Жиенбеттің жарлары, Жиенбеттің жырлары. Біз білмеген қаншама, бар екен оның сырлары. Әлқисса, бұл әңгімемде, Бабамыз тұралы бір қорытынды шығару керек деген ойға келдім. Жалпы нобайын алдыңғы жазбаларымда айтып өтсем де оған онша көңілім толмай жүргенді. Дегенмен де бір тосын ақпарат қосамын деп те ойламаймын, тек ойда жоқта бір естіген әңгімені айтпасам, бірақ оны кейінірек сөз желісі кезінде келтірермін. Біздің замандастарымыз өткен тарихтарды, шежірелерді зерделегенде оларды өзгермейтін құбылыс ретінде қабылдайды, бірақ ол қате ұғым болып шығуы да мүмкін екенін қаперімізге де кірмейтін сияқты. Мысалы, бір әулеттің, алғашқы Атасы мен соңғы тұяғының есімдері біздерге дәл жетүі үшін, сол қауым бір аймақта ұзақ өмір кешіп жүрүі тиіс, ал егерде әртүрлі себептермен басқа жаққа ауып, және жергілікті ру-тайпаларға сіңіп кетсе, онда аталар тізімі үзіліп, өзгеріске ұшырайды дүр. Осы заманда, Бабамызбен менің ұлыма дейін 11 ата болып шығады екен(басқаларда ол 13-14 ке дейін болуы мумкін) және де бұл кісілердің есімдері 100 болмаса да 99 пайызға дұрыс болар деп ойлаймын, ал, керісінше, басқа тайпаларға сіңіп кеткен Шулық Жиенбеттер мен Арғынға кірген Айбике-Жиенбеттер ол үрдісті үзіп алған. Білсе түпкі бір атасының есімін білген, болмаса ол да жоқ, сондықтан өздерін сол елдің бір тармағынан тарқата берген дүр. Мундай жағдай кез келген қазақ ру-тайпаларында кезіге береді, сол себептен де қарға тамырлы қазақ болып жүрміз емес пе. Енді, сол, кірме жұртқа тарих олай емес былай болған деп дәлелдеп көріңізші, өзіңізді бірнеше қырдың астына, айдап, апарып тастасын. Ал Бабамыздың жоғарғы жағындағы аталардың шынайылығы да екі-талай, олай дейтінім, бірде Жаманбай, бірде Қошқарбай, немесе Байқошқар деп те айтыла береді, яғни, тұрақты бір жүйе-іздер жоқ, сондықтан екі-удай ақпарат, әлбетте, күдік тұғыза береді, ал күдік бар жерде бүлік те болады. Арғы заманды қозғамай-ақ, бергі Шыңғыстан былай, қаншама рулар басқа тайпаларға сіңіп, ыдырап, қайтадан, әр-түрлі елдерден, құралып пайда болды емес пе. Менің айтпағым-ешқандай халық, атам-заманнан осы уақытқа дейін, өзінің тазалығын сақтап қала алмаған,таза дегеннің өзі де жалпы ұғым ғана-, ал біздің қазаққа келсек сеңдей соғылысып судай араласып кеткен халық болып тұрған жағдайымыз бар дүр. Бұл біздің атамыз сондай, ал өзіміз мынандаймыз деген дақпырт сөздерге онша-мунша мән бере берүге әсте болмайтынын айтқым келеді. Жалпы айтқанда, әсіре мақтануды, қазақ қойса екен, шіркін-ай, олар өткен заманды көздерімен көрсе олай айтпас еді ме деймін. Енді, осы әңгімеміздің басты тұлғасы болған, Жиенбет бабамыз тұралы ойларымды тарқатайын. Дәл қәзір, біздердің жағдайымызда, өз алдына дербес, Жиенбет деп аталып жүрген ел екі тайпада бар:-бірі Байұлы-Тана Жиенбет, екіншісі Қоңырат Жиенбет, бұлардың қатарына басқа тайпаларға кірме болған басқа Жиенбеттерді қоспағанда. Сондықтан алғашқысын Т. Ж. ал кейінгісін Қ. Ж. деп беремін. Т. Ж.-дің шежірелерінде Жиенбет Есім ханда қызметте болған және оның Тұрсын ханға жасаған жорығына қатысқан(оларда жыраулығымен белгілі болған), Жолымбет деген інісінің бір тентектік істегені үшін онымен біраз уақыт араз болған, соның салдары Хан екеуінің арасы суып кетүіне әкеліп соққан, және қартайған шағында еліне оралып, сонда ұзақ жасап, өмірден өткен дейді, жатқан жері Тайпақ-Индер өңірінде деген де әңгіме бар. Осыған қатысты мынадай деректі келтіре кетейін. Інісі Жолымбет ағасының үйіне ол жоқта ғана келіп, кетіп жүреді екен. Бір күні Жолымбет аттан түсіп жатып, Жиенбеттің үйде екенін іргеден көріп қалып, атына мініп кері бурылады. Жиенбеттің байбішесі Есенқыз батырдан:-ініңіз сізден қорқып, қайтып бара жатқанын көрдіңіз бе?-деп сурайды. “Ондай есер жаманның маған керегі жоқ, кетсе жүре берсін”-деп Жиенбет қырсыға жауап береді. Сонда байбіше:-арақ пенен бал қосса, ем болады жараға. Екі жақсы бас қосса, жамандар кірер араға. Жаманды жаман демеңіз, басыңа қиын іс түссе, жаман да шығар қараға”-деген бурынғыдан қалған сөз бар емес пе?