Қазіргі қоғамда әртүрлі бейресми инвестициялық қордың өкілдері адамдарды тез әрі оңай ақша табасыз деген желеумен  қаржы салуға үгіт жүргізгенін көп кездестіреміз. Бұл үйде отырып, «алма піс, аузыма түс» деген мысалдағы жағдайды елестетеді. Сол сияқты бір нүктеге қарап, оңай жолмен ақша табудың жолдарын ойлай беру де олжа әкелмейді.

Ал өз кезегінде алаяқтар осы сәтті дұрыс пайдаланып қалуға тырысады. Сондықтан қазіргі кезде, мысалы Норвегияда ашылған, офисі Тайландта, қызметі Қазақстанда жүретін инвестициялық компаниялар көбейді. Одан тек пайда табатын басындағы 15-20 адам. Ал қалған xалық артынан адам жинаймын деп жүріп ақ шаршайды. Бұған адамдардың өздері де кінәлі. “Ашкөздік” (орысша-человеческая жадность) деген псиxологиялық фактор адамға қарсы жұмыс жасайды.

Бұл дегеніміз жеңіл жолмен, аз ақшаны көп ақшаға айналдырам деген иллюзия. Өмірде сирек, миллионға бір рет қана болатын кездейсоқтық нәрсе ол. Кез-келген нәрсеге ақша салғанда есте ұстауға тиіс қағидалар мыналар: 1. “Назар аударыңыз” десе – аудармаңыз. 2. “Шұғыл” десе -асықпаңыз. 3. “Пирамида емес” десе – ол пирамида. 4. “Кіріңіз” десе – кірмеңіз. 5. “Көп ақша табасыз” десе-ақша таппайсыз. 6. “Байисыз” десе-кедейленесіз. Осы қағидаларды есте ұстаңыз.

Бұл – не қылған батпан құйрық, тегіннен-тегін айдалада жатқан құйрық?! Осы мысалдың мән-мағынасын жете түсінейік. Біреу не айтса да күмәнданыңыз. Сол кезде қателікке ұрынбайсыз. Осы постқа алып-қосарым бар десеңіз, қуана қабылдаймын.

 Балабек Сақтағанов,

Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы

Психология орталығының директоры

(Фото интернет көзінен алынды)


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here