Бесқарағай туралы тағы бір толғаныс

Сен қарашы бұл жердің әр қырына

Салғандай естелігін сандығына

Белесің бетегесін кезіп өскен

Қарағайы ұқсайды – тағдырыма

Тал-қайыңы арқау боп шабытыма

Мен ұмтылдым өзіңе жан ұшыра

Әрбір атқан Ақ таңда алау сынды

Үміт күттім жетістік табысыма

Анау қырда қарақат теретінбіз

Анау белге мал үшін келетінбіз

Анау жерден анамыз қарсы алатын

Көкжиектен бақытты көретінбіз

Көретінбіз, сыйқырға сенетінбіз

Ертегіге елітіп, еретінбіз

Атамекен біз сені барлығынан

Артығырақ, құдіретті көретіенбіз

Содан ба екен, биікке ұмтылғаным

Тоқтамадым, таусылып құртылмадым

Ертістің арнасындай тасый бердім

Мен сенен үйренгем ау ырқымдағын!..


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here