-дейді. Осыны естіген Жиенбет батыр сыртқа шығып, атына мініп, кетіп бара жатқан Жолымбетке:” Ей қыңыр ер, қыңыр ер, қыңырайма біздің ер. Қыналы бозға мінген ер, қыз қалмақты сүйген ер. Хан жалғыз да біз үшеу, қыңырайма, шіркін, бері кел! “-дауыстапты. Жолымбет келіп ағасының қолын алып, екеуі татуласыпты. Жайықтағы қалмақтың Есімге беріп жіберген тартуын(қызды) жолда Жолымбет тартып алған, содан қалған жыр-әңгіме осындай болған дүр(бұл тарту Жайықтағы шайқаста қазақтардан жеңілген қалмақтардың айыбының өтемі болған). Осынау жолдарға назар аударатын жерлері көп. Біріншіден інісінің Ордада жүрген Жиенбетпен ара қатынасы жақын болған, яғни оның қол астында болған болып шығады, екіншіден батырдың хан ордасында жүріп өмір сүрүі, үшіншіден оның сонда байбішесімен бірге туруы, төртіншіден” ағасы жоқ кезде” деген сөз тіркесі, батырдың оқтың-оқтың жорықта болуында тұр. Ал Есім хан ордасының Түркістанда болғанында ешкім де дау-даумай айта алмайтыны бәсенеден белгілі емес пе? Осы қысқа ғана өлең-сөздің батысқа жайылып сақталуына себепкер болған тек Жолымбет деп білемін, ал Түркістан өңірінде бұл толғау(және басқалары да) белгісіз, себебі батырдың бұл жақтағы бар-жоқ балалары тым жас болған. Мінеки бұл өлең жолдары Т. Ж.-тің Хан ордасында болған кезін сүреттейді, ал байбішесі осындағы үлкен әйелі болып шығады. Бір деректерде осы жарымен Қазығұртта табысқан дейді, олай болса біздегі Тәңірберді, Көшей, Кенжеғұлдың аналары осы Есенқыз болады. Тағы бір деректе бұл анамызды Тәуекелдің қызы Есенбике деп келтірген, бірақ бұл жерде Тұрсын ханды Тәуекелмен, ал Есенбике деп батырдың тоқалы Айбике анамызбен шатастырып жібергенге ұқсайды(сол замандағы батыстағы туыстары бұл есімді есітіп-білген секілді, інісі Жолымбет арқылы ғой болса да), ал кейінгі ұрпақ оны жадынан шығарып алған, әйтеуір бір әйелінің ханның қызы болғаны есте қалған және оның есімінде бике деген жұрнақ болғаны сақталып қалған соң Есенқызды ханның қызы Есенбике деп атап жіберген сыңайлы. Енді Қ. Ж.-ке келсек ол да Есімнің бас батырларының бірі болған, Ташкент билеушісі Тұрсын ханға жасалған шерүге қатысқан, соның нәтижесінде тұтқында болған байбішесін босатқан. Ол апамыз тұтқында жүріп бауар болған соң ханның екі қызын қазан астына жасырып, кінәрәтімнің өтемі болсын деп оларды еріне берген. Сол қыздардың есімдері-Айбике және Нұрбике деп айтылған, Нұрбикені Арғын Шаншарға берген де Айбикені өзі алған, бірақта анамыз сол шақта тым жас болған соң біраз уақыт Нұрбикенің қасында болған деген сөз бар. Сонда үлкені болып Нұрбике, ал кішісі Айбике дегенге келеді уақиға желісі. Ал байбішесі еліне келгеннен соң босанып, ұл тапқан, оның есімін Кенжеғұл қойған, ол кейін шаңырақ иесі болып бабамыз соның қолында болған дейді шежіре, ал тоқалына бөлек отау тіккен екен. Міне, қысқаша айтқанда, екі жақтағы Жиенбеттердің өмірлерінде осындай оқиғалар болған дүр. Енді өздеріңіз де ойланып көріңіздер”-сол заманда қанша Есім және қанша Тұрсын хандар болды”-әрине, бреу-ақ деп айтады тарих, ал сол жорыққа қатысқан екі бірдей батыр Жиенбет болған дегенді қайсыңыз не есітіп, не оқып көрдіңіздер, оны да ия деп ешбір адам баласы растай алмасы айдан анық, сол себептен де ресми деректерде ол соғыста болған бір ғана Жиенбет деп айтылады. Сонда мен екі жаққа да сұрақ қойғым келеді:-сіздердікі қай Жиенбет, ал біздердікі қай Жиенбет:-деп? Соғыс барысында бір Жиенбет болып жүріп ал ол аяқталғаннан соң ертегідей екі жаққа бөлініп кеткен дегенге сенесіздер ме сонда? Өкінішке орай барлығымыз да осыған әлі сеніп келе жатырмыз десем, асыра айтпаған болар едім. Өмір жолы дегенің біздің қазіргі автобандар сияқты тіке жүрү емес, оның ой-қырлары, оңды-солды бұрылыстары және де біз ойлағандай бола бермейтін неше түрлі оқиғалары болады дүр. Тағы еріксіз сұрақ туады:-сіздердікі қай Есімде болған ал біздікі қай Есімде болған?