Ақылдымын деме, ақылдымын деген күні адасасың, өйткені адам баласынан ақылды әзәзіл бар. Сенің әр басқан қадамына сенен бұрын бағаны қоршаған ортаң, айналаң, танып танымайтын жұртың береді. Біреу асыра айтады, біреу бетіңе өтірік мақтап тұрып, ішкі сырын жасыра айтады. Бұның барлығына дайын болуың керек. Сынға қалу, пәле мен жалаға іліну деген оп-оңай, неге десеңіз қоғам күштіні, дананы, ерекше жаратылысы бар дарын иелерін тез абылдамайды.

Қоғамға айласы мен амалы, пысықай, жылпос ненің болсын өңін теріс айналдыратындар тез сіңімдірек. Бірақ,солардың жасырын харектінің өзін көруші, сезушілер табылады. Адам болып қалуың үшін топпен санас,не ілгері, не көштің соңында қалғаның қателік.

Адамдардың ортасында жүргенің мың артық. Ол жерде, сен сияқты, сен сияқты ойланатын пікірлес, бір көзқарастағы жандардың табылары хақ.

Алдағы адам, соңына бұрыла алмайды, ол сол қатардан оқыс соңғы қатарға барып ығысқанда ғана ақиқатты аңғарады.

Соңғы қатардағылардың өкінішке қарай көбінің іші тар, немесе жете алмас арманға алданып ешкімнің зияны тимесінші – деп өмір кешетін момындар болуы мүмкін.

Олар алдыңғы қатардағыларды өздеріне үлгі етіп, ортада кетіп бара жатқандарға таса да тұрып тас атушылар.

Қоғамдағы осы үш қатар өз ара талас пен тартыс та өтетін сияқты…

Ал сенің жалғыз ғана амалың бақылаушы күйіңде жай ғана көшке еру. Айтар ойың болса соңынан барып білдіру…

 

Адамды сынап, сырын алу үшін ардан аттамасаң да болады, ішінде қоқысы бар пенде, сырт көзге өзі де ұрып тұрады.

Адам қандай болса сол қалпында қабылдасаң, сен біреуді сынауға, сені біреудің сынауына уақыт қалмайды.

Сезіміңді жүректе тұншықтырып өмір сүруге болады, сезімсіз өмір сүре алмайсың.

Күндеушің бар, тілдеушің бар, тілекшің аз, арпалысы көп өмір бұл…

Сұлумын деме, сүйкімсіз етеді,

Ақылдымын деме, арсыз етеді.

Адамның өміріне көбіне жұрт пікірі араласып жатады,шынында ол өмірді олар емес, сен сүресің.

Дос, жар таңдасаң бетіне емес, жүрегіне ғашық бол, жүрегін сүй, жүрегін аяла, сонда ол да сенің жүрегіңдегін түсінетін болады.

Адамнан қайырым күтпеңіз, бірақ қайырымды болуды ұмытпаңыз.

Адам жалғыздықтан қорықпайды, адам өлер шағында жалғыз қалудан қорқады.

Сәуегейі коп мына заманда, шақылдаған сауысқан саны көп екен…

Өткеніңді үлгі қыла бергенше, бүгініңе үлгі боларлық іс атқар!.

Күтіңіз, күтудің қасиеті де, қасіреті де бар

қасиеті ақталар сеніміңіз, қасіреті – сағыныш!.

Әкеңнің алақанынан сен үшін еткен еңбектің ізін көр, анаңның маңдайынан сен үшін тартқан мехнаттың сызын көр

Жанымыз қалағанға ғана ұмтылып, жанымыз қалағанға үйір болайықшы, қалғандары мәжбүрлік.

Адам әр төбенің басынан бір асу көрсе алсам деп асығады екен, соңында алғаны да көрінбейді, жеткені де сезілмейді сондықтан мақсатыңыз айқын болсын.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here