Санжар Бекжанов

Фотосуретті өзгерту
Фотосуретті өзгерту
глобалды мәселелерге алаңдамаймын. қашанда аздап ішіп алған, тұла бойымнан темекінің иісі бұрқырап, бәріне көлденеңнен қойып жүрем
Статус этой учётной записи - Принято

* * * *

Күздің  тынық бір кешінде, сол бір сәт есіңе түскенде жымиғаныңды ешкімге көрсетпе. Бұл тек екеумізге тиесілі, Құдайға ғана мәлім құпиямыз. Арманға толы, әр сөзі қолмен жазылып, жүрекке таңбадай басылған, хаттардан құралған әлемімізде тек біз ғана қалайық. Қай әлем туралы айтып отырмын? Отқа оранып, күлге айналғалы қашан, бәрінің. Ол жақта бұрынғы «біз» бармыз, оның өзі күмәнді. […]

Оқуға қызықты оқиғалар… (аудармалар)

Бір кездері Бернард Шоу кез-келген әйелді сатып алуға болады деген болатын. Бұл сөзді естіген Ұлыбритания ханымы, Бернардпен кездескенде: – Кез-келген әйелді сатып алуға болады деп айтқан сөзіңіз рас па? – деп сұраған болатын. – Иә, мәртебелім. – Мені де ма? – деп ашуланады ханым. – Сізді де, мәртебелім, – дейді сабырлы қалпын сақтап, Шоу. – […]

Қош бол, Есенин!

27 маусым күні таңертең жаңалықтар тізбегінде Есенин туралы жазбалар мен өлеңдерін көзім шалды. Бірақ, оны оқуға ешқандай құштарым болмады. Сол күні мен ол өлеңдердің осы уақытқа дейін еш әсері болмағанын түсіндім. Кабактарда крестяндардың тағдырына алаңдау, ауыл деген әр кімге бір арман деген не әңгіме ол? Иә, есімде мен де бір кісідей фанат болғам, өлеңдерін жаттағам, […]

Жақсы шығарма жазу үшін 10 нақты қадам

Жақсы шығарма жазу – өте қиын шаруа. Тіпті мүмкін емес дерлік. Әсіресе ешқашан шығарма жазып көрмеген адамға – түнек. Бірақ көбісі бұны түсінбейді. «Иә, әлі сол тақпақтарыңнан машақат тауып жүрсің бе, жазарман?» - деп, сұрауы мүмкін қарапайым адам. «Оданда басқа бір мамандық иегеріп алмайсың ба, Пушкин!» немесе екінші біреу, баламен, ақылы кем адаммен сөйлескендей аянышты түрімен: «О, сен кітап жазасың ба? Әлгі романдар ма? Не деген керемет! Онда сенен ақылды кітаптар күтеміз!» деген сөздердің аяғы жоқ...