-деген. Әлбетте, бұл бір орынсыз сұрақ деп шешесіздер барлығыңыз да, сондықтан да сол заманда өмір сүрген бір ғана Жиенбеттің болғанын мойындауларыңызға тұра келеді және оның қорытындысы неге әкелетінін де бек жақсы түсінерсіздер деп ойлаймын. Егерде, барлығыңызда, өздеріңіздің жүздік, рулық және жалған намыстарыңызды уақытша артқа ысырып тастасаңыздар, онда көп ұзамай бір байламға келіп қаласыздар-ау деген үміт бар менде. Әрине, ол оп-оңай бола қоймасы анық, дегенмен де үмітсіз тек шайтан деген сөз бар емес пе біздің халықта. Ал Қ. Ж.-тің Есіммен Тұрсын ханға барғанының дәлелі:-сол жорықтан алып келген Айбике анамыздан таралған ұрпақтарының қазіргі заманда дін-аман өмір сүріп жүргендері:-соның бірі осыны хаттап отырған мен де боламын, яғни, біздер, сол заманда болған оқиғалардың шынайы екенінің тірі күәгерлері боламыз дүр, және айта кетейін, егерде бабамыз Айбике анамызды алмағанда, біздегі Жиенбеттер оның сол жорыққа қатысқанынан мүлде бейхабар болып қалады екен, және ол жорық қалмаққа қарсы болған деп айтып жүре берер еді, олай дейтінім ауыз-екі шежіреде Жиенбет жорықта болғанда елін қалмақ шауып, әйелін тұтқындап алып кеткен дейді, сондықтан халық жадысы онша көп уақиғаларды сақтай бермейтінін осыдан аңғаруға болады. Сонымен осы деректерге арқа сүйесек, онда екі жақтағы Жиенбеттер бір адам болып шығады, өз басым оған бек сенемін, әйтпесе онда мына жазу болмас еді дүр. Осы ойыма Тана Жиенбет баладан қарсы пікір алдым, өзі өте ашулы екен, оқыранып тұр ақ сабазың, жастық пенен білместіктің әсері болар да деп ойладым, бірақ бір жағынан оған рахметімді де айтамын, оның осы сөздері мына жазудың пайда болуына септігін тигізіп, түрткі болды. Әрине кез келген жанның меншіктеп жүргенінің тек оған ғана тиесілі емес екенін айтатын болсаң, ол адам ашуланбақ түгілі одан да сорақысына баруына бек мүмкін. Айтқан үәжінің төркіні мынадай:-Жиенбет Түркістанға барғанның өзінде Тана Жиенбет болып жүре бермей ме, ол қалай Қоңырат бола алады?-деп, миға симайтын нәрсе ғой деп бітірді. Жалпы, егерде, келешекте сұрақтар туындайтын болса, онда олардың басым көпшілігі осы сарынды болар деп ойлаймын, сондықтан оларға алдын ала жауап дайындайын деп шештім. Негізінде қазақта кітап болмағанымен, жамандылы-жақсылы ауыз-екі шежірелері баршылық, оған да шүкірлік етеміз де, әйтпесе екі Жиенбетті қоспақ түгілі олардың бұл дүниеде бар екенін де білмей өтер едік қой. Енді Байұлдың шежіресіне жүгініп көрелік және оның үзіндісін сөзбе-сөз берейін. Х. Мадановтың нұсқасы бойынша он екі ата Байұлы тайпасы Қыдырқожа бай есімді кісінің(айта кетейін, бір адамның тек бай болғаны үшін оның атын бір тайпаға бере бермеген көшпелі халықтар, мәселе бай деген сөз ескі замандағы бой дегеннен ауысқан, ал бой тайпа деген сөз. Сенбесеңіздер Қарға бойлы Қазтұғанды еске алыңыздар, немесе еш маңызы жоқ қазақтың мына мәтеліне назар салыңыздар:-Сай сайға құяды, Бай байға құяды:-деген. Негізі дұрысы:-Сойың сойлансын, Бойың бойлансын:-деген түрік мақалы бар, қазақшасы:-Руың руға, Тайпаң тайпаға ұлассын:-деп түсінүге болады дүр.) Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық атты үш ұлынан және тоғыз кірме баладан құралады. Кірме тайпалар мыналар:-Беріш, Адай, Таз, Жаппас, Есентемір, Алтытабан, Алтыбасар, Дуатимес, Құлақасқа, ал Құлтумаұлы соңғы үшеуін-Үйсін, Қоңырат, Алақай(Ардагөнек Құлақасқа деп те аталады) деп береді, және соңғы үш ата кіші жүз аймағында жоқ, ауып кеткен дейді. Қазіргі шежірелерде кіші жүздің он екі атасына Сұлтансиықтың бес баласын жеке-жеке қосып айтып жүр деп келтіреді, олай болатыны көшпелілерде ата саны қалайда он екі болуы керек. Үйсін, Қоңырат, Алақай бір кездері(көп болмаса да) Байұлдың құрамында болғаны да адам сенбейтін және миға қонбайтын болып көрінері сөзсіз, дегенмен де ол солай болған жағдай, ал осы үштіктің қайда кетіп, қай жерге барып тұрақтағанын, және не себеппен кеткенін білгілеріңіз келсе менің Алатау тұралы айтқан кішігірім әңгімемді қарап көріңіздер(қазақ.