Салтанат Айдарбекова

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жоғары санатты педагог-зерттеуші
Статус этой учётной записи - Принято

Мылқаудың махаббаты

  Мен өмірге келгенде ата-анама қуаныш қана сыйлап қоймай, шексіз қайғыны да қатар ала келдім. Әуелгіде өмірге келген қыздарына бек қуанған ата-анам өсе келе менің мынау әлемнің ғажайып үнін ести алмайтынымды, шақырған азан дауысын, анам дауысын мүлдем естімейтінімді білгенде түпсіз қайғыға батса да, құдайға деген тәубесінен айрылмай, мені осы күйімде қабылдауларына тура келді. Қатарымнан қалдырмай […]

Жаңбырлы күн

Жаңбырлы күн     Қара күз. Жұмыс бабымен Алматыға келгенмін. Күнгейге үйренген жанға Алматының оқтай түзу көшелері қаншалықты түзу әрі көрікті болғанымен өзгеше суық. Қол созым жердегі Алатау да соншалық асқақ, әрі паң. Көзге қуаныш ұялатқан осынша сұлулық  қылықсыз арудай мені аса еліте қоймады. Бұған себеп қаланың қабағы бір ашылмай, түнеріп тұрғандығынан да болар. Жұмыстарымды […]

Жаза

Жаза Өз аяқ дыбысынан өзі қорқа алға жылжыған ол бір сәт біреу ентелеп қуып келе жатқандай артына имене бұрыла қарады. Өрекпіген жүрегі дүрсілдеп, кинодан ғана көретін құбыжықтардай сан елес көз алдында көлбеп тұрып алды. Ентігін басып, қолындағысын мықтап ұстаған күйі алакөлеңке мезетте көзіне ешкім шалынбаса да аса бір сақтықпен әр адымын аңдап басып, ертерек межелі […]

Бұла сезім

Қайран жастық ауылы алыс қалған,Бұла өскен ерке едік асқақ арман.Көрші жігіт көтеріп көк сөмкемдіКелетұғын, әйтсе де сыр ашпаған Сезімдерін сыйдырып жанарына ,Есігімді күзетіп ұзақ таңғаТұрып-тұрып кететін ұяң жігіт,Армандарын жалғап ап арманына. Сезе тұра сезімін сезбегендей,Көре тұра кетуші ем көрмегендей.Сонда дағы қайтпайтын бала ғашық,Періштесі көктегі бір келердей. Бітіргенше мектепті сөмке арқалап ,Хат жазуға батпады бір жапырақ.Деген […]

Мен бақытты іздемеймін

Шайқап ішіп мас болдым ба махаббаттың көзесін? Сәруар мұңға малтыдым ба жеңбей жалған күресін? Бір тағдырға сыймаған соң бақыт іздеп не етейін, Мен бақытты іздемеймін, бақыт мені іздесін! Айлы түнде серт бердім бе бір болам деп мәңгілік? Сезім удан жақұт құрап айта алдым ба ән қылып? От сезімдер түйіскенмен, сүйіспеген пәк едік… Сүю барда қоштасу […]

Жұлдыз аққан түн

  Қыс еді. Біздің ауыл 50-60 үйден ғана тұратын аядай ауыл. Сол жылы қар қалың жауған. Әйтпесе Созақтың желі жауғанын жауғанынша-ақ үрлеп, үйіріп әкетіп, адыр-адырдың басын қарайтып тастайтын. Айсберг секілді үрме қарды үңгіп ойнап, қызығын біз көруші едік. Ауылдың батыс беткейінде сұлудың қос бұрымындай қатар керіліп Қоссеңгір көлбеп жататын. Арғы беткейі – Көкжон. Қысы-жазы дүрс-дүрс […]

Еш себепсіз сүйеді екем сізді мен

Неге жақсы көреді екем күзді мен?Себебі жоқ. Жылы әйтеуір күзгі дем.Қарамастан мың кедергі, сан жылғаЕш себепсіз сүйеді екем сізді мен… Еш себепсіз сізді ойлаймын әр мезет,Еш себепсіз таранамын сән түзеп. Еш себепсіз жанарыма шық тұрып,Еш себепсіз қарайтыным бір сурет… Неге жақсы көреді екем күзді мен?Жазылуда себебі жоқ күзгі өлең.Сізді маған жолықтырған сәттен-ақ,Еш себепсіз сүйеді екем […]

Бірақ сізді ұмыта алғам жоқ әлі

Уақыт менің емдемек боп жарамды,Сізсіз айлар, сізсіз жылдар тоналды.Өткен күнге жіберсем де көп есе,Бірақ сізді ұмыта алғам жоқ әлі… Сізсіз қанша тоналғанмен күзгі бақ,Күзгі бақта өзгешелеу жыр құрап.Жасырғанмен өзге түгіл өзімнен,Сізді әлі сүйетінім шын бірақ. Сізді ойлау болмас,сірә, арға мін?Кім көтерсін сезімімнің салмағын.Тағдырыма таңдау жасай алсам да,Жүрегіме ақыл айта алмадым. Сізсіз қанша атырғанмен құба таң,Сізсіз […]

Жеті ата

  Қарашаңырақтан қонақ үзілмейтін. Мен тоғыз оқығанша апам қолына келін ұстаған емес. Келген кісінің бәрін қабақ шытпай қарсы алып, барын, жылы жұмсағын алдына тосып, қазаны оттан, шәйнегі шоқтан түскен емес. Сонда келетін қонақтар көкемнің ағалары, ағайындары еді. Біз өсіп-өнген үлкен әулетпіз. Арғы бабамыз Бекбауылұлы Тыныбектен тараған ұрпақ бүгінде бір қауым ел болды. Балалық шақтың санамда […]

Тілеулес

Бала күнімде үйде 4-5 ит болатын. Естілігі сонша, малдың шетін қайырып, қораға кіргізіп адамша қолғабыс ететін. Апам итке жуынды құйғанда итаяққа көз тастап қана күтіп жататын. Әудем жерге ұзағанша келмеуші еді. Тіпті жерге түсіп қалған нанды итаяғына салмаса жемейтін. Апам иттің заты сондай болады, жуынды құйғанда қолыңды жалаған итте қасиет болмайды деп, ондай итті асыратпайтын. […]