Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Статус этой учётной записи - Принято

Елбасы Жолдауы аясындағы – жастардың бас қосуы

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 11 сәуір 2018 жылы жас ғалымдар мен студенттер арасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттауға бағытталған "Қазіргі жаһандық әлем: рухани жаңғыру және ұлттық болмысты сақтау мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция шеңберінде “Астана тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты жастар форумы болып өтті. Конференцияның мақсаты – жас ғалымдар мен студенттер арасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүм¬кіндіктері» атты Жолдауды түсіндіру және насихаттау. Сондай-ақ, жас ғалымдар конференцияның секция отырыстарында баяндама жасалды. Пленарлық және секциялық мәжілістерде студенттер Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи мәселелері, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері, тарихи-мәдени мұраларды сақтау, ұлттың рухани жаңғыруы, жас ұрпақтың мемлекет тағдырына деген жауапкершілігін ұғынуы мәселелеріне байланысты сұрақтар қарастырылды. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары конференция материалдарының жинағына кіргізілді. Конференцияға қатысушылардың барлығы сертификаттар алып, ал үздік ғылыми жұмыстар I, II және III дәрежелі мақтау қағаздарымен марапатталды. “Астана тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты жастар форумында сөз алған академия ректоры: "Өскелең ұрпақ ел болашағының даму бағытын анықтайда. Елбасы жолдауы жаңа кезеңдегі жасампаз жастардың өркендеуіне жол ашатындығына сенемін деп мәлімдеді." Форум аяқтала салысымен бізге сұхбат берген Театр өнері факультетінің деканы А. Б. Құлбаев: Мұндай форумдар өскелең ұрпаққа Елбасы жолдауын, мемлекеттік саясатты түсіндіруге бағытталған маңызды ареналардың бірі. Біз мұндай бастамалардың үнемі қолдауымыз керек деп мәлімдеді.

Дарынды тұлғалар қалыптастырған кино мектебі өнер Академиясында

   С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты  (БМКИ)  100 жылдық мерейтойы аясында   Алматы қаласының Достық үйінде екі елдің өнер Ордасының шығармашылық ұжымы  сондай-ақ  аталмыш институттың әр жылдардағы түлектері  баспасөз отырысында бас қосты. Бұл  БМКИ-діӊ 100 жылдық мерейтойын мерекелеу аясындағы «Қазақстандағы БМКИ күндері»   шарасын    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілді. БМКИ 100 жылдығының шеңберінде […]