ру Тана Жиенбет және қазақ. ру Қоңыршұнақ, Борай, Жиенбет, немесе блог. мәдени порталында). Сол жазуда қандай себеппен кетүлері мүмкін дегендей сөз қозғағанмын(жер, мал, ер және жесір дауы деп), және алғашқы екеуінің себеп бола алмайтынын да айтқанмын, себеп соңғы екеуінде дедім де ары қарай тарқатпаған едім, енді соның орайы келіп тұрған сыңайлы. Сонымен, менің ойымша, себеп ер мен жесір дауы болған, ал ондай даулар өте ауыр және қиын да күрделі болғанын барлығыңыз да бек жақсы білесіздер(ондай мысалдар бідің әдебиетімізде жетіп артылады). Мундай мәселелер, көбінесе, екі түрлі желімен өтеді:-бірі Еңлік-Кебек, екіншісі Бекежан, Төлеген, Қыз-Жібек:-сияқты, мен соңғысындай болғанына бет бұрамын, және олардың кімдер болғандарын да айтып көрейін. Алдын ала ескертейін, өздеріңізді бекем де мық ұстаңыздар, өйткені екі Жиенбеттер бір адам деген сөз мұның қасында ойыншық болып қалады дүр. Сонымен, ол адамдар Жиенбеттің нақ әкесі мен оның Байұлдағы жесір шешесі болып шығады, ал Жиенбеттің өзі оларға жиен болады. Шамасы оның әкесі жанжалда мерт болған да, оның арты дау-даумайға ұласып, ақыры үш тайпа көшіп кетүге мәжбүр болған. Қазақтар ондай ауыр мәселелердің жамауын жатқызып, жабулы қазан жабулы күйінде қалсын деп, жылы жауып қоя беретін болған. Жиенбет деген есімге жақсылап назар аударыңыздар, ол мен жиенмін деп айқайлап тұрған жоқ па, сол заманның қазақтары өздерінің тұған балаларына ондай ат қоймаған, және оның жиен екенін де жәрия ете бермеген. Осы орайда мынаны айта кетейін:-біздің жақтың ауыз шежіресінде Жиенбет жастайынан жетім қалып, нағашыларының қолдарында өсіп-өнген, және ержеткен шағында Борай деген ағасы оны Есімнің ордасына, яғни Түркістанға алып келген:-деген сөз қалған, бірақта кейінгі ұрпақтары шатасып, әлде ұмытып қалып, нағашы елі Найман деп қате сөз қалдырған, оның да себебін Қ. Ж.-ке көшкенде жазармын. Ал Жиенбеттің әкесі, сол көшкен үш тайпаның өкілі болғанды, немесе нақтылайтын болсақ ол Қоңырат Алтылардың (Алаттардың) ішіндегі бір атаның баласы болған дүр. Осындай тосын ойларымды мықтау үшін мынандай айғақ беремін. Әлгі көшіп кеткен үштіктің бірі Алақай тайпасының шежіре-кестесі бар(ол Алатау әңгімесінде ілініп тұр), сол кестеде Алақай төрт атаға таралады да, соның бірі Қоңыраттарға тиесілі Тортуыл тармағында Қоңыр-Тана деген бутақ келтірілген, сондықтан сол көшпен Тананың бірнеше үйлері Қоңырат-Алталармен бірге қосарланып, солармен ілесіп кеткен, және өздеріңіз көріп отырғандай, олардың ара жігі ажырамаған және ондай берік байланыс жәйден-жәй болмайтыны да айқын. Осының өзі де талай жәйтті аңғартып тұр емес пе, және де Борайдың інісінің нағашыларынан алған қарғысы нақ осы мәселемен байланысты болып шығады дүр, себебі ол ескі жараның ауызын тырнаған болып тұр ғой, әйтпесе інісімен табысқанына бола ондай ашты сөздер айтылмаса керекті(Борай өспе, өссеңде жүзге жетпе деген), ол заманда кімдер айрылысып кімдер табыспаған дейсіз. Енді ашулы балама жауап қатайын. Жиенбет өзі өмір сүрген заманда Тана деп айтылмаған және айта алмайтын да еді, себебі ол кезде Тана қазіргі ру дәрежесіне жеткен жоқ болатын,оның ескі тарихта жалпы Алшын атымен аталып жүргенінің себебі де осында болар деп ойлаймын. Жиенбеттің тірі кезі шамамен төрт жүз-төрт жүз елу бурын болған, оның үрім-бұтағы болса да олар жас болған, сондықтан оның әулеті Тана-Бөрітоғаш-Жиенбет болып таралады. Тана атауы атам заманнан бар, соған қарағанда Бөрітоғаш оның тікелей ұлы емес, олардың арасындағы ұрпақтардың есімдері аласапыран замандарда ұмытылған. Сонда сіздер атасы-баласы-немересімен қосылып ру құраған деп ойлайсыздар ма, ондай жағдай тарихта болмаған және болуы да неғайбыл. Әрі кетсе кішігірім әулет болған, әрине, бірақ қазіргідей рү құрылымы болмаған. Оның солай болғаны сіздердегі шежіре айтып тұр емес пе, Құлтумаұлы айтқан:-қазіргі шежірелерде он екі атаға Сұлтан-сиықтың бес баласы жеке-жеке жатқызылып жүр:-деген сөздер. Қазіргі дегені әрі кетсе 18-ші. ғасырдың екінші жартысы болады, өйткені сол уақыттарда ата сандары көбейіп, үрім-бұтақтар кең тарай бастаған, және де Тана атының басым таныла бастауына Жиенбеттің дақпырты үлкен үлес қосқан. Қай елде болсын халық батырын, ақынын, биін, жыршысын ауызынан тастамайды емес