ҰҚСА МЕНІ БІР ҰҒАР

Жалғыз дара-Абайым…

Таң нұрына табындым,

Кейде жолдан жаңылдым…

Медет болмай жаныма,

Мехнатыма бағындым…

Болсын дедім бұл өмір,

Садақасы арымның…

Кейде шыным, жоқты іздеп,

Жоқ нәрсені сағындым…

Үміт күтіп әр-неден

Кейде өзімді алдадым…

Сонда бәз бір әзәзіл,

Шошайтып ап бармағын;

Мазақ етіп тұрғандай,

Алдадым деп, арбадым…

Өлі ішіммен өртеніп,

Өртке оранды жан-жағым…

Кейде рас, бұл шыным

Ішкі үндерім тұншығып…

Асығамын, содан соң

Жан жүрегім күрсініп…

Ақ пен қара арасын,

Соған бардай таласым…

Ажыратып бағамын

Бір таппаққа шарасын…

Мақсатыма ұмсынып,

Қу тірлікке құлшынып..

Жоқты алуға тырысам

Тәңіріммен қырсығып…

Сонда оянып азабым,

Шаршағандай боламын…

Күмән тауып көңілден,

Тояттаумен араным…

101

Санадан тыншу іздеймін,

Керсінше ойға сүңгимін…

Ойды қуды, ой жүйрік

Тоқтауы жоқ,білмеймін…

Өз-өзіме сия алмай

Қиялдағын қия алмай

Шыңырауға шым батам

Есімді бір жия алмай…

Сенгеніме қараймын

Сезгеніме қараймын…

Өткеніме бұрылып,

Өзімді іштей талаймын…

Неге ғана бұлаймын,

Неге ғана олаймын?!..

Амалым жоқ, амалым

Азабыма шыдаймын…

Есіркесе күндерім,

Аттай тулап жүрегім…

Жақсылықтан көп күтед

Жолым да ауыр, білемін..

Ақ пен қара алысып,

Өстіп өмір сүремін….

Кіналардай біреуді

Мен соншама, кім едім?!…

Құйын соққан санамнан,

Шығады ойлар тоналған…

Содан ба екен, құрбым -ау

Бүгін шашым ағарған…

Сезіп тұрып талайын

Жабылмады сарайым..

Ұқса мені, бір ұғар

Жалғыз дара-Абайым!..


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here