ҚИССАЛАР

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Статус этой учётной записи - Принято

Әбіл мен Қабыл оқиғасы

Ұлық Алла Адам атаға әмір беріп: – Мен үшін Меккеге барып үй тұрғыз, – деді. – Ол жерді қайдан табамын, – деді Адам. – Мына құстың соңынан еріп отыр, ол саған жол көрсетеді, – деп, көкқарғаны жіберді. Көкқарға ұшып отырып, Адам атаны Мекке жеріне алып келді. Осы сапарда Адам ата Хауа анамен қайта табысты. Екеуі […]

Адам ата мен Хауа ананың жұмақтан қуылуы

Алланың дәргейінен қуылған Ібіліс Адам атадан кек алуды ойлады. Жұмаққа жасырын келіп, қараса Хауа анамыз жыланмен сөйлесіп отыр екен. Ібіліс Хауа ананы азғыру үшін, алдымен, жыланды арбауды ойлады. Бірақ жұмақтың есігін күзетіп тұрған періштелер оны ішке кіргізбеді. Ібіліс не істерін білмей тұрғанда, ұшып бара жатқан тауысты көрді: – Әй, тауыс, сенің даусыңа бұрыннан ғашықпын. Періштелерге […]

Адам ата мен Хауа ана қиссасы

Адам атаны жаратқан соң, ұлық Алла оны пейішке кіргізді. Адам жәннатта жалғыз жүрмесін деп, Алла тағала оған жұп жаратуды ойлады. Ояу болса, қабырғасы ауырып, жанына батар. Қиналғаннан Хауаны жек көріп кетер. Ал, қалың ұйқыда жатқанда жаратсам, Хауаның қайдан жаралғанын білмей, жат көріп, суып кетуі мүмкін деп, әдейі ұйқылы-ояу хәлінде жаратты. Адам оянған соң, қасындағы сұлу […]

Ібілістің Алланың дәргейінен қуылу қиссасы

Ібіліс періштелерге ілім үйреткен ұстаз болған екен. Оның есімі Әзәзіл еді. Ұлық Алла тағдыр тақтасына «бір мақұлық малғұн болады» деп жазыпты. Періштелер бұл жазуды көріп, үрейлері ұшты. Бәрі жиылып, Әзәзілге келді. – Әй, Әзәзіл, сенің дұғаң тез қабыл болады, «Алла бізді малғұнның қатарынан қылмасын» деп дұға тіле! – деп жалынды. Әзәзіл: – Иә, Аллам, мына […]

ҚИССА СҮЛ-ӘНБИЯ. Адамның топырақтан жаралу қиссасы.

Құрандағы аяттар саны бір деректерде 6666 аят деп жазылса, кейбір еңбектерде 6616, ал қайсыбір ғалымдар 6217 деп көрсеткен[1]. Ғалымдар Құран аяттарын үкімдік, қиссалық, мысал мен  ғибрат және дұға аяттары деп жіктейді. Соның ішінде үкімдік, яғни шариғат заңдарына негіз болған: әмір берген, құлшылыққа, тұрмыс тіршілікке қатысты нұсқаулық аяттар саны 230 аят шамасында[2]. Кей ғалымдар мұндай аяттар […]