пе, сонымен бірге оның тегі де қосарланып айтылады, ал оның соңы сол ата есімінің кеңінен белгілі бола бастауына әкеледі дүр. Сондықтан шежірелерді муқият зерделесек талай-талай қате ұғымдардан бек арылар едік деп ойлаймын. Әлгі жеке-жеке дегені, бес баланың бірде анасы, бірде мынасы айтылып жүрген, оның себебі бала саны бесеу де ал бос орын үшеу болған, он екі ата саны әр уақытта да берік усталған, ұзын сөздің қысқасы:-қайсы бірі танымал бола бастаса сол атаны қосып отырған. Тағы бір анықтап алатын оқиға бар, ол Жиенбет ханмен араздасып, соңыра айдалуға кетіпті деген деректер. Бұл жағдайдың болғаны рас, бірақ айдауда болды деген ұғым қате, бул да әр заманның өзіндік сал-дәстүрлерін ескермегеннен шығады. Айдауда болды деп Құрманғазы заманында айтуға болар еді, ал Хан Есімнің, топтасқан батырлар, уақытысынды ол әбестік болады, айдалу деген ұғым да жоқ болған. Бундай реніште өздері басқа жаққа кетіп қана араздықты өшірген, ал Есімде орыс патшасының заманындағыдай батырларды жазалайтын құдіреті болмаған, ең қиыны сөзге келіп, араздасып, айрылысу ғана болған, оған Жиенбеттің Есімге айтқан сөздері дәлел болады дүр. Жиенбеттің өз еліне бармай, Түркістанда қалмай, басқа жаққа кетуінде үлкен себеп бар. Егерде Түркістанда қалса онда еріксіз Есіммен кездесіп, не көріп қалуы әбден еді, ал елінде Жолымбет інісі жүрген, өздеріңіз білетіндей ол екеуімен де біраз уақыт араз болған. Сондықтан ешкімді көргісі келмеген батыр бетін басқа жаққа бұрған, соңыра реніштері тарқап, татуласқаннан соң қайтып ордаға келген. Кейін Есім ауырып билік тізгінін, оның баласы, Жәңгір алады, сол Жәңгірдің Лабастағы Доңыз тауының тар шатқалында салған соғысына Жиенбет пен Сары-Бұқа да қатысқан, және жасы 50 лерге келіп қалған-ау, өйткені мосқал деген тіркесі бар. Бұл соғысқа Жалаңтөс батыр көмекке келіп, Жәңгір қолына жеңіс әперген, біздің тарихшыларымыз буны Орбұлақ шайқасы деп даңғара қағып жүр, ал шын Орбұлақ шайқасы, осы соғыстан үш жыл кейін, Жаркент маңайында болған, бұл енді реті келіп қалғасын айтылған сөздер ғой. Осы уақиғалардан кейін батыр”пенсияға” шыққан сияқты, және одан арғы өмірін бір-азға дейін Түркістанда өткізіп, қартайған шағында туып-өскен жеріне кеткен сыңайлы, содан сол бойы бақи болғанша сол жақта болған дүр, мұны сіздердің шежірелеріңіз айтып тұр, ал біз жақта оның жатқан жері жоқ, олай дейтінім мүрдесі бірде анда, бірде мұнда деп шапқылағанмен, ешбірі қисынға келмейтін сияқты.Тағы бір деректі келтіріп кетейін, оның қаншалықты шын екенін білмедім, бірақта сол жолдарды келтірген адам оларды өз ойынан шығармаған болар, я біреулерден естіген яки бір жерден оқыған болуы керек. Сол сөздерді толық келтіре кетейін, оның біздің әңгімемізге тиетін пайдасы аса зор.«Шын.Батыс Қазақстандағы Тана руының нағыз атасы, бір туар тұлғасы, тарихымыздың бастауы, Сұлтансиықтан тараған атақты ұлан деп ұқ оқып отырған жаран. Тарихта бар, Жолымбет Есімханды ажалдан қорғаған жан, бірақ оны хан олай ұқпайды, керісінше жауым деп қабылдап, Кіші ноғайды, яғни Еділден Жайыққа дейін ойран салып қорғаған Жиенбетте(Жиембет) ханға теріс таныстырылып құлады. Содан орта жүзге бас сауғалап кетеді. Еріксіз. 73 үш жасқа қараған шағында елге оралады, сонда Сұлтансиықтың ұлдарының бірі алашалар соның ішінде Байбрақ пен Бәйшүрек деген есімді батырлар өзің билеп-төстеген жеріңді аман-сау ұстап отырмыз деп, ақ киізге орамаса да құрметтеп қарсы алған екен деген мәлімет бар, содан өлгенше Жайықтың оң жақ сол жақ төменгі ағысын билеп ел басқарған. Осы жиенбеттің Нүркесі(ОЛ кіші ұлы-Тоқтар, осы Тоқтар Нүрке) мін, Менің білетінім көп, бірақ әліде білгім келеді, хабарласыңдар». Автордың есімі Ерік, Ереке деп жазған, бұл жазуды Қазақ.ру Тана Жиенбет сайтынан алдым, және сөздерін еш өзгертпестен бердім.