басшыларыңа апарыңдар, мені! – деп зілдене айтты. Травматпен қарулаған базар күзетінің сарбаздары да қаруларын кезене ұстап, бұның сесінен ықпайтынын аңғартты.   –         Соңғы […]

МЕН СЕНДІКПІН ӨЛГЕНШЕ

–        Құрметті, Ақылбай Жөнсерікұлы! Қадірлі қонақтар мен ауылдастар! – деп бастаған ауыл әкімінің баяндамасы қазақ тілінде бір жарым сағатқа созылып, ел енді «Ух!» дегенде: –        Мы ничего не поняли! Повторите  на понятном нам языке, а то мы уйдем! – деп алдыда қақшиып отырған бір топ орыс маржаларының  арасынан біреуі атып тұрды. Сосын қасындағыларға тұрыңдар кеттік […]

ӨМІРДІҢ МӘНІ

–         Ақсақал, сіздікі қызық екен? Құдды кинодағыдай «тут помню, тут не помню»… –         Қарағым, маған не қыл дейсің?! Жасың сексеннен асса, есесіне басың жарылып жатса, өзің не дер едің? Білмеймін, ешкімді көргем жоқ!.. – Қарт қатты ыңырси, бетін теріс бұрды. Басын ораған дәкеден қанның сіңбесі торкөзденіп көрінеді. –         Науқасты қинамаңыз… – деп, қастарында тұрған дәрігер […]