Belgisizuly@mail.ru

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Статус этой учётной записи - Принято

“Жалғыздық”

Ол төртбұрыштың арбауында әлі де ұзақ отырар ма еді?  Ыңырана ашылған есіктің әлсіз дыбысы мұның назарын еріксіз аударды. Әлгінде ғана жұтқыр әйнектің көз нұрын сорғылап жатқанын шыбын шаққандай көрмеп еді. Енді міне, одан ажыраған сайын жүйке талшықтары жалмауыздың өрмегіндей шатаса бастады. Тәнін қарып өткен сайқал леп жүрегін шымырлатты. Қараңғыда бірдеңе жыбырлағандай. Жараланатын жері қалмаған жүрегін үрейге тіпті де билете қоймады. Көптен күткені сияқты. Елегізіп, құштар көңіл білгенше асық. Алтыншы сезімі мұның дәл өзі екеніне еш зорлықсыз сендіре түсті. Иә, осы, нақ өзі.