Енді осы кішігірім әңгімені талдап көрелік. Біріншіден мунда Есім, Жиенбет, Жолымбет атаулары бірге жүр, яғни осы үштік бір заманда, бір аймақта өмір сүріп, өте жақын қарым-қатынаста болған жандар дүр. Хан Есім ордасын батысқа көшіріп әкелген дегенді ешбір тарихтан оқи алмайсыз, ал оның шын мәнінде қайда болғанын өздеріңіз бек жақсы білесіздер деп ойлаймын. Екіншіден Жиенбет орта жүзге бас сауғалап кетті дегені. Ал бұл нені білдіреді?:-Кезінде, батыстағылар, Жиенбеттің орта жүзге кетіп, сонда біраз өмір сүргенінен бек хабардар болған, бірақта кейінгі ұрпақ сол деректің шынайы тарихын ұмытып, құр сүлдесін ғана сақтап қалған,соның салдарынан осындай жағдайға дұшар болып, кімнен кім қашқанын және қайда қашқандарын шатастырып алған.Шындығында,кімнен және қайда бас сауғалап тұр дегенге келсек, әлбетте ол Есімнен бас сауғалаған, сондықтан әңгіме қайтадан Орда қайда,Орта жүз қайда, Батыс қайда болған дегенге тіреліп тұрады дүр.Мундағы, басты, қажетті мәлімет Жиенбеттің батыстан Орта жүзге келуі, ал бұл мәселе біздің әңгімеміздің өзегі екенін оқып-біліп отырсыздар,сондықтан бұл дерек менің жорамалдарымның дұрыс екенін мықтап тұр және оны жақсы бекітеді деп есептеймін. Үшіншіден Жиенбеттің 73 үш жасында еліне оралғаны, демек сол жасқа дейін ол Орта жүзде өмір сүрді деген сөз, және де нешеме жылдар бойы түнде ай қарап жүрмегеніне бек сене беріңіздер деймін, сондықтан Орта жүзде өткізген өмірінің арқасында ғана пайда болған мұндағы Қоңырат-Борай, Жиенбет, Қоңыр-Шұнақтар, бұлда менің ойларымның қазығына бір тоқпақ болады дүр, оның үстіне біздің жерімізде Бабамыздың мүрдесінің болмау себептерін де анық айшықтайды, ал біздер кесене тұрғызған Ағадырға(Жезқазған), батыр өңінде түгілі түсінде де барған жоқ шығар, шамасы. Енді бірер сөздер ордалық Жиенбет, оның ағасы Борай және андасы Қоңыр-Шұнақ тұралы болсын. Шежіре айтқандай Борай Жиенбетті нағашыларынан Түркістандағы Есім хан ордасына әкелген дейді(ауз-екі әңгімеде еліне деп айтылады, олда кейінгі ұрпақтың шатасқанынан деп білемін), ал оның өзі де бір кездері Есімге қарсы жақтың сапында болғанға келеді, себебі Борай бір жырда Есіммен жекпе-жекке шыққан қалмақ батыры ретінде сүреттеледі, жырдың аты жыр емес пе, оның сарындары әр кез кім жау болса, өзіне беймәлім батырды сол жау еліне жатқыза берген. Бұл сөздерге назар аударсақ Борай қарсы жақтың адамы болып тұр, ал қарсы жақ дегеніміз кезінде Есімнің ағасы Тәуекел Самарқант жақта соғыс жүргізген, сонда Борай солардың қатарында болған дұр. Бұл жағдайдан шығатын қорытынды-Борай Түркістандық емес, және кейіннен онымен бірге еріп келген Бабамыз да солай болып шығады, яғни екеуі де бұл жаққа келімсек ретінде келген. Борайдың жасы інісінен бірталай үлкен болған деп ойлаймын, және де ол оның тұған ағасы емес, шамасы өте жақын немере-ағайын болған сияқты, ал ағайындылардың шыққан жері сол Қоңырат Алтылар ортасы деп білемін. Әскер сапына соңыра қосылған Қаңлы Сары Бұқа(Қоңыр-Шұнақ) да сол өңірден келген, әйтпесе Жиенбетпен қайда жүріп достасқан деп ойлайсыздар, және де оның осында келүіне Жиенбет мұрындық болған дүр. Міне осы себептерден аталған үштік соңыра одақ құрып, серт байласқан. Егерде, қазір біз ойлап жүргендей, олар Түркістандық Қоңыраттардан болса, онда ондай одақ пен серттің ешқандай керегі болмас еді. Сіздердің естеріңізге мынадай жәйтті салайын. Осы үштікке қарағанда ондай одақ пен серт Маңғытай мен Саңғылдар арасында болуға тиісті еді, бірақта олар ондайға бара алмайтын, себебі ол екеуі де онсызда Қоңыраттың ішіндегі аталар болатын. Ал біздің үштік нақ осы себептерден, яғни жергілікті Қоңырат болмағаннан соң, одақ құрып, серт байласуға мәжбүр болған, және осы одақтың ғана аталарын Қырандар деп атайтын болған, себебі үшеуі де Есімнің ордасында болған адамдар. Оған Есім айтқан делінетін:- Борай менің ақылым, Жиенбет менің батырым:-деген сөз дәлел болады. Міне, осы үш одақтың адамдарына сүйенген бабамыз, інісі Жолымбетке айтылған толғауында:-Хан жалғыз да біз үшеу:-деген емес пе, түсінетін, зерделі, кеудесі ашық, көзқарақты жандарға бұл жолдар көп нәрсені аңғартар болар, ал естімейтін құлақ, көрмес көздерге еш бір сөз бен дерек пайда бермес деп ойлаймын. Осындай одақ құрып, оны жүзеге асырып, баур болған, қазақ тарихында тек осы үшеуі