Келіс Рахымжан

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Жазушы. Бірнеше кітаптары шыққан. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инст. ғылыми қызметкері. Алматыда тұрады.
Статус этой учётной записи - Принято

М.Әуезов және ақындық өнер

М.Әуезов және ақындық өнер   Қаламгер өзінің әдеби қызметінің алғашқы кезі жөнінде  «Өз жайымнан мағлұмат» деген мақаласында көркем сөз жазуды алғаш өлеңнен бастаған жасырмаған. Демек жазушы алғашқы жолын өлеңнен бастаған. Бұл өлеңдер басылымдарда жария болмауы себепті, олардың құндылығы мен көркемдік деңгейі қандай болғанын білдіретіндей жазба дерек қалмаған. Оны суреткер жастық әуестікпен, өзінің күшін, талант, білімін […]

Кекшіл Құрақбай

                                     Кекшіл Құрақбай     Кекшіл Құрақбай Дүйсен ақынның қолтығына мықтап қіріп алды. Оның оң жағында ақыл соғып отыр. Бұрынғыдан жүдеген. Білмейтіндер мұны жылы жерде отыр, түк істемейді, рақат өмір осыныкі деп ойлайды. Қайдан білсін Құрақбайдың ішінде не жатқанын. Оның ішінде не жатқанын өзімен бірге келе жатқан ескі достары, қызметтес болған, бірге жүрген, оқуды бірге тауысқан […]

Абайдан соң ақын өтті қаншама

Абайдан соң ақын өтті қаншама   Көбі бекер керемет деп жүргеннің. Түбі шикі жалған тірлік сүргеннің. Жаңылыстым демей бірақ бәрі де. Сарнап жүр ғой ығын алып іргеңнің.   Жанған оттың жұмысы не шаламен. Миы аздар теңесе ме данамен. Қалғып кетсе түртіп қалып оятар, Қазақ үшін керексің сен қара өлең.   Өйтіп-бүйтіп дүр атағын алса да. […]

Күзгі шуақ

                                    Күзгі шуақ                                            әңгіме     Жазғы каникул аяқталар мезгілде әкем әлдебір жұмыспен аудан орталығына баратын болды да қасына балаларының ішінен мені ертіп алды. Екі ағам мен кіші інім «бізді неғып ертпеді» дегендей сынай танытып еді, «сендер үлкен болып қаланы көрдіңдер ғой, ала жаздай ешқайда шыққан жоқ Жанатай барып келсін папасымен»,–деп шешем мені қостай қалды […]

Бұлт торлады аспанды

          Бұлт торлады аспанды Бұлт торлады аспанды тау мұңайып Жапырақтар сөйледі қолды жайып. Күн сәулесі жалт етіп соңғы үміттей Қайтып келмес мекенге болды ғайып.   Тұман түсіп Алматы, Алатау жақ Суық желмен сабылып барады аунап. Қабақ түйген қара бұлт қамшы сілтеп Қара жаңбыр көшеде салады ойнақ.   Арналардың толып қап су ағары Өзен болып көшемен […]

Газ тексеруші

Келіс Рахымжанов                              Газ тексеруші                                     әңгіме    Көксеген түс қайта есік алдына шығып отырды. Күн еңкейіп қалған уақ. Маусым айының салқын лекілдей желі соғып тұр. –Ой, шіркін, самал жел-ай,– деп күбірлеп қойды. Тәңіртең ақ жауын себелеп өткен. Аспандағы бұлттың қалыңдығына қарап–әй, бүгін де жауын күнұзақ жауады-ау,–деп күңкілдеп еді. Келе сала бақша ішінде әбден […]

Қызым Қымбатқа

           Қызым Қымбатқа   Сен де міне, жақсы істерге жарадың Жүрсің айтып жастық шақтың бал әнін. Ұмыт болды сәби шағың кешегі Мүлде есейіп үлкен болдың қарағым.   Оң-солыңды қалдың өзің танып та Ұмтыласың керемет бір жарыққа. Сен есейіп онда-мұнда барғанға Дос-туысқа қалғандаймыз жарып та.   Сенен өзге болмағандай басқа өмір Жылда есейіп өсуші едің жасқа […]

Бастықтың досы

                                    Бастықтың досы      Қасымбек ойда жоқта үлкен кәзитке бас редактор болды. Бір қызметтен түсіп ренжіп жүр еді. Енді қайта түзелді. Кәдімгі шәниген бастық. Сөйлесе бұрын да иек қағып тұратын. Бірақ бойы кішкене. Айбары шамалы. Осы боп тұрғанда шығарып қояйын деп жастық желігімен жазған бірдеңелерді ара-тұра беріп қоятын болдым. Онымды даладай қылып классиктердің тұратын […]

Туған жерді сағынам

               Туған жер   Туған жерге барып қайтқым келеді. Поезбенен бір күншілік жер еді. Тар вагонда дала желін сағынып Отырған сәт еске түсе береді.   Осы жолмен қаншама рет бардым мен. Сапарлас боп сырлас та боп әркіммен. Туған жерге белгісіз күш тартқан соң Жиі келіп жүретұғын болдым мен.   […]

Отты ағын

                                        Отты ағын   Жабығып батқан күзгі түннің жетегінде өзінің ұзақ ұйқысына енді батып бара жатқан қала ортасындағы көп қабатты үлкен ақ үйдің бірінші подьезіндегі мүлгіген тыныштықты есік қоңырауының құлаққа жағымсыз естілетін ащы шырылы бұзды. Жауынды түнде даладан қараңғылық ішінде сүйретіліп келе жатқан алдынан оқыс шыға келсе қорқынышты бірдеңенің сұлбасындай көрінетін орта бойлы, қолында қолшатыры […]