Бүлінгеннен бүлдіргі алма!

Нұрхалық Абдырақын

Адам ұрпағына дұрыс тәрбиеден басақ ештеңе бере алмайды.

Пайғамбар хадисі.

Иа, адамдар үйге қамалғалы бері, отбасылық жаңжалдың белең алғаны ақпартта аз айтылып жатқан жоқ, онсызда КТК, 31 теле арналарын жаңалық көруге ашсаң, біздің қоғамның күннен-күнге іріп-шіріп бара жатқанын жайып салады. Көреуге жаның шыдамайды.

Отбасылық жаңжалға байланысты жаңа заң қабылдайды екен, ол заң қазақты түбірінен құртады деген ұлтжанды азамат пен азаматшалардың үні естілді.

Біз қазақтар өзімізден адасып қалғанымызға ғасырдан асты, қызыл үкіметтің «дін апиын, дін жоқ, шайтан жоқ» еген сөзіне алданып, ата-бабаларымыздың бетіне топырақ шаштық. Тәуелсіздіктегі 30 жылда қазақ тіпті, көрінгеннің қаңсығына таңсық болып, тарам-тарам топқа бөліндік. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аналар ала қап арқалап базарға нан іздеп кетті, үйдегі бала қараусыз, тәрбиесіз қалды, отбасы институьты түбірінен жойылды. Сол кездегі балалар бүгінде өздері отана, отағасы…Сол ұрпақ бүгінде билікке келе бастады, келіп жатыр… (Ескі таныс апайыммен көшеде кездесіп қалып,  хал-жағыдайын сұрадым. Несін сұрайсың, қазіргі жастардың қол астында, жанында бірге жұмыс істеу қиын болып кетті, амал жоқ жүрміз, тез зейнетке шықсақ-қой деп, күмілжіді апайым…ащы шындық).   

Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Мектептер әлі күнге тәрбиесіз. Әдеп-иба пәні және дін мен дәстүрді негіз еткен қазақтану пәнін оқытуды қолға алатын уақыт әлде қашан жетті. Біздер баяғы жұртта отырып алып, маймылдан өзгерген адамды іздеп жүрміз. Бүгінде адам маймылға айналып кеткен жоқ па?!!!

Міне осындай қоғамды өзіміз қолдан жасап, енді отбасылық жаңжал аспаннан түскендей байбалам саламыз. Өзі іріп-шіріп біткен, ешқандай ішкі руханияты қалмаған, отбасы тәрбиесі (ата-әке, бала силастық) жоқ, сырты жылтыраған, іші қалтыраған, еркек еркекке артылған, әйел әйелге секірген, жалаңаштықта жарысқан, қатыны мен баласы сақшыға береме деп қорқатын, әбден бүлінген жұртқа қарап, солардың бүлдіргісімен отбасымыздағы жаңжалды түзегелі жатырмыз ба сонда?  Қылымыс жасауға итермелейтін, жазықтыны жанын салып қорғайтын, нәпсілерін (ойына келген хайуандық тірлігін) жақтайтын шимақтарын заң деп, жазып алған қауымға еліктейміз бе ағайын.

Үйімізде сайрап тұрған теле жәшік, қолымыздағы сырғымалы қолфонның ішін былыққа толтырып, баламызды бізден жұлып алды…. ұрпағымызды кім тәрбиелеп жатыр… бір үйде тұрғанымызбен бала-шағамыздың жаны қай жақта, жүрегі не деп соғып тұр… біз тек сыртқы тәніне қарап мәз болып жүрміз, адам тек ішкі әлемімен ғана адам болмақ. Барлық бұзықшылықты ғылыми түрде бала кезден сыналап қағуда…

Біз кімге еліктеп жүрміз, қазақ өзін толық танымаса бәрі тұл.

PS: Үй болу оңай шаруа емес, әр отбасы өз алдына бір әлем, ұқсамаған тәрбиедегі қызбен жігіт, бір үйде әу бастан үнсіз күн кеше қалуы қиын.  Шыныға салған қаныттың шайдың ішінде бастабында ерімей қыңылдай жүріп, қасықтың көмегімен әзер еритініндей жаңа келін де, бірте-бірте бөтен отбасыға сіңеді емес пе.

Өкініштісі сол, бүгінде отбасылық тәрбиенің қатты ақсауы, жұрттың жаппай қазақтықтан безінуі, мектепте тәрбие, әдеп сабағының болмауы, теле жәшіктің арбауы, қолфонның қоздыруы ең алдымен жастарды жүгенсіз аттай басқа жаққа алып кетті. Сондықтан баяғы тәрбиелі қызда, ұл жоқ.

Әйтсе, біздің қоғамға үйленетін жастарға 6 айлық келіндер мектебі мен  үш айлық жігіттер курысы керек болып тұр. Онда дінмен дәстүрге құрылған отабасы тәрбиесі, әулет құндылығы, силастық, бақтты отбасы, шаруақорлық, т.тт бағытта лекциялар оқылуы керек.

Кешегі жеті жарғыны жасаған Тәуке хан орыс пен жоңғар қысып тұрсада ешқандай айналасына жалтақтамай, бір Аллаға тәуекел деп іс бастап Құран мен Пайғамбар жолын мықты ұстап, әдет-салтты ұмытпай қазақтың ішкі жағыдайына, жан әлеміне, рухани болмысына, дәстүр құндылықтарына негіздей заң жады емес пе ағайын. Біз олардан сауаттымыз, мықтымыз деп ұрандаймыз. Біз өзімізді өзіміз қарап тұрып, құрдымға жіберетін харекетті жасап жатқан жоқпыз ба?

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың дінни-ағартушы өкілдері Абай Құнабайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жсіп Көпеев, Ғұмар Қараш, Шәді Жәңгіров, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Нұржан Наушабаев, Тұрмағмбет Ізтілеуов, Ақмола Мұхаммедияров, Әбубәкір Кердері, Мақаш Қалтаев,  Нұржан Надшабаев, Мұсабек Байзақұлы, Әріп Тәңірбергенов,  Иманжүсіп  Құпанұлы өз шығармаларында мұсылмандық мәдниет пен әдебиеттің негізін қалыптастырды. Онда Жаратушы мен адам қарым-қатынасы, дүниенің жаратылуы, мұсылмандық әдеп пен ахлақ мәселелерін көтерді. (Б.Қ Бейсенов. Қазақ ойшылдары дін туралы: оқу-құралы-Алматы, 2012.-192б 161бет). Ұлтты сақтап қалу үшін қызыл үкімтке бастарын берген Алаш көсемдері ше? Қиын заманда ұлт зиялылары не істеді, не жазды. Бүгінгі зиялылар бейбіт, азат күнде не жазып, не істеп жүрміз деп өзіне осы сұрақты қойуы керек шығар?

 Өзімізден өзіміз адасып жүрміз. Ұлт болам десең, әр қазақ тамырыңды ізде. Алланың арқанына жабыс, ата-бабаңды ұлықта. Бұл нәрселерде саған зәредей зиян жоқ. Ертеңгі ұрпаққа дұрыс тәрбиеден басқа ештеңе қалдыра алмайсың… Иман тұнған отбасында ешқашан ұрыс-керіс болмайды.   

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here