десем артық кетпеген болар едім. Біздер, яғни сол кісілердің ұрпақтары, Туркістандағы Қоңырат құрамына аталарымыз дүниеден озған соң ғана кіргенбіз дүр. Батыс жақта толғаудағы«біз үшеу» дегенді өздерінше түсіндіріп былай дейді:-Үшеу дегені Жиенбет, Жолымбет және Байбақты деген батыр:-деп. Бұл топта Жиенбеттің болуы заңды, ал қалған екеуіне қатысты менің пікірім басқаша. Енді мынаған назар аударыңыздар:-Жолымбет онсызда ағасы мен Есімнің қаһарынан қашып жүргенде қалай ғана ханға сес көрсетіп, айбат шеге алады, ал батыстағы Байбақтыға Есім пысқырып та қарамаған деймін:- Орда қайда, Батыс қайда, және кімнен кім қорқып жүргендері онсыз да белгілі емес пе. Сондықтан ондай көзқарастан бетімізді бұрмастан басқа амалымыз жоқ дүр.Енді бабамыздың нағашылары Найман дегенге келсек мен оны былай түсінемін:-кезінде Арқа жаққа Айбике-Жиенбет болып, біршама адамдар кетіп, сонда қалып қойған. Сол қауымның өкілдері бір қорымға жерленіп тұрғаны да анық, жергілікті басқа халық оны, әлбетте, Жиенбеттер қорымы деп айтатын болған.Совет үкіметі келіп, орнығып жатқан тұста талай көкірегі ашық, оқыған-тоқығаны бар жандар не өлтірілді, не айдалды, не шет елге асып кетті, ал елде кілең кедей-кепшіктер мен жетімдер қалды, бұрыңғыны білетін зерделі азаматтар жоғалды, оның үстіне, жығылғанға жұдырық дегендей, аштық келді, халық жаппай қырылып, Арқа бос қаңырап қалды, советтерден бірен-саран аман қалған зерделі кісілер бұл індеттен өліп кетті де, елде білімсіз, тақыр кедейлер ғана қалды(оны сол заманда түсірілген сүреттердің ішіндегі адамдардың үстіндегі киімдеріне назар қойсаңыз бек түсінесіз).Енді солардан тараған кейінгі ұрпақ дым да білмейтін болып шықты, білетіндері сол қорымға Жиенбет есімінің қатысы бары:-міне, осыдан кейін Бабаның жатқан жері Арқада деген сөздер өрбіген де, Найман жұрты нағашылары деген сөз пайда болған. Менің естуімше Борай мен Қоңыр-Шұнақ аталарымыздың жатқан жерлері белгілі, ал Жиенбеттікі белгісіз болған, қазір соныкі деп жүргендері жай жорамалдардан шыққан тұжырым. Ал жоғарыдағы, батыстық, деректерге қарағанда Жиенбет осы жерде, баласы Кежеғұлдың қолында біраз тұрған, сонан соң ағасы Борай және байбішесі қайтыс болғансын өзінің өсіп-өнген жеріне қайтқан, және ол жақта ұзақ өмір сүріп ақыры бақилық болған. Енді үштіктің бірі, Қоңыр-Шұнақ атамыз туралы сөз қозғайық, оған да көптеген себептер шығып тұрған жағдай бар.Біріншіден оның есімі Қоңыр сопыға ауыстырылып, араластырылуы, екіншіден бұл екеуі бір адамдар және туыстар да емес, үшіншіден, қазір айтылып жүргендей, Қоңыр сопы әсте Жиенбеттің ағасы емес, оның Борайдан басқа ағасы жоқ дүр. Совет заманында аулда болдық, сол кезде рулар тұралы көп білетінмін деп айта алмаспын, бірақта Қарабұлақта Қоңыр сопылар тұрады дегенді естімеппін, ол жерде тек Қоңыр-Шұнақтар болғанын білемін, және бәрі де, өздері де Қоңыр-Шұнақ деп атап жүргендерін талай естігенмін.Кезінде, үштікті Қоңырат аталарына қосқанда Борай-Жиенбетті Жаманбайға, ал Қоңыр-Шұнақты Қоңырға теліген, содан кейін Шұнақ атауына Қоңыр сөзі тіркеліп Қоңыр-Шұнақ аталып кете барған, оған дейін ел арасында Шұнақ есімімен жүрген дүр, бірақта шын есімі Қаңлы Сары-Бұқа болғанды. Қазір әр жерде оқып қаламын, ұры болып құлағын кесіп тастаған соң солай аталған деп, бірақта қазақта құлағы кесілген ұрының атынан ру болған дегенді есітіп көрген жан барма екен, сондықтан бұл әңгімені қисынсыз әрі дұрыс емес деп білемін. Баяғыда біреу:-айтсам өзім өлемін, айтпасам шындық өледі:-деген екен, соның кебі маған да келіп тұрған сияқты. Біздегі шежіренің айтуынша Жаулыбайдың екі баласы болған дейді-Жаманбай және Қоңыр деген, соңғысы діни білім алған болу керек, сондықтан негізгі есіміне сопы деген жалғау қосылған. Ата-бабаларымыз өмір сүрген заманда ол кісілер бақилық болып кеткен дүр, сондықтан Қоңыр-Шұнақты Қоңыр сопы деп жүргендерің үлкен әбестік болып тұр, бұл аталарыңа істелген үлкен қиянат болады. Бұрындары, жыл сайын, Үш Атаның ұрпақтары жиылып, бастарына құран оқып, дұға тілейді деп естігенмін, сондағы