Темір Мұхамедұлы Тайбеков

Темір Мұхамедұлы Тайбеков (28.2.1939 ж.т., Жамбыл облысы Жуалы ауданы Боранды бекеті) – композитор. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1965). 1962 – 65 ж. Қазақ радиосында музыкалық редактор, Қазақ телевизиясы мен радиосының музыкалық. редакциясын ұйымдастырушы әрі бас редакторы (1965 – 71) және осындағы музыкалық редакциясының меңгерушісі (1984 – 90), 1971 – 81 ж. Қазақконцерт бірлестігінің музыкалық. және көркемдік жетекш., 1981 – 84 ж. Атырау облысы атқару к-тінде мәдениет жоніндегі көркемдік жетекші. 1990 – 97 ж. “Өнер” баспасының музыкалық. редакциясының бас редакторы міндеттерін атқарды. Т. – “Жас дәурен” (сөзі Қ.Аманжоловтікі, 1956), “Махаббат тілі – тілсіз тіл” (сөзі Абайдікі, 1965), “Жаңа жыл вальсі” (сөзі Д.Қанатбаевтікі, 1970), “Мәңгі шырак” (сөзі Б.Тәжібаевтікі, 1976) әндері, “Туған жермен әңгіме” толғау-балладасы (1970), “Атамекен” поэмасы (1987), увертюра-фантазия,т.б.аспаптық шығармалардың; Жас дәурен әндер мен романстар (1977), балалар мен бүлдіршіндерге арналған “Кремль жүлдыздары” (1984), “Коктем вальсі” (2000) әнжинақтарының авторы. Әндері кезінде қазақ әншілері (Р.Бағланова, А.Байтоғаев, Ғ.Есімов, Е.Серкебаев, Р.Мүсабаев, т.б.) репертуарынан орын алды.[

Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here