Наурыз құтты болсын!

Естай Жеңіс

Теңелген күн мен түннің шағында бұл,
Құйылып жатыр көктен шұғыла нұр.
Түркілер заманынан бізге жетіп,
Наурыз жылдың басы саналып жүр.

Құт келді елімізге жылмен жаңа,
Бұл бақытқа ие тек көктем ғана.
Ақ тілектер ақтарып, бата тілеп,
Ескі жылда қалатын өкпе-нала.

Салтымен сәні кірген, дәстүрі нық,
Келеміз жалғастырып мәнін ұғып.
Сан ғасырға сара жол салып кеткен,
Қанында бар халқымның шын ұлылық.

Ынтымағы жарасқан берекелі,
Әлем тойлап жатыр бұл мерекені.
Жайнатып ақ дастархан думантатып,
Жайды құшақ ортаға жыр мекені.

Сенім артып ертеңге бір ғажап шын,
Жаса халқым, өйткені сен азатсың!
Бір межеге үш саның қатар кепті,
Тілеймін амандығын әр қазақтың!

Қиындықтың артта қалсын салмағы,
Орындалсын әр жүректің арманы.
Иманыңның ақ жолынан айныма-
Құдай берсе – құлай берер қалғаны!

Игі тілекпен: Ж. Естай💐


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here