амал Жаратқан Ием сол кісілердің рухтарын жарылқап, күнәләрін кешіріп, жәннатқа кіргізсін деген ниет емес пе. Міне, сіздер дұғаларыңызды соларға арнап, жандарыңыз жай тауып, тарқадыңыздар, ал сол дұғалардың сауабтары кімге баратынына зер салып көрдіңіздер ме, ол, кімнің аты аталса соған тиесілі болып шығады, яғни сауаб Қоңыр-Шұнаққа емес, Қоңыр сопыға барады, ал өз аталарыңыз құр қол болып қалады, сонда сіздерді осы жағдай алаңдатпай ма, тіпті болмаса екеуін бөлек-бөлек атағандарыңыз дұрыс болар деп ойлаймын. Әлде, бәлкім, сіздер Қоңыр-Шұнақпын деген сөзден арланып жүрген шығарсыздар. Аталарыңның рухына көрсеткен ізет-құрметтеріңнің сиқы осындай болса, онда бәріміз де алысқа бара қоймаспыз, кезінде, ол кісі, ұрпақтарым осындай болсын демеген де,шығар, әрине. Қателікті түзеу еш уақытта кеш болған емес, ойланыңдар, үлкенді-кішілі Қоңыр-Шұнақ баурлар, әйтпесе өздеріңізден кейін келе жатқан жас буын өкілдері мәңгүрт болып кетеді-ау деген қауп бар, соның салдарынан бір заманда аталарымыздың сертіне де күмәндануы мумкін болар деп алаңдаймын. Неде болса бұл қателік біреудің жазуынан немесе айтқан сөзінен кетті ме екен деп ойлаймын, анығын бір Алла білер де. Алдында мен оны Қаңлы Сары-Бұқа деп жаздым, ал ол заманда Түркістанда Қаңлылар аз болмаған, әліде баршылық болуы керек, бірақта осындай, рулас батыр болып тұрғанда, қалайша жергілікті Қаңлылар оны меншіктеп алмаған деген ойға келесің, алайда оның шешімі де аяқтың астында жатыр деп ойлаймын. Олай болып тұрғаны Сары-Бұқа түркістандық қаңлы болмаған, ол басқа жақтан келген азамат, мұнда оның андасы Жиенбеттен басқа ешкімі болмаған, сондықтан ол Орда маңайында өмір сүрген, жергілікті халықпен етене араласпаған және әскер сапына кейінірек қосылғанына қарағанда оны Жиенбет ертіп әкелген, сондықтанда да шежіреде екеуі үзеңгілес жолдас болған деп айтылған. Бұл ойлар Сары-Бұқа да сырт жақтан келген деген сөзімді растап тұр және одақ пен серттің қандай жағдайда және не үшін құрылған дегенге жауап береді. Сары-Бұқа дегенге сенбеуге де болады, одан тарихқа келіп-кетер еш зиян жоқ, алайда кім қалай айтсада ондай адам осы есімімен өмірде болған және айтуға тұрарлық із қалдырған. Қоңыршұнақ оның лақап аты болған дүр, ал мен ол атамыздың шын есімі Сары-Бұқа деп білемін, ақ-қарасын уақыт шеше жатар да, дегенмен ойланып көрген жан оның негізі де барын түсінер деп ойлаймын және ол тұралы толығырақ білгілеріңіз келсе алдыңғы жазбаларымды оқып көріңіздер, сонда біраз мәселенің басы ашылып қалар деп сенемін. Сонымен әңгімеміздің де аяғы қысқарып, сөзіміз таусылып барады, сонда да болса бір нәрсені айта кетейін, ол екі Жиенбет бір адам болған дегенді растайтын кішігірім ақпарат. Бұрындары оны еш адамнан естімеппін, жақында, Шымкенттегі ініммен сөйлесіп тұрғанда, ол атамыздың бір керемет аты болған екен деді, және сол ат тұралы жыр да бар деп қосты да, сол жырды білетін кісіні де танимын, бірақта жазып алайын десем телефон номерін жоғалтып алдым деп айтты. Сол тұлпардың аты Күлсары екен, енді қараңыздар батыстағы Жиенбеттің жатқан жері деген өңірде (Тайпақ-Индер) Кулсары деген мұнай өндіретін жер бар, сонда бұл жәй сәйкестік пе немесе Жиенбеттің атының өлген жері ме, кім білген, алайда ойға Ш. Айтматовтың «Қош бол Гүлсары» деген кітәбі бар екені есіме түсті де, Күлсары деген атау адамға тиесілі емес екенін ұқтым, неде болса сол аттың өлімімен байланысты жер болып тұрған сыңайлы. Егерде солай болған болса, оның үстіне әлгі жыр табылса, онда мен үшін үлкен де, жақсы жаңалық болар еді, қанша дегенмен күмәнсіз адам бола ма, айтып тұрғандарым дұрыс па-бұрыс па дегендей, онда осы жазуларымның бекер емес екеніне көзім жетіп, сеніміме сенім қосылар еді, және екі жақтың Жиенбеттері бірін-бірі мойындап, табысып та қалар деген үмітпен осы жазуды аяқтадым.Әлгі жырды естіген яки білген адамдар болса жария етсе екен деймін, қанша дегенмен, рас болса, ескіден қалған жәдігер болып тұр ғой.

18.05.21ж. Құлыбек-ұлы.М.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here