Қазақ мәдениетінде қазақ әйелдері өздерін қоғам мүшесі ретінде өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі болды. Қазақ елінің тарихында  Домалақ, Қызай,Данай сынды абыз аналарымыз рулы елдің ынтымағына, ілім-өнегесіне қызмет етті. Еліміздің тарихи ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жүрген нәзікжандылардың рөлі ерекше. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен 11-ақпан күні Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні болып жарияланған. Осынау атаулы күн қарсаңында Академиядағы ғылым саласына еңбегі сіңген әйел ғалымдар жетерлік. 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беруді дамыту орталығының қызметкерлері  ЮНЕСКО-ның ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне орайластырылған «Ғылымдағы әйел адамдар: бейбітшілік, руханият және жасампаздық үшін» ашық дәрісіне қатысты.

  Дәріс ұйымдастырушылары: Modern Education & Research Institute зерттеу институты (Бельгия), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Өзбекстан Республикасының жоғары және орта арнайы білім министрлігі. Құттықтау сөздерімен дәрісті Өзбекстан Республикасының Бельгия корольдігіндегі өкілі Дильёр Хакимов, Еуропалық Одақтың төменгі Аустриядағы (Аустрия) үкіметінің өкілі Виктор Ваугоин бастады.

  Дәрістің спикерлері әртүрлі елдердің ғалым әйелдері болды, олар өздерінің ғылымдағы жетістіктерімен бөлісті. Қазақстандағы ғалым әйелдердің атынан Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылым және инновация жөніндегі проректоры, т.ғ.д. Мерзадинова Гульнара Тынышбаевна, т.ғ.к., PhD, Брюнель университетінің (Ұлыбритания) докторантура түлегі Сарсембаева Асель Сериковна және т.б. сөз сөйледі. Дәріске қатысқан ректорлар ғылымның әртүрлі саласындағы әйел адамдардың рөліне, ғылымдағы гендерлік дискриминация мәселелеріне назар аударды.

Фото интернеттен алынды


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here