Notice: compact(): Undefined variable: context in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3390

 
   Қазақтың киелі шаңырақтарының бірі Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында белгілі журналист, ақын, қоғам қайраткері, “Айгөлек” журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы қонақта болды. Басқосуға Академия басшысы Ғани Бейсембаев, ұжымның  ғалым қызметкерлері мен журналистер қатысты. Кездесу барысында еліміздегі білім беру ісі, балалардың оқуға деген құлшынысы, бүгінгі құндылықтарға һәм өзге де өзекті мәселелерге қатысты шынайы ой-пікірімен бөлісті. Ұлт пен тілдің қамқоршысы, барща бүлдіршіннің тәрбиешісі һәм анасына айналған  Қымбат апай еңбек жолдарын ауылдық мектептен бастап журналистік қызметке дейін бала тәрбиесінен қол үзбей келеді. Бар күш-жігерін қазақ баласына  рухани құндылықтарымызды ұлықтап жеткізу үшін «Айгөлек» журналына арнап келеді.

   «Бала тәрбиесінде баланы кіналауға болмайды. Шын жүрегімізбен жеткізе алмай отырған ата-ана, тәрбие беретін мамандар кінәлі. Баланың  оқуға деген құштарлығын ояту үшін алдымен өзіңді дайындауға деген құштарлықты ояту керек. Бар баланың жандүниесі таза, кіршіксіз, бойында талант  бар. Ол оқып, білім алып, үйренгісі келеді. Тек қана ол үшін баламен тіл табысыңыз. Оларға лайықты біліміңізді жүйелеңіз, даусыңызды түзеңіз. Ата-анасы мен тәрбие берушілер бойындағы талантты  аша білу керек. Ойын  баласын қолына тәттіні ұстатқандай әсер көркемдікпен қызықтыра отырып, оқуға деген құштарлығын арттыруға болады. Бұл дегеніңіз құштарлық. Мен балаға деген тәрбиенің мұндай әдісін «Айгөлек» журналын оқып өскен жиырма жыл бұрыңғы оқырман балаларымнан менің әлі де үйренерім көп», – айрықша атап айтты.   

   Балалардың рухани тәрбиесіне өзінің қырық жылдан астам өмірін арнап келеді. «Айгөлек» журналында ой саларлық балалардың шығармашылық бәйге-байқаулары арқылы қанша мөлдір бұлақтардың көзі ашылып, білімге деген құштарлығы оянғанын ерекше мақтанышпен айтты. «Бұл болашақ өскелең ұрпақ тәрбиесінде рухани ілімнің берері мол деп білемін», – ел баласының тәрбиешісі Қ. Әбілдақызы.

   Атап өтсек, биылғы жыл Академияда көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл және оның есімін иеленген еліміздің жетекші білім ордасына  бір ғасыр. Осынау тарихи мәнге ие еліміздің мерейтойына орай,  Академия президентіне өзінің жүрекжарды тілектерін білдірді.

   Арнайы келген қонаққа Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев құрмет көрсетіп, «Ыбырай Алтынсарин атындағы «Ұлттық білім академиясы: тарих тағылымы мен жаңа заман үндесуі» кітабын  табыстады.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here