Келіс Рахымжан

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Жазушы. Бірнеше кітаптары шыққан. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инст. ғылыми қызметкері. Алматыда тұрады.
Статус этой учётной записи - Принято

Ұрлық

ҰРЛЫҚ   Жұманның әкесі ертерек колхоз кезінде соқамен жер жыртып, өгіз айдаған, бертінде техникаға алғаш сіңісті болған шаруа адамы. Шаруаға қолы да, көңілі де берік болған соң, соғыстан бергі уақыт жақсы тұрмыс көруге тақалған шағында жіңішке аурудан қайтыс болды. Сонда жасы елуден асқан.        Жұман әкесі сияқты денелі болғанмен, сөзшең, адуын емес, жымиып қана жүретін жұқалау, […]

Қызғаныш

ҚЫЗҒАНЫШ   Түр-сипаты, қылығы, өнері жұрттан асып кете қоймаса да, Берік жасы жиырма бірге келгенше үйленбей қыз таңдады. Жиырма бір, әрине, өзінің құрбыларымен салыстырғанда үйлену үшін ерте де емес, кеш те емес еді. Сол кезде әскерден бірінен соң бірі келіп жатқан құрбылары үйлене бастады. Қолдары жеткені әдемі, ақылды қыздарға, ал өзі сияқты қарапайымдары әйтеуір “бұйырғанына” […]

демалыс

ДЕМАЛЫС   Қоңыр демалыс күні кітаптың қызығына түсіп төсекте жатқан. Қоңырау шар етіп, есік ашылар-ашылмастан үй иесі кірді. Қыл ерінінің ұшымен амандасты да жанындағы былғары күртеше киген, құндыз малақайлы жігітке үйді көрсете бастады. Есігі сынып, фанермен жамалған түпкі, аядай бөлмеде екі төсек, беріректе журнал столы, сырты тозған екі кресло, терезе алдында қатарлап жиған кітаптар. Жалаңаш […]

Иірім

ИІРІМ   Кешкі ызғырықтан тонының жағасы ақ қырау боп, бұрын білмейтін Құдидың үйін әрең іздеп тапты. Есік алдында тізілген бос жәшіктер, су әкелетін шана, мұз қатқан бөшке. Аяқ астындағы қатқан қар аяқ басқан сайын сықыр-сықыр етеді. Терезелерді қырау оюлаған, үй жанындағы арса-арса ағаштар қар жамылыпты. Ұзын, қараңғы сенектен ішкі есікті әрең тауып үйге кіргенде пеш […]

Бір құшақ гүл

                                          Бір құшақ гүл   Қалалық өнер музейінің ауласында қыз бала әрі-бері жүр. Үстіне кигені жұқалау келген көгілдір түсті тізеден төмен түскен кең етекті көйлек. Ұзын шашын өріп, жинап қойыпты. Ақ бетіне құстың қанатындай болып жараса кеткен қап-қара шашы қиылмаған ұзын, кең маңдайынан құлағына, одан мойнына қарай тәртіппен таралған осы шаш бет әлпетіне өзгеше сән […]

Құрдастар

ҚҰРДАСТАР   Байман қызметке ойда жоқта кірді. Алматыдағы бір техникумның екінші курсында оқып жүріп сынақтан өте алмады. Шығып кетуге намыстанды, уақытша демалыс алып елге келді. Оның шешесі ертеде қайтыс болған, өте бір ұстамды, ақылға кең адам болған, әкесі болса екінші әйеліне ілесіп жүз шақырым жердегі басқа ауылға қоныс аударды. Байман жамағайындарын сағалап жүріп жатты, әкесі […]

Кісі ақысы

                              КІСІ АҚЫСЫ   Поезд разъезге түнгі сағат он екіде жетті. Жолаушылар абыр-сабыр болған кезде соңғы вагон составтан ағытылып, вагондарды бір жолдан екінші жолға жылжытып жүрген тепловозға тіркеліп, вокзалдан алысырақ шеткері жолға апарып қойылды. Жалғыз вагонды шеткері жолға әкеп ағытқан соң, тепловоз ышқынып алып, дүрсілдеп жүріп кеткенде манадан бергі рельс соғып дүңгірлеген вагон іші тыныштала […]

Мәкілдің жазығы

МӘКІЛДІҢ ЖАЗЫҒЫ   Көктем шыға ауылда Әлпейістің үйі тоналып, ұрланған заттар Мәкілдің иен тұрған қорасынан табылды. Учаскелік инспектор бірнеше күн ауылдан шықпай дерек жиып тергеу жүргізді. Қыстай жұмыссыз ағасының үйінде бос жатқан Мәкіл кінәлі деп табылып, ауданға жөнелтілді. Ауыл балаларының арасында елеусіз жүретін жуас жігіт әскерден былтыр оралған. Күзде бірер ай ағасымен бірге құрылыста қора […]

Әңгіменің мәнісі

                                       Әңгіменің мәнісі   Қазақ баласы тумысынан әңгімеші. Кейде екі-үш адамның басы қосылса шеберлеп әңгіме айтпайтын қазақ кем. Қай жастағысын алсаңыз да біздің қатарда пәлен деген әңгімеші болып еді, майын тамызушы еді-ау деп бастаса таң қалмайсыз. Осы ауызша әңгіме айтуды кәсіп етпей-ақ, отыра қалған жерде бірдеңе айтар-ау деп біреудің аузына қарай қалу әр қазақтың бойында […]

Кінәсіз махаббат

                                        Кінәсіз махаббат   Көшеғұл бойы серейген ұзын, жасы елуді еңсеріп қалған, өз ортасына біршама танылып көп-көрім белгілі болған адам. Оны танитындар көбіне студент кезінде бірге оқығандар, әр жылдары мектепте оқытушы болғанда  қызметтес, не бір кездегі алдынан сабақ алған оқушы жастар, өзінің ауылдас, жақын-жуық, мектепте бірге оқыған қатарластары. Өз қатары мұны еске алғанда:  –Осы Көшеғұл […]