Сұлтан Қанафин – ақын, зейнеткер

                    Есімін есте қалдырайық  

 Зейнел-Ғабимен 1953 жылдың маусым айында өз ауылы  Ортақкөлде  танысқаным  есімде.  Оған  дейін  Зекеңнің  аты- жөнін облыстық «Ленин туы» (қазіргі «Солтүстік Қазақстан»)  газетінде  жарияланған  мақалалары  мен  әңгімелерін  оқу  арқылы  сырттай  ғана  білуші  едім.  Ол  өзінің  сөзінде  бала  жасынан көп жылдар бойы ауру мехнатын көргенін, бағына  қарай «Приишим» кеңшарының ауруханасына Альберт Алексеевич Филиппов деген білгір дәрігердің келіп өзін емдеп,  сырқатынан сауықтырғанын қуана айтып отыратын. Мен  келер  жылы  сол  «Ленин  туы»  газетінің  Преснов  ауданы  бойынша  меншікті  тілшісі  болып қызмет атқарып  жүргенімде Зейнел-Ғабимен қалада да, ауданда да үнемі кездесіп жүрдік. Адамгершілік қасиеті бірқалыпты,  ақжарқын  азамат еді. Сондықтан сыйлас болдық.

 Зейнел-Ғабидың  «Бастама»  атты  алғашқы  жинағы  1959  жылы  «Жазушы»  баспасынан  басылып  шыққан  еді.  Зекең шығармаларының  оқушы  қауымға  қызғылықты  екендігін  ескерген  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Ілияс  Омаров  пен  баспаның  редакторы  Асқар  Лекеров  жинақтың  басылып шығуына көмектескен көрінеді. Оның талай әңгімелері  өте шеберлікпен жазылған. Айталық, кішкене Құсайынның  әңгімелері,  «Оң  сапар»,  «Петнә  Құсайын»,  «Шөгелдің  көкбестісі»,  «Жасыбай  атай».  Оның  балаларға  арналған  «Жекпе-жек» әңгімесі қазақ мектептерінің екінші сыныбына  арналған «Ана тілі»  оқулығына  енгізілген.  Зейнел-Ғаби  әңгімелер  жазумен  ғана  шектеліп  қойған  жоқ.  Ол  «Қыран  түлегі», «Қадиша», «Солмайтын гүл», «Таң атқанда» повестерін де жазған еді. Зекеңнің  көзі  тірісінде  он  жеті  кітабы  шықты.  Зейнел- Ғаби  жалынды ақын Баймағамбет Қанафияұлы  Ізтөлин  туралы 2 актілі 4 көріністі  «Баймағамбет Ізтөлин»  драмасын  жазып, «Ленин туы» газетінің 1980 жылғы 5-ші сәуір күнгі  нөмірінде басылып шыққан еді. Сондай-ақ  Баймағамбеттің  өміріне  байланысты  «Күрес»,  «Таң  атқанда»,  «Ізтөлиннің жолдасы»  деген  тақырыптарда повестері  мен  очеркі  баспа  беттерінде жарық көрді. Зекең қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға да білек сыбанып, белсене кірісетін. 1956 жылы 23-ші ақпан күні Баян  және көрші Киров ауылдары ақындарының айтысы өткізілді.  Оны ұжымшар басшыларымен келісіп, ұйымдастырушы Зейнел-Ғаби еді. Айтысқа шығатын ауыл ақындары —  Баяннан  Жұмадиев  Самархан  отағасы,  Кировтан  —  маған  айтқан,  мен қатысқым келмеді. Сонда да Зейнел-Ғаби мен  «Ленин  туы»  газетінің  шақыртуымен  келген  Әли  Мұсахановтың  қолқалауымен  айтысуға  ауыл  ақыны  болып  мен  шықтым,  онда да Зейнел-Ғабидың көңілін қимағандықтан. Біз сахнаға  көтерілгенде клубтың кең залында халық лық толып отырды.  Зейнел-Ғаби  өлеңмен  «Тойбастар»  айтқаннан  кейін  ақындардың айтысы да басталды. Одан кейін концерт берілді. Көрермендер де ризашылығын білдірді.  Бұл дүниеден өзі өткенмен, артында мол мұрасы қалды, ол  кейінгілер пайдаланып оқу үшін жазып кеткен шығармалары.  Осыған байланысты менің айтарым: Зекеңнің шығармаларын  бір жерге жиыстырып,  қайтадан шығарса  дұрыс  болар еді.  Өңіріміздің  мақтанышы  болып  табылатын  оның есімін  өзі  оқыған мектепке немесе туған ауылына берсе, артық болмас  еді. Бұл туралы  Шал ақын ауданының басшылары ойланар  деп ойлаймын.           

  01.